Таспа

Димаш Құдайберген «Singer» байқауының 6-кезеңінде жеңіске жетті

Димаш Құдайберген қатысып жатқан «Singer» байқауының 6-кезеңінің нәтижесі белгілі болды деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі. Бұл туралы Қытайдың әлеуметтік желілері жарыса жазып жатыр. Отандасымыз бұл айналымда әлемге танымал әнші Лара Фабианның репертуарынан «Adagio» әнін орындап, бірінші орынды иеленген. «Сүйінші! Димаш тағы шулатты! Бірінші орын! Кеше «Singer» байқауының келесі айналымы өтті. Димаш пианиномен «Adagio» әнін өте жоғары деңгейде орындап, көрермендерді жылатты. Әннің ...

Толығырақ »

Алдағы төрт жылда Астанада 40 мың пәтер салынады

Бұл туралы бүгін xалық алдында есеп беру кездесуінде Астана әкімі Әсет Исекешев мәлім етті деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Айта кеткім келеді, 2007 жылы тұрғын үй кезегінде 7 мың адам тұрды, қазір кезекте 44 мың адам тұр. Тек былтырдың өзінде 6 мың адам кезекке енді. Баспанамен барлығын қамту өте қиын. Сондықтан Мемлекет басшысының тапсырмасымен Үкімет тұрғындарға тұрғын үй жағдайын жақсартуға бағытталған «Нұрлы ...

Толығырақ »

Биыл «Кейкі батыр» тарихи монографиясы жарық көреді

Ағымдағы жылы 1916 жылғы ұлт азаттық көтеріліс қолбасшысы Кейкі батырға арналған тарихи монография жарық көреді. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлім етті  деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Мемлекет пен ұлттық тарихымыз үшін 1916 жылғы ұлт азаттық қозғалыстың қолбасшысы Кейкі батырдың бас сүйегінің тарихи отанына қайтарылуы айтулы оқиғалардың бірі болды. Ол ғасыр бойы Санкт-Петербургтегі Ресей ғылым академиясының Антрополоия және ...

Толығырақ »

Үкімет басшысы «Kazakh Invest» ҰК директорлар кеңесін басқарады

ҚР Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев инвестициялар жөніндегі «Kazakh Invest» ұлттық компаниясы директорлар кеңесін басқарады. Бұл туралы бүгін Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында ҚР ИДМ Инвестициялар жөніндегі комитеттің төрағасы Сапарбек Тұяқбаев мәлім етті деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Бұл ұлттық компанияның деңгейі жоғары болады. Инвесторлар тікелей министрлерге жолығуға мүмкіндік алады, сонымен қатар, келісімдерге қол қою бағытында Үкімет басшысына да өздерінің ұсыныстарын айта алады. Осы ...

Толығырақ »

Әріптесіміз жүлдегер атанды

Әріптесіміз — «Тобыл-Торғай» сайтының Ақылдастар алқасының мүшесі, «Нұрлы таң» газеті бас редакторының орынбасары Аслан Қанғожин Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының «Сорос Қазақстан» қорымен бірлесіп «Бюджет ашықтығы мен есептілігі» жобасы аясында ұйымдастырған «Мемлекеттік ашық бюджет» байқауына қатысып, «Үздік үйлесім» номинациясы бойынша марапатталды. Сондай-ақ облыстық «Қостанай таңы» газетінің тілшісі Кенже Қонысбай «Үздік сарап» аталымына ие болды. Әріптестерімізді жеңістерімен құттықтаймыз! tobyl-torgai.kz

Толығырақ »

Қостанай облысы Мемлекеттік кіріс департаментінің қызметкері парамен ұсталды

Қостанай облысы Мемлекеттік кіріс департаментінің қызметкері 3 миллион теңге парамен ұсталды деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Қостанай облысы бойынша департаменті облыстық Мемлекеттік кіріс департаментінің бас маманы — Экономикалық тергеулер қызметінің жедел басқару аға офицері С.Козбаков әшкереленді» деп хабарлады ведмоствоның баспасөз қызметіндегілер. «С.Козбаковтың Қостанай адвокаттары алқасының адвокаты ...

Толығырақ »

Елімізде ет бағасы неге қымбаттап кетті?

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Қайрат Айтуғанов Қазақстанда ет бағасының өсіп кетуі елдегі ауа райының қолайсыздығынан болды деп мәлімдеді деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. «Меніңше, ет бағасы күрт өсті. Біріншіден, сұраныс артты, одан кейін ауа райы әсер етті. Боран болды. Көтерме базарларда ет жетіспеген кезде саудагерлер бағаны көтереді. Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер бағаны көтермейді, көтеретін алып-сатарлар» деді Қ.Айтуғанов Сенат депутаттарымен кездесуден кейін журналистердің сұрақтарына жауап ...

Толығырақ »

Елордада Геннадий Головкиннің 5 метрлік суреті пайда болды

Қазақстанның Street Workout федерациясы Геннадий Головкин мен Дэниел Джейкобс арасында күтіліп отырған жекпе-жекке қатысты 5 метрлік картинаны салды. Онда қазақстандық боксшының 3-раундтың 15-секундында америкалықты нокаутқа жіберген сәті бейнеленген деп xабарлайды ҚазАқпарат. Сурет Астанадағы спорт залдарының бірінің қабырғасына салынды. «Біздің федерация осындай ерекше әдіспен Головкинді Джейкобспен болатын кездесуі алдында қолдағысы келді. Біз оның жеңісіне сенеміз және Головкиннің өз салмағында ең үздік ...

Толығырақ »

Қазақстандықтарды қандай сынақ күтіп тұр?

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қоғам өкілдерімен, зиялы қауыммен және саяси қайраткерлермен кездесті деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Кездесу барысында халыққа өзекті болып отырған әрі конституциялық реформаларға, ауыл шаруашылығы мен мал шаруашылығы, денсаулық сақтау, ғылым мен білім беру, шағын және орта бизнесті дамытуға, сондай-ақ, өткізіліп жатқан жекешелендіруге байланысты экономикалық, әлеуметтік, қоғамдық мәселелер талқыланды. Мемлекет басшысы Қазақстан Тәуелсіздігінің күрделі 25 жылын ...

Толығырақ »

Б.Сағынтаев EXPO көрмесіне қатысты сынға жауап берді

Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев EXPO-2017 көрмесін өткізуге көп қаражаттың жұмсалып жатқанына қатысты сынға жауап берді деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. «Алда үш ай EXPO көрмесін өткізу керек. Мен түсініп отырмын, адамдардың көпшілігі неліктен сонша қаражаттың жұмсалғанын түсінбей жатады. 13 миллиард теңге бар, оның ішінде Алматыдағы Универсиада ойындарын өткізу барысында үнемдеген 4 миллион теңге бар. Сол үнемдеуден Алматы туралы қандай әсер қалды? EXPO көрмесін ...

Толығырақ »