«Амалымыз қалмады…»: Торғай жұрты тасаттық беріп жатыр

Соңғы кездері еліміздің әр өңірінде құрғақшылық болып, жұрт малынан айырылып жатыр. Қостанай облысында да дала шөбі өртеніп, дауыл соғып, жұртты әбігерге салып жатыр. Әйтеуір табиғат тосын мінезін танытып тұр. Амалы құрыған жергілікті халық діни наным-сенімге жүгініп, тасаттық беріп жатыр деп хабарлайды tobyl-torgai.kz.  

ЭК сайтының жазуынша, құрбандыққа шалатын малды жергілікті тұрғындар әркім шамасы келгенше бес-он мың теңгеден қаржы қосып сатып алыпты. Бүгін сағат 12-де басталған рәсімге Торғай кентіндегі Оспан қожа мешітінің имамдары қатысты.

Жаз бойы жөнді жаңбыр жауған жоқ. Аптапты ыстық күйдіріп барады. Оның үстіне жиі-жиі дауыл тұрып, жайсыздық тудырып тұр. Торғайдың негізгі күнкөрісі — төрт түлік. Қолайсыз ауа-райы жан-жануарларға да оңай тиер емес. Сондықтан, ата-баба нанымына жүгініп, тасаттық беруден өзге амалымыз қалмады, — дейді бастамашылардың бірі кәсіпкер Жалын Омаров.

Бұған дейін Жангелдин ауданында 30 мамырда Көкалатта тасаттық ғұрпы жасалған еді. Бірақ жаңбырдың себелеп өткені болмаса, нөсер жауын болмады. Сондай-ақ 30 маусымда Шилі ауылында да тасаттық беріліп, бір аптадан соң алапат құйын соғып, соңынан жарты сағат нөсер құйған.

Фото: ашық дереккөз

Мынаны да қараңыз

Қостанай облысында әкім асылып қалған

Қостанай облысындағы Пресногорковский ауылдық округінің әкімі Тастемір Тұрсынбаев асылып өлген күйінде табылды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *