Таспа

Қостанайлық тәрбиеші балаларды ұрған: желіде тағы бір видео пайда болды

Желіде әуелі мұғалім ұл баланы ұрып, оны кілем бойымен қолынан сүйреп, орындыққа отырғызып жатқан кадрлар пайда болды. Алайда кейінірек бұл видео архивтен тәрбиеші басқа балаға қол көтергеннен кейін анықталғаны белгілі болды, деп хабарлайды ORDA.KZ. Рамишка қасықты түсіріп алған, ол оған айқайлап, қасықты итке бергендей лақтырады. Рамишка екі қолын бетіне жақын ұстап жылайды. Мұғалім оны ұрып, тырнап алады, — дейді зардап ...

Толығырақ »

Қостанайда пәтерден қарасора өсіретін фитозертхана анықталды

Қостанайда полицейлер қарасора өсіретін фитозертхананы анықтады, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Лабораторияны жергілікті тұрғын екі бөлмелі пәтерде ұйымдастырған. Тінту кезінде полицейлер жалпы салмағы 12,5 келі болатын қарасора бұталарын тәркіледі. Мұнда арнайы жабдықтар да (жарық және диодты шамдар, термометрлер, желдеткіштер, ылғалдылықты өлшеу құралдары) болды. Қостанай облыстық ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 2 ер адамды ұстады. Фитозертхана құрамында есірткі заттары бар қарасора ...

Толығырақ »

Биыл Қостанай облысында су тасқыны қаупі бар

«Қазгидромет» РМК 2024 жылғы су тасқыны бойынша негізгі болжамдарын жариялады, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Қазақстанның жазық өзендеріндегі көктемгі су тасқыны ағынының күтілетін көлемі гидрометеорологиялық бақылаулар мен өлшеу деректеріне сәйкес жасалды. «Қазгидромет» РМК өңдеген «NASA» спутниктерінің Жерді қашықтан зондтау суреттері бойынша 2024 жылғы 1 наурыздағы жағдайға сәйкес, Қазақстанның 72% аумағында қар жабыны бар. Жауын-шашын мөлшерін, қардағы су қорын, топырақтың күзгі ылғалдығы көрсеткіштерін, ...

Толығырақ »

Қостанайда балабақша тәрбиешісі сәбиді ұрған

Қостанайдағы балабашалардың бірінде тәрбиеші кішкентай бүлдіршінге қол көтерген. Бұл фактіні Қостанай облыстық Білім басқармасы растады. Видеоның астындағы жазбада оқиғаның бөбекжайда болғаны жазылған. Ал білім басқармасының хабарлауынша, тәрбиеші жұмыстан босатылған. Өкінішке қарай, мұндай оқиға болды. Ал тәрбиеші жұмыстан босатылды. Бұдан әрі істі құқық қорғау саласының өкілдері қарайды, — деп мәлімдеді өңірлік Білім басқармасының өкілдері. Аянхан ҮМБЕТ, Astana IT University 2 курс студенті ...

Толығырақ »

Қостанайда түн ішінде ауруханадан шығып кеткен зейнеткердің денесі табылды

Қостанайда 68 жастағы тұрғынның денесі табылды. Алдын ала болжам бойынша ол суықта үсіп өлген. Бұл туралы облыстық ПД баспасөз қызметінен мәлім етті. Департаменттің хабарлауынша, зейнеткер әйел 29 ақпан күні түн ішінде қалалық ауруханадан шығып кетіп, үйіне оралмаған. Оны іздеуге полицияның жеке құрамы мен еріктілер және кейбір Қостанай тұрғындары жұмылдырылған. Сол күні кешкі сағат 19:30 кезінде Станционная көшесі маңынан денесінде зорлық-зомбылық ...

Толығырақ »

Қостанай облысына сегіз бас Пржеваль жылқысы әкелінеді

Биыл маусымда Қазақстан Чехия астанасы Прагадан 8 бас Пржеваль жылқысын әкеліп, жерсіндірмек. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы Данияр Тұрғамбаев айтты, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz.  Қостанай облысы аумағындағы «Алтын дала» резерватының көлемі 490 мың гектарды құрайды. Ғылыми жұмыстар жүргізіледі. Бастапқы уақытта 8 бас Пржеваль жылқысын әкелу, 3-4 жылдан кейін оның санын 40 басқа ...

Толығырақ »

Василий Левит Астана қаласы Спорт басқармасының басшысы болып тағайындалды

Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы лауазымына Василий Левит тағайындалды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Ол 1988 жылы Қостанай облысында туған. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, екі Олимпиялық ойындарға  қатысқан. 2016 жылғы Олимпиаданың күміс жүлдегері, әлем чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері, Қазақстан тарихындағы алғашқы үш дүркін Азия чемпионы, Азия чемпионатының екі дүркін жүлдегері, бокстан халықаралық және ұлттық жарыстардың бірнеше ...

Толығырақ »

Қостанайда аутизммен ауыратын балаларға арналған жаңа орталық ашылды

Ғимарат «Самұрық-Қазына»АҚ компаниялар тобының қаржылай қолдауымен іске қосылды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Іс-шараға Қостанай облысының әкімі Қ.Ақсақалов пен Г. Ауғанов, «Самұрық-Қазына»АҚ Корпоративтік басқару, әлеуметтік-еңбек қатынастары және еңбекті қорғау жөніндегі басқарушы директоры қатысты. Мұнда 1,5 жастан 18 жасқа дейінгі балалардың ата-аналарына да көмек көрсетіледі. Түрлі терапия кабинеттері, сондай-ақ әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау, психолог және дефектолог кабинеттері жұмыс істейді. Облыста осы орталықты ашу бастамасы қолдау ...

Толығырақ »

Қостанай облысында металл қабылдау пунктіне қарақшылық жасаған күдікті ұсталды (ВИДЕО)

Қостанай облысында полиция қарақшылық жасаған күдіктіні ұстады, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. 24 ақпанда күндіз күдікті Қостанай ауданының металл қабылдау пункттерінің біріне қарумен барып, 792 мың теңгені иемденіп, қашып кеткен. Оны іздестіру үшін арнайы жоспар құрылып, іздестіру жұмыстары ұйымдастырылды. Сондай-ақ автокөліктер тексерілді. Біз күдіктіні Рудный қаласында ұстадық. Тапанша, ақша, балаклаваға ұқсас затты тәркіледік. Барлық қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қару бойынша сараптама ...

Толығырақ »

Қостанай тұрғыны екі жастағы баласының өліміне дәрігерлерді кінәлап отыр

Қостанайда ауруханада көз жұмған екі жастағы сәбидің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалып, кешенді сараптама тағайындалды. Қала тұрғыны Мақпал Баймұхаметова баласының өліміне дәрігерлерді кінәлайды, деп хабарлайды Астана телеарнасы. Былтыр желтоқсан айында екі жастағы Асан ларингит ауруымен облыстық ауруханаға жеткізілген.Бір тәуліктің ішінде бүлдіршіннің тамағындағы дерт, өкпе қабынуына ұласады да беймәлім жағдайда жан тапсырады. Медициналық және фармацевтикалық бақылау мекемесінің тексеріс нәтижесімен келіспейміз.Өйткені олар қызметкерлердің түсініктемелері ...

Толығырақ »