Tag Archives: Жанкелдин ауданы

Шота ОСПАНОВ, Жанкелдин ауданының әкімі: Цифрландыру жұмыстары жалғаса береді

Жанкелдин ауданы облыс орталығынан тым шалғайда жатыр. Соған қарамастан бұл өңірде де «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы батыл жүзеге аса бастады. Бұл туралы Аймақтық коммуникациялар қызметіндегі брифингте аудан әкімі Шота Оспанов ақпарат берді. «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында ауыл шаруашылығы саласына басымдық берудің маңызы зор. Бүгінде ауданда 29 мың гектар егістік алқап түгелдей цифрландырылды. Қазір аудан шаруашылықтары жайылымдарды цифрландыруды жүзеге асыруды қолға алып ...

Толығырақ »

Арқада жер еркесі Қызбел деген…

Туған жерге деген сағыныш көңілді тербеп, ойыңа оралып көпке дейін соңыңнан қалмайтын кездер болады. Ондайда ел жаққа аңсарын ауады да тұрады, ауады да тұрады. Арпалысқан қала тіршілігі арасынан анда-санда ауылдағы ағайынның бірін кездестіре қалсаңыз, шұрқұраса қауышатын қасиет сіздерде де бар болар. Бұл, сірә, ауыл топырағынан нәр алған әрбір азаматтың бойынан табылар. Туған жерге бүйрегі бұрып тұратын адам, кіндік қаны тамған ...

Толығырақ »

Торғайда дүбірлі той басталды

Бүгін Жанкелдин және Амангелді аудандарының 90 жылдық торқалы тойы басталды. Торғайлықтардың төл мерекесіне елдің әр қиырынан көптеген мейман келді. Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов те арнайы барды деп хабарлайды Тобыл-Торғай-ақпарат. Жангелдин ауданында аймақ басшысы және Төлен Әбдік, Кенжеғали Сағадиев, Сапар Ысқақов, Сайлау Байзақов бастаған белгілі тұлғалардың қатысуымен «Торғай елі – тұлғалар мекені» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті, сондай-ақ, қазақ күресінен, «Торғай ...

Толығырақ »

ҮКІМЕТ 100 ЖЫЛДЫҚҚА ТАРТУ ЕМЕС… ТАЖАЛ СЫЙЛАМАҚ ПА!?.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевқа АШЫҚ ХАТ Аса құрметті де қадірлі Нұрсұлтан Әбішұлы! Өзіңіз бастаған, елдің еңсесі мен рухын көтерген «Рухани жаңғыру» аясында Қазақстандағы қасиетті жерлерді анықтап, сол тарихи мекендерді қадірлеп, сақтау бойынша республика көлемінде жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Сондай киелі өңірдің бірі – тарихы терең Торғай даласы. Бүгінгі Тәуелсіз Қазақстанның бастауында тұрған Алаш қозғалысына биыл 100 жыл толды. Әлем көз тіккен ...

Толығырақ »

Торғай жерін зымыран қалдықтарымен толтырмақ немесе Мұхамбетовтің мұнысы несі?..

Күні кеше Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов, ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов, ғарышкер Айдын Айымбетов Жанкелдин ауданының орталығы Торғай селосына келіп, «Байқоңыр» ғарыш айлағынан «СОЮЗ-2» ғарыштық мақсаттағы зымыранды ұшырудың еліміздің қоршаған ортасына әсерін бағалауға арнап жиын өткізгенінен көзіқарақты оқырман хабардар.  Өкінішке қарай, сол жиында Жанкелдин ауданы аумағынан, нақтырақ айтсақ, Шөптікөл мекенінен зымыран қалдықтарын құлату үшін 76 мың ...

Толығырақ »

Қостанайда Шақшақ Жәнібекке ескерткіш орнатылуы мүмкін

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовтің Аманкелді ауданынан бастау алған іссапары Жанкелдин ауданында жалғасты деп хабарлайды «Қостанай таңы» газетінің тілшісі. Аймақ басшысы алдымен 2015 жылы күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген су бөгетінің жай-күйімен танысып, көктемгі су тасқынының алдын алу мақсатында жасалып жатқан бірқатар сақтық шарадан хабардар болды. Одан кейін “Топжарған” спорт кешеніндегі жаңадан пайдалануға берілген күрес залына соғып, сапалы жасалған құрылысына көңілі ...

Толығырақ »

Мылтықбай Ысмағұлды неге елеусіз қалдырдық?!

  29 қараша, яғни ертең торғайлық белгілі журналист Мылтықбай Ысмағұлдың туғанына 60 жыл толады. Еліміздің әр түкпірінде журналист болып қызмет етіп жақтан кейбіріміздің кезінде дәл осы Мылтекеңнің шарапатын көргенімізді жасыра алмаймыз. Бойындағы Алла берген талантымен-ақ өзіне еліктіріп, қолымызға қалам ұстауға, жазу жазуымызға ықпал еткені өтірік емес. Сол үшін де қарымды қаламгерге еліктеп өстік. Аудандық газет редакциясына бас сұққан сайын қағазға ...

Толығырақ »

Фурманов ауылы неге Кейкі батыр есімімен аталмай отыр?!

Кейкінің кесенесі Торғай өңіріндегі Амангелді ауданының «Жалаулы» деген жері үлкен көтерме жолдың бойында болғандықтан, ерсілі-қарсылы өткен жолаушылардың ел тарихын білетіндері, ата-баба аруағын сыйлайтындары оған автокөлігін тіреп, сондағы Кейкі батырдың бейітінің басына барып, даңқты атасына Құран бағыштайтын. Республикалық теледидардың Торғай өңіріндегі тілшілер қосынының меңгерушісі болып жұмыс істеген жылдары біз де талай рет «Жалаулыдағы» Кейкі батырдың темір шарбақпен қоршалған, цементтен құйып жасалған ...

Толығырақ »