Жас кәсіпкер туған ауылын көркейтуге үлес қосып жүр

Арқалыққа қарасты Ашутасты ауылының тумасы, жас кәсіпкер Ернар Зейнуллин 2016 жылдан бері құрылыс-жөндеу жұмыстарымен айналысатын «Дизайн-сервис« ЖК-мен жұмыс істеп келеді. Нұр-Сұлтанда осы салада аздап тәжірибе жинақтаған ол «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының «Бастау бизнес» бағдарламасымен оқып, кәсіптің қыр-сырына үңілген. Сөйтіп, туған жеріне келіп, құрылыс жұмыстарына білек сыбана кірісіп кетіпті.

Бүгінде Ашутастыдағы саябақты жаңғырту жұмыстарын жүргізіп жатыр. Сондай-ақ адамдар жүретін жолды жөндеп, туған ауылының көркеюуіне үлес қосып жүр.

«Ең бастысы, ауылда жұмыссыз жүрген бірқатар адамға жұмыс табылды. Бірақ, бұл, әрине, тұрақты емес. Құрылыс-жөндеу жұмыстары аяқталған соң, тағы да басқа тапсырыстар іздеуіме тура келеді. Осының бәріне үлгеруге тырысамын» дейді жас кәсіпкер.

Ернар Шәріпұлы осы орайда Ашутасты ауылының әкімі Абылай Олжабайұлына алғыс білдіреді. Әкім жастарды барынша қолдауға тырысып, өзге емес, екі қолға бір күрек таппай жүрген жергілікті жастарды жұмылдырып жүр екен. Бұл жұмыстарға да қолдау білдіріпті.

Оның айтуынша, биыл ауылдағы мешіттің іші-сыртын жөндеуді жоспарлап отыр.

«Елбасы «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынды ғой, — дейді жас кәсіпкер. — Нұрсұлтан Назарбаев отансүйгіштік сезімнің кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталатынын қадап айтты. «Еңбек түбі — береке» дегендей, маңдай термен тапқан нанның да дәмі ерекше дәмді болатын секілді. Егер жастарға қолдау көрсетіліп тұрса, біздің де алмайтын қамалымыз жоқ».

Ернар Шәріпұлының айтуынша, егер тапсырыстар түсіп жатса, еліміздің кез келген өңіріне барып, өздерінің сапалы қызметтерін көрсетуге дайын. Ендеше, біз де жас кәсіпкердің ісіне сәттілік тілейміз.

«Дизайн-сервис» ЖК

байланысу үшін тел.: +7 778 225 90 50,

+7 747 798 02 55.

 

Айша БЕК

 

 

 

Мынаны да қараңыз

Дүниежүзілік банк: Қазақстан кедейлене түсуі мүмкін

Коронавирустың таралуымен байланысты дағдағарыс Қазақстанда кедейлік пен теңсіздік деңгейінің жоғарылауына әкеп соғуы мүмкін. Бұл туралы ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *