Таспа

Жанкелдин ауданында фронт-офис көмегіне жүгінгендер жұмысқа орналасты

           Жанкелдин ауданы Полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Талғат Сәбитұлы фронт-кеңседе азаматтарды қабылдады. Бұл туралы аудандық «Біздің Торғай» газеті алдын ала хабарлаған болатын. Фронт-кеңсеге үш ауыл тұрғыны келіп, жұмыссыздық мәселесі бойынша жүгінген болатын. Тәртіп сақшылары азаматтардың кәсіп табуына көмектесті. Атап айтсақ, аудан тұрғыны Данияр Мұхамеджанов полиция бастығына біраз уақыттан бері жұмыссыз жүргенін жеткізеді. Мұхамеджановтың мәселесін мұқият ...

Толығырақ »

Президент Қостанайдағы қазақтілді мектептің мәселесін шешуді тапсырды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанайдағы қазақ тілінде білім беретін мектепке қатысты мәселені шешуді тапсырды. Бұл туралы Мемлекет басшысы Twitter желісіндегі парақшасында жазды. «Жергілікті тұрғындардың пікіріне қарағанда, Қостанайдағы қазақ тілінде білім беретін жалғыз мектепке қатысты күрделі жағдай қалыптасып отыр. Білім министрі және облыс әкімі барлық мәселені жаңа оқу жылына дейін шешуі тиіс» деп жазды Президент.

Толығырақ »

Қостанай облысы толықтай цифрлық хабар таратуға көшті – Зәуре Байменова

Қостанай облысы цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратуға көшті деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасаған tobyl-torgai.kz.  Облыстық Ішкі саясат басқармасының басшысы Зәуре Байменова журналистермен өткен брифингте өңірде аналогтық теледидар толығымен ажыратылғанын айтты. «1 шілдеден бастап Қостанай облысы цифрлық хабар таратуға толық өтті. Енді шалғай ауыл тұрғындары теледидарды ең жоғары сапада тегін көре алады. Бұған дейін халық арасында ақпарат-насихат жұмыстарын жүргіздік. Қостанай облысында ...

Толығырақ »

Қостанайлық өнерпаздар қойылымнан түскен қаражатты Арысқа аударды

Қостанай облыстық І.Омаров атындағы қазақ драма театры өзінің ХІХ маусымын қорытындылады. Шығармашылық ұжым өткен кезеңді жемісті аяқтап отыр. Маусым бойынша 7 премьера көрерменге жол тартты. Театрдың көркемдік жетекшісі, белгілі театр маманы Әлия Баймаханның айтуынша, биыл репертуарда тың туындылар көбейіп, фарс, реквием жанрларында қойылымдар сахналанды. «Бұл — жаңа деңгейге шыққанымыз. Бірнеше әріптесіміз лайықты марапаттар алып, төсбелгі тақты. Гастрольдік сапармен Өзбекстанға барып, Түркістан облысын ...

Толығырақ »

Қостанай облысында 15 миллион теңгенің улы химикаттары ұрланды

Қостанай облысында 15 миллион теңгенің улы химикаттары (гербицид) ұрланды. Бұл туралы Хабар 24 телеарнасы хабарлады.  Гербицидтер Варваров елді мекеніндегі қоймадан қолды болды. Жергілікті шаруашылық иесі полиция бөліміне осындай шағым түсірген. Химиялық заттар өсімдік зиянкестерін жоюға арналған. Шығын көлемі 15 миллион тенгеден асады. Қостанай облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, шұғыл-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде екі қүдікті ұсталған. Қазіргі уақытта осы дерекке қатысты ...

Толығырақ »

Сүндет Байғожин Италия сахнасында өнер көрсетті

Қазақстандық опера әншісі Сүндет Байғожин Италия сахнасында өнер көрсетті деп хабарлайды ҚазАқпарат. Мысыр, Румыня, АҚШ сынды әлемнің үздік әншілері «Мадам Баттерфляй» қойылымын италиялық көрерменге ұсынған болатын. Олардың арасында қазақстандың опера әншісі Сүндет Байғожин де бар. «Мадам Баттерфляй» қойылымын алғаш рет сахналап отырғанымыз жоқ. Бұрын «Астана Операда» көрерменге ұсынған болатынбыз. Десек те, бұл жолы жаңашылдық енгіздік. Қойылымның дирижеры Джузеппе Аквавива, режиссеры ...

Толығырақ »

Таран Бейімбет Майлин ауданы болып өзгерді

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.  Қостанай облысының Таран ауданын қайта атау туралы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: Қостанай облысының Таран ауданы Бейімбет Майлин ауданы болып қайта аталсын. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.   Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2019 жылғы 24 маусым № 29

Толығырақ »

«Жүз жылдық жылнама»

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада Ел газеті — «Egemen Qazaqstan» басылымының 100 жылдық мерейтойына арналған «Жүз жылдық жылнама» атты 5 томды жинақтың тұсауы кесілді деп хабарлайды egemen.kz тілшісі. «Egemen Qazaqstan» республикалық газеті» АҚ Басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлінің айтуынша, 1919-1976 жылдар аралығын қамтитын 5 томдық жинақ әзірге 2000 данамен таралып отыр. «1919 жылы «Ұшқын» деген атпен шыға бастаған басылым әр жылдары түрлі атпен ...

Толығырақ »

Қасым-Жомарт Кемелұлы көш бастады

Кеше жария болған Exit poll нәтижесі бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев 70 пайыздан жоғары дауыс жинап, көш бастады.  «Қоғамдық пікір» институтының кеңес төрайымы Айнұр Мәжитова елордада өткен брифингте Қасым-Жомарт Тоқаев 70,13%, Әміржан Қосанов — 15,39%, Дания Еспаева — 5,32%, Жамбыл Ахметбеков — 3,86%, Төлеутай Рахымбеков — 3,03%, Амангелді Таспихов — 1,41% және Сәді-Бек Түгел — 0,86% дауысқа ие болды деп хабарлады.

Толығырақ »

Қостанай облысының әкімі Instagram желісіне тіркелді

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Instagram әлеуметтік желісіне тіркелді деп хабарлайды ҚазАқпарат. Облыс басшысы желідегі алғашқы жазбасында тұрғындарды ашық диалог құруға шақырды. «Құрметті Қостанай облысының тұрғындары мен қонақтары! Халықпен өзара іс-қимылдың жаңа форматына кіре отырып, мен Instagram әлеуметтік желісіне тіркелдім. Әлеуметтік желі тұрғындармен ашық және тікелей қарым-қатынас жасауға өте ыңғайлы. Менің ойымша, біз оқырмандармен бірге біздің облыстың одан әрі даму перспективаларын ...

Толығырақ »