Таспа

Наурызда ауа райы қандай болады?

Синоптиктер 2018 жылдың наурыз айына арналған консультациялық ауа райы болжамын бөлісті деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Қазгидромет» республикалық-мемлекеттік кәсіпорнына сілтеме жасап. Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанның оңтүстігіне көктем уақытылы келсе, солтүстігінде қыс мезгілі әлі кетуге асықпайды. Бірінші онкүндіктің басында және соңында Ресейдің Еуропалық аумағынан келетін суық антициклонның әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде күн едәуір суытатын болады. Республиканың кейбір аудандарында фронталдық бөлімдердің өтуіне байланысты (жаңбыр, ...

Толығырақ »

Қостанайдың бірнеше көшесінің тұрғындары ауызсусыз қалды

Облыс орталығындағы бірнеше көшедегі тұрғын үйлер ауыз судан ажырады деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. «Қостанай Су» коммуналдық мекемесінің баспасөз хатшысы Мая Ақбасованың айтуынша, ауыз судың тоқтатылуына апаттық жағдайлар себеп болған. «26 ақпан күні таңғы 07:38-де Амангелді-1 мамыр көшелерінің қиылысындағы құбыр желісінің істен шыққаны туралы хабар келіп түсті. Мамандар су беруді тоқтатты. Сол себепті бірнеше көшенің бойындағы тұрғын үйлер ауыз судан ...

Толығырақ »

Қостанайда үш ер адам «Тополек» дүкенін тонап кетті (видео)

Қостанайда үш ер адам қала орталығында орналасқан дүкенге баса-көктеп кіріп, кассадағы ақшаны жымқырып кетті деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі «Наша газета» басылымына сілтеме жасап. Оқиға бүгін түнде — 28 ақпанда болған. Видеодағы кадрлардан дүкенге үш ер адамның кіріп, ондағы қызметкер мен күзетшіні еденге жатқызып жатқаны көрінеді. Олардың екеуі күзетшіні ұстап тұрған, ал үшіншісі қыздан кассаны ашып, ақшаларды беруін талап еткен. Басылымның ...

Толығырақ »

0-сынып 2020 жылы енгізіледі — Білім және ғылым министрі

Бүгінгі Үкімет отырысында Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев нөлінші сыныпты енгізудің неліктен 2020 жылға ауыстырылғанын түсіндірді деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі Baq.kz-ке сілтеме жасап. Министрдің айтуынша, елімізде жыл сайын 75 мың мұғалім біліктілік курсынан өтеді, 30 мың мұғалім кретериалды бағалау және оқытудың әдістері секілді тренерлік курстарынан өтеді. «Біздің алғашқы жоспарымызда нөлінші сыныпты 2019 жылы енгізу қойылған. Бірыңғай бағдарлама мен мұғалімдер ...

Толығырақ »

Мектептер 100 пайыз цифрлық ресурстарға қосылды — Ерлан Сағадиев

ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев бүгінгі Үкімет отырысында білім берудің жаңа мазмұнына көшу туралы қазақ және орыс тілінде жасаған баяндамасында оқулықтарды сатып алуға қосымша қаржыны қажет ететін өңірлерді атап көрсетті деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі Baq.kz-ке сілтеме жасап. «Орта білім беруде жаңартылған мазмұнға көшу бойынша жұмыстар басталып кетті. Бұл бағдарлама Назарбаев Зияткерлік мектебінде, одан кейін 30 пилоттық мектепте апробациядан ...

Толығырақ »

Қостанайдағы Авиационная көшесіне Кәмшат Дөненбаева есімі беріледі

Қостанай қалалық әкімдігінде Қазақ және Авиационная көшелерін ауыстыруға байланысты қоғамдық тыңдау өтті деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Былтыр бастамашыл топ Қостанай қаласындағы екі көшенің атын ауыстыру туралы қала әкімі Базыл Жақыповқа ұсыныс хат жолдаған-ды. Атап айтқанда, Авиационная көшесіне Социалистік Еңбек Ері Кәмшат Дөненбаева есімін беріп, Қазақ көшесін Әбілсай деп атау ұсынылды. Бүгінгі қоғамдық тыңдауда белгілі ақын Ақылбек Шаяхмет Кәмшат Дөненбаеваның елге ...

Толығырақ »

Мәскеуде қайтыс болған үш азамат Қостанай облысының тұрғындары екен

Мәскеу облысында жүк көлігінің кабинасынан денесі табылған Қазақстан азаматтары туралы жаңа деректер шықты деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «2018 жылғы 24 ақпанда Мәскеу облысының Новоселки елді мекенінен мәйіті табылған үш ер адам Қазақстан азаматтары, 1965, 1968 және 1971 жылғы Қостанай облысының тұрғындары болған» деп мәлімдеді ведомствоның баспасөз қызметі. Министрліктегілердің айтуынша, қайтыс болғандардың туыстарына оқиға туралы ...

Толығырақ »

Қостанай облысында 24 бөгет су тасқынына дайын емес

Қостанай облысының әкімдігінде өткен кезекті аппарат мәжілісінде көктемгі су тасқынына дайындық барысы пысықталды деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Облыс әкімінің орынбасары Сергей Карплюктің айтуынша, өңірдегі су тасқынына қарсы шаралардың жүргізілу барысы мен су нысандарының көктемгі кезеңге әзірлігі тұрақты бақылауда. «Қазіргі уақытта екі мыңнан астам күш құрылымдары мен 826 техника, 83 жүзу құралы, 245 су сорғыш техникасы, жиырма мың тоннадам астам инертті ...

Толығырақ »

Қостанайда 58 жастағы әйел 4-қабаттан құлап кетті

Қостанайда әйел адам 4-қабаттан құлап кетті деп хабарлайды alau.kz. Оқиға 25 ақпанда болған. Бұл мәліметті Қостанай қалалық ауруханасы травмотология бөлімінің меңгерушісі Марал Әбілқасымов растады. Бөлім меңгерушісінің айтуынша, 58 жастағы әйел 4-қабаттан құлап кеткен. «Төтенше жағдайдың салдарынан әйел адам бас ми жарақатын алды. Оған ота жасалды. Қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы ауыр деп бағаланып отыр» деп хабарлады Марал Әбілқасымов. alau.kz

Толығырақ »

Қостанайлық боксшы қарсыласын 1-раундта нокаутқа жіберді

Минскіде өткен кәсіпқой бокс кешінде қостанайлық Жан Кособуцкий өзінің төртінші кездесуіне шықты деп жазады «Біздің Қостанай» газеті. Аса ауыр салмақта өнер көрсететін Кособуцкий бұл жолы украиналық Максим Педюрамен қолғап түйістірді. Педюра кәсіпқой рингке 26 рет шыққан. Осы уақытқа дейін 12 спортшыны нокаутпен жеңді. Минск рингіндегі бәсеке 8 раундқа есептелген. Дегенмен қостанайлық боксшы 1-раундта-ақ қарсыласын нокаутқа жіберді. Осы жеңісінен соң Жан ...

Толығырақ »