Таспа

Қостанайда дәрігер мамандар тапшы

Қостанай қаласында дәрігерлер тапшы. Бұл туралы қала әкімі Қайрат Ахметов тұрғындарға есеп беру кездесуінде айтты деп хабарлайды tobyl-torgai.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. «Былтыр Қостанай қаласына облыстың басқа өңірлерінен 106 дәрігер келді. Оларға тиісті жағдайлар жасалып, көтермеақы төленді. Бірақ, соған қарамастан, қалада дәрігер тапшылығы байқалады. Қазіргі уақытта қала емханаларына 187 дәрігер жетіспейді» деді қала әкімі. Кездесуде айтылғандай, биыл қалада жол жөндеу жұмыстарына ...

Толығырақ »

Қостанай облысында тауық еті мен жұмыртқа бағасы қымбаттап кеткен

Бүгін Үкімет отырысында  Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру шаралары бойынша баяндама жасады. «2019 жылы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы 10,4 %-ды құрады. Биылғы қаңтар айы мен өткен жылдың қаңтарын салыстырғанда маусымдық баға өсімі 0,3%-ға өсті, бұл — 2 есеге аз. Мұны өткен жылдың алғашқы айында бағаның өсуімен байланыстыруға болады. Бағаның өсу себептері ...

Толығырақ »

Қостанайда мас жүргізушілер азаймай тұр

Қостанай облысында 2020 жылдың 1 ақпанынан бастап 21 мас жүргізуші ұсталды. Сол себепті облыстық Полиция департаментінің басшысы Бекет Аймағамбетов патрульдер санын екі есеге арттыруды тапсырды деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бүгін патрульдік полиция қызметімен өткен кеңесте облыстық Полиция департаментінің бастығы Бекет Аймағамбетов өңірде маскүнемдікпен күрес жөніндегі акцияның басталғанын хабарлады. Сонымен қатар патрульдер санын екі есеге арттыруды тапсырды. Өткен аптада мас жүргізушілерді анықтауға ...

Толығырақ »

Қостанай облысында 159 ауыл дербес бюджетке көшті

Қостанай облысында тұрғындар саны 2 мыңнан асатын 150-ден астам ауыл жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджетіне көшірілді деп хабарлайды ҚазАқпарат. Облыс әкімдігінде өткен аппарат жиынында облыстық Қазынашылық департаментінің былтырғы жұмысы қорытындыланды. Департамент басшысы Ерлан Ошақбаевтың айтуынша, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қостанай облысында тұрғындар саны 2 мыңнан асатын 45 ауылдық округ жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджетіне көшкен. «Биыл осындай 159 ауылдық ...

Толығырақ »

Қостанай облысында бүтін бір ауылдың тұрғындары ауызсусыз отыр

Қостанай облысы орталығының іргесіндегі Садовый ауылы ауыз сусыз отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».  Кеңес заманында салынған желі 1990 жылдары істен шыққан соң әркім ауласынан ұңғыма қазып пайдаланған. Бірақ өткен жазда ылғал аз болып, сол ұңғымалар да кеуіп қалыпты. Ал қала жағдайына бейімделіп салынған қос қабатты үйлердің тұрғындарына тіпті қиын. Ұңғымадан су шығып тұрғанда сапасыз болса да, көпшілігі соны тұтынып келді. Ал ...

Толығырақ »

Қостанайда биыл 29 көпқабатты тұрғын үй жөнделеді

Қостанай қаласында бірнеше көпқабатты үй жаңғыртудан өтеді. Бұл туралы Архимед Мұхамбетов Instagram парақшасында жазды. Белгілі болғандай, облыс әкімі Қостанай қаласының бірқатар нысанын аралаған. Алдымен Қобыланды батыр даңғылына барды. Осы жылы мұнда инженерлік және электр желілерін күрделі жөндеу, үй аумақтарын абаттандыру жоспарлануда. «Алтынсарин көшесі мен Абай даңғылындағы тұрғын үйлердің қасбеттері мен жұмсақ шатырларын жөндеу жұмыстарымен таныстым. 2020 жылы 29 көпқабатты тұрғын ...

Толығырақ »

Қостанайда екі мектепке Абай мен Ыбырай Алтынсариннің есімдері берілді

Қостанай облыстық мәслихатының кезектен тыс сессиясында ономастика мәселелері қаралды. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. Мәслихаттың кезектен тыс сессиясында облыстық Тілдерді дамыту басқармасының басшысы Гүлжан Мендекинова ономастика мәселелері бойынша баяндама жасады. Оның айтуынша, Парламент Мәжілісінің бір топ депутаты және облыстың зиялы қауым өкілдері Қостанай қаласындағы Василий Чекмарев атындағы көшеге көрнекті қоғам қайраткері Орал Мұхамеджановтың есімін беру жөнінде Қостанай қаласы ...

Толығырақ »

Еліміздің полицейлері ерлікпен қаза тапқан әріптесінің отбасына көмектесті

Қазақстанның патруль полиция қызметкерлері ерлікпен қаза тапқан полицей Дархан Базарбаевтың отбасына көңіл айтып, материалдық көмек көрсетті деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Елдегі барлық патруль полициясы атынан СҚО жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығы Ерлан Мәдиев Дарханның туған жеріне келді. «Әріптесіміздің қазасы — бүкіл полиция қызметіне ортақ қайғы деп біліңіздер. Орны толмас жағдайға қайғырып көңіл айтамыз. Қазақстандағы ...

Толығырақ »

Қостанай әуежайында Қытайда таралған коронавирусқа байланысты оқу-жаттығу өтті

Қостанай облысының Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің қызметкерлері әуежайдың ұшып келу залында инфекция ошағын оқшаулау және жою бойынша оқу-жаттығу өткізді деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  Оқу-жаттығу жоспарына сәйкес, «Нұрсұлтан – Қостанай» рейсі ұшағының бортында денсаулық жағдайының нашарлауына шағымданған науқас әйел ұшып келді. Жолаушылар ұшып келу залына шыққан кезде санитарлық-карантиндік пункттің қызметкерлері байланыссыз термометрия ...

Толығырақ »

Қостанайда автокөлік құрастыру көлемі артады

Қостанай облысында автомобиль өндірісінің көлемі артады. Бұл туралы облыс әкімі Архимед Мұхамбетов instagram парақшасында жазды. Архимед Мұхамбетов «Аллюр компаниялар тобы» АҚ мен Өзбекстан Республикасындағы машина жасау көшбасшысы – «Узавтосаноат» АҚ басшылығымен келіссөздер жүргізді. Айта кетейік, «Узавтосаноат» АҚ — Chevrolet және Ravon маркалы автомобиль шығаратын өзбек холдингтік компаниясы. «Келіссөздер барысында автомобиль құрастыру саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері талқыланды. «Аллюр компаниялар ...

Толығырақ »