Таспа

Қостанай облысына биыл 1700-ге жуық адам қоныс аударады

Биыл Қостанай облысына 1700-ге жуық адам көшіп келеді. Олармен әлеуметтік келісімшарттар жасалады деп хабарлайды ҚазАқпарат. Облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметіне сүйенсек, биыл Қостанай облысында еңбек ресурстарын оңтайландыруды көздейтін өңірлік квотаға 1651 адам іліккен. Оның ішінде 1 мыңнан астамы қоныс аударушы, «Серпін» әлеуметтік бағдарламасының 36 түлегі және шет елден оралған 350 қандасымыз бар. «Қостанайға қоныс аударушылардың дені ...

Толығырақ »

Қостанай облысында көктайғақ болады

Қостанай облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды. Бұл туралы «Қазгидромет» өкілдері хабарлады. «17 қаңтарда Қостанай облысында бұрқасын күтіледі. Кей жерлерінде тұман, көктайғақ, тұман, таңертең және күндіз күшті қар жауады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, жылдамдығы 23-28 м/с. Ал Қостанай қаласында 17 қаңтарда бұрқасын, көктайғақ, оңтүстік-батыстан жел тұрып, күші 15-20 м/с жетуі ықтимал» делінген хабарламада.      

Толығырақ »

Биыл Қостанай облысында 16 мың жұмыс орны ашылады

Биыл Қостанай облысында «Еңбек» бағдарламасына бөлінетін қаржы көлемі өсті. Бұл туралы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Гүлнар Әбенова баяндап берді деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасаған tobyl-torgai.kz. 2020 жылы «Еңбек» бағдарламасы шеңберінде шағын несие беруге бөлінген қаражаттың жалпы сомасы 8,4 млрд теңгені құрайды. Барлығы 526 жобаға қолдау көрсетіледі. Бұл жоспарды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бекіткен. «Өңірде ...

Толығырақ »

Арқалықта колледж директоры қаржы жымқырғаны үшін жазаланды

Қостанай облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі облыс әкімдігі Білім басқармасының «Арқалық политехникалық колледжі» КМҚК директоры А.С. Оспановқа қатысты колледж оқытушыларының еңбекақысына қосымша ставкаларды негізсіз есептеу жолымен бюджет қаржысын жымқырды деген күдік бойынша тергеу жүргізді деп хабарлайды tobyl-torgai.kz Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  — 6 қаңтарда Арқалық қалалық сотының үкімімен Оспанов А.С. бюджет қаржысын жымқырғаны үшін кінәлі деп ...

Толығырақ »

Президент Әкімшілігі мемлекеттік жәрдемақының көлемін атады

Президент Әкімшілігі қоғамдық қабылдауының Telegram парақшасы 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілген әлеуметтік саладағы кейбір өзгерістерді түсіндірді деп хабарлайды ҚазАқпарат. Атап айтқанда, «Алтын алқа», «Күміс алқа» наградаларының лауераттарына, «Батыр ана» атағын алғандарға, І, ІІ-дәрежелі «Ана даңқы» орденімен марапатталған көпбалалы аналарға төленетін айсайынғы мемлекеттік жәрдемақының көлемі табысқа қарамастан 16 973 теңгені құрайды. Мүгедек баланы кәмелет жасына толғанға дейін тәрбиелейтін анаға ...

Толығырақ »

Қостанайда бір жылда 20 мың автокөлік құрастырылды

Қостанайда өткен жылы 20 мың автокөлік құрастырылса, оның дені экспортқа шығарылыпты. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне облыс әкімінің баспасөз хатшысы Саят Жүсіпов айтып берген. «СарыарқаАвтоПром» ЖШС жыл сайын өндіріс көлемдерін ұлғайтып жатқан көрінеді. «2019 жылы 20 мың автомобиль құрастырылды. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 2 есе артық. 2018 жылғы 10 айда 9 321 бірлік шығарылған. Кәсіпорын биыл 25 мың автомобиль құрастыруға ниетті. ...

Толығырақ »

Ертең Қостанай облысында жаяу бұрқасын болуы мүмкін — «Қазгидромет»

4 қаңтарда, яғни ертең  Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын болуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. Бұл туралы tobyl-torgai.kz тілшісі «Қазгидромет» өкілдеріне сілтеме жасап хабарлайды. Қостанай қаласында 4 қаңтарда күндіз оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 18 м/с күтіледі. Дабылды ескертудің ықтималдығы — 90-95%.  

Толығырақ »

Бүгіннен бастап Қазақстанда әлеуметтік жәрдемақылар көлемі өзгереді

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап, Қазақстанда әлеуметтік жәрдемақылар көлемі өзгереді деп хабарлайды ҚазАқпарат.  Атап айтқанда, жалпы мүгедектік бойынша әлеуметтік төлем топқа байланысты 32 431-59 872 теңге аралығында төленеді. Төрт немесе одан да көп кәмелеттік жасқа толмаған және күндізгі бөлімде оқитын 23 жасқа дейінгі студент балалары бар отбасыларға әлеуметтік жәрдемақы табыс көлемінен тыс беріледі: төрт бала үшін — 42 496 теңге, ...

Толығырақ »

Елімізде несиелер тағы да кешіріледі

Елімізде 57 мыңға жуық азаматтың несиесін жабуға мемлекет көмектесуі мүмкін. Бұл мақсатқа, ҚР еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетовтің айтуынша, 9,4 млрд теңге сұралып отыр. Бұл туралы sknews.kz хабарлады.  «Өздеріңіз білетіндей, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 5 санаттағы әлеуметтік осал топқа несие жеңілдігі жасалды. Бұл — бірреттік акция. Дегенмен, науқан ресми нормативтік-құқықтық құжаттар тұрғысында 5 қыркүйек аяқталғанымен, көптеген азамат бізге хабарласып ...

Толығырақ »

Қостанай облысында бюджеттік ұйымдар үшін ауызсу бағасы қымбаттайды

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап су тарифі тек бюджеттік ұйымдар үшін ғана қымбаттайды. Бұл туралы «Қостанай-Су» коммуналдық кәсіпорнының директоры Еркебұлан Файзуллаев мәлімдеді деп хабарлайды Қазақпарат. Кәсіпорын директорының айтуынша, тұрғын үй секторлары үшін жаңа жылдан бастап суық су тарифі көтерілмейді. «Біздің кәсіпорын халықтың әлеуметтік тұрақтылығын нығайту бойынша біршама жұмыс атқарды. Бір жағынан тұтынушылар берешегі азайып, қаржыны игеру көрсеткіші артты. Сонымен қатар ...

Толығырақ »