Таспа

Президент Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақаловты қабылдады (ВИДЕО)

Мемлекет басшысы Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақаловты қабылдады, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz Ақордаға сілтеме жасап. Президентке Қостанай облысының былтырғы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есеп берілді. Облыс әкімі 2023 жылдың қорытындысы бойынша өңірдің негізгі макроэкономикалық өсім көрсеткіштерінде оң динамика байқалатынын баяндады. Атап айтқанда, өңдеу өнеркәсібі 11 пайыз, құрылыс саласы 7 пайыз, негізгі капиталға салынған инвестиция 8,5 пайыз, көлік тасымалы 3 пайыз, тұрғын үйді пайдалануға ...

Толығырақ »

Арқалықтан анасын іздеген Жәнібек: Осы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды

Сонау Бельгиядан Арқалыққа келіп, анасын іздеген Жәнібектің оқиғасына орай қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Бұл туралы әлеуметтік желіде журналист Қымбат Досжан жазды. — Достар, Астанадан Арқалыққа жолға шықтық. Бұл сапардың басты мақсаты – қылмыстық іс қозғалды. Қазір он шақты әйелге күдік түсіп тұр. Мен Жәнібектің заңды өкілі ретінде қылмыстық іс аяқталмайынша, барлық мәліметті жариялауға құқылы емеспін. Тиісті құжаттарға қол қойдық. ...

Толығырақ »

Бибігүл Аққожина сенатор болып сайланды

Парламенттің жоғары палатасында Қостанай облысында өткен сайлауда жеңген Бибігүл Аққожина ант берді, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Сенат депутаты Бибігүл Аққожинаны Парламент Сенатының тұрақты комитетінің құрамына сайланды. Бибігүл Аққожина 1971 жылы туған. Қостанай мемлекеттік университетін психология пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша бітірген. Әр жылдары Қостанай облысы әкімдігінің Ішкі саясат басқармасының талдау және мониторинг бөлімінің басшысы, басқарма басшысының орынбасары, Қостанай қаласы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған. Қостанай облысы әкімдігі ...

Толығырақ »

Қостанай облысының көкейкесті он проблемасы

Қостанай облысының қазіргі күнгі шешуді қажет ететін басты он проблемасы: 1) ауыз су мәселесі, Қостанай облысы ауыз сумен қамтамасыз етілу деңгейі бойынша республикамызда ең соңғы орын алатын өңір. Қазіргі қарқынмен сумен қамтамасыз ету әлі созылатын түрі бар. Бәлкім облыс бойынша жеке бағдарлама қабылдау керек; 2) Интернет, ұялы байланыс мәселелері. Облыстың аумағында, әсіресе ауылдық жерлерінде Интернетпен, ұялы байланыспен қамтамасыз етілу өте ...

Толығырақ »

Қостанайда 42 тұрғын үй, мектеп және әуежай жылусыз қалды

Қостанайда жылу желілерінің үш рет жарылуы салдарынан 122 үй, мектеп және халықаралық әуежай жылусыз қалды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Желтоқсанның 20-сы күні таңертеңнен бері жергілікті жылу-энергетика мекемесі жылу желілеріндегі апатты жою туралы үш хабарлама жариялады. Осының салдарынан қаладағы барлығы 122 үйде батареялар сөндірілді. Сондай-ақ тізімде №29 мектеп пен халықаралық әуежай ғимараттары бар. Қобыланды батыр даңғылының бойындағы №20 жылу магистраліндегі апат салдарынан ...

Толығырақ »

Рудный-Қостанай тасжолындағы апат: айыпталушы тарап араша сұрайды

Қазір Қостанай облыстық сотында 2021 жылдың қарашасында Рудный-Қостанай тасжолында 3 адамның өмірін жалмаған жантүршігерлік жол апатына қатысты аппеляциялық сот үдерісі өтіп жатыр, деп хабарлайды Halyq Uni. Куәгерлердің айтуынша, Kia автокөлігі алдында келе жатқан lada priora-ны басып озғысы келгенде жанай соғып, қарсы бағыттағы басқа көлікпен бетпе-бет соқтығысқан. Апат салдарынан Kia-ға соғылған көліктегі 3 адам ауруханада көз жұмған болатын. Содан кейін осы ...

Толығырақ »

Тіл комитеті назарына!

Қостанай облысы Білім басқармасына қарасты мектептер туралы қарап отырып, мынадай қызық жайтқа назар аудардым, облыста 454 мектеп бар болатын болса, сол мектептер орналасқан мынадай елді мекендер атаулары құдды Қазақстандағы емес, Ресей не Украинада жүргендей әсер береді екен. Сонымен қатар, Қостанай облысында бірнеше Сарыкөл, Қарасу, Шилі, Убаган (Обаған) атты елді мекендер мен Тобыл атты ауыл мен қала да бар екен. Бір ...

Толығырақ »

Торғайда отыз жетінің ойраны қалай басталды?

Бұрынғы Кеңес Одағы деп аталатын ұлы державаның ішінде Қазақстан, әсіресе, қазақ халқы оның таңдаулы өкілдері, ұлтымыздың мақтаныштары мен қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылар сталиндік зұлматтың адам айтқысыз қасіретін басқа республикаларға қарағанда бірнеше еселенген қатыгездікпен басынан өткізді. Оның ішінде 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысының ошағы болған Торғай елінде 1937-1938 жылдардың зобалаңы мыңдаған адал адамның өмірін қиып жіберді. Сол бір сұрапыл жылдардың жазықсыз құрбандары «халық ...

Толығырақ »

Қарасу ауданы тұрғындарының сібір жарасын жұқтырғаны рас па?

Қостанай облысының тұрғындары сібір жарасын жұқтырған адамның қорқынышты кадрларын таратып жатыр, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz Alau.kz сайтына сілтеме жасап. Әлеуметтік желіде Қарасу ауданында адамдар сібір жарасына шалдыққаны туралы виедо тарады. Ауданда блокбекеттер орнатылып, ІҚМ-ді өртеп жатқаны айтылған. Қарасу ауданының әкімдігі, сондай-ақ облыс әкімдігі Ветеринария басқармасының «Қарасу ауданының ветеринариялық станциясы» КМК бұл деректі растамады. Қарасу ауданының аумағы туралы тараған ақпарат шындыққа жанаспайды, ...

Толығырақ »

Ерлан Жаулыбаев Қамысты ауданының әкімі болып тағайындалды

Ерлан Жаулабаев Қостанай облысы Қамысты ауданының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Ерлан Әлімбайұлы Жаулыбаев 1978 жылы туған, Қостанай облысының тумасы, қазақ, білімі жоғары, 2001 жылы Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін инженер-механик мамандығы бойынша, 2017 жылы Міржақып Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетін экономика және бизнес бакалавры мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 2001 жылдың маусымынан Қостанай бизнес және басқару колледжі ...

Толығырақ »