Tag Archives: полигон

ҮКІМЕТ 100 ЖЫЛДЫҚҚА ТАРТУ ЕМЕС… ТАЖАЛ СЫЙЛАМАҚ ПА!?.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевқа АШЫҚ ХАТ Аса құрметті де қадірлі Нұрсұлтан Әбішұлы! Өзіңіз бастаған, елдің еңсесі мен рухын көтерген «Рухани жаңғыру» аясында Қазақстандағы қасиетті жерлерді анықтап, сол тарихи мекендерді қадірлеп, сақтау бойынша республика көлемінде жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Сондай киелі өңірдің бірі – тарихы терең Торғай даласы. Бүгінгі Тәуелсіз Қазақстанның бастауында тұрған Алаш қозғалысына биыл 100 жыл толды. Әлем көз тіккен ...

Толығырақ »

Ресей неге өз жерінде полигон жасамайды?!

Торғайда ашылатын полигон торғайлықтардың ғана емес, жалпы қазақстандықтардың жан жарасына айналатын түрі бар. Кешеге ғана емес пе Семей полигонын жапқанымыз. Әлі де оның зардабы шексіз. «Байқоңыр» ғарыш айлағының да Қызылорда еліне көршілес облыстар экологиясына жағымсыз әсер тигізіп жатқаны шындық. Осы арада бірнеше сұрақ туады. Біріншіден, Президент мороторий жариялады, енді неге жер беру керек?! Әлде бұрын беріліп қойған жер ме?.. Екіншіден, ...

Толығырақ »

Торғай жерін зымыран қалдықтарымен толтырмақ немесе Мұхамбетовтің мұнысы несі?..

Күні кеше Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов, ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов, ғарышкер Айдын Айымбетов Жанкелдин ауданының орталығы Торғай селосына келіп, «Байқоңыр» ғарыш айлағынан «СОЮЗ-2» ғарыштық мақсаттағы зымыранды ұшырудың еліміздің қоршаған ортасына әсерін бағалауға арнап жиын өткізгенінен көзіқарақты оқырман хабардар.  Өкінішке қарай, сол жиында Жанкелдин ауданы аумағынан, нақтырақ айтсақ, Шөптікөл мекенінен зымыран қалдықтарын құлату үшін 76 мың ...

Толығырақ »

Серік ТҰРҒЫНБЕКҰЛЫ Қара тақта

  (Торғай туралы толғау) Кеудемде соғып тұрар сәт басылмай, Мендегі үлкен жүрек – Ат басындай. Кестелеп, Атақ-даңқын жазып қойған Торғайым Мәңгіліктің тақтасындай.   Ұрпағың кенелгенмен бар атаққа, (Мен өзім малданбаймын марапатқа). Тақтаға теңегенмен Торғайымды, Ол бірақ Осы күнде – Қара тақта.   Байлықпен басын байлап осы көптің, Ұрпағын батырлардың жасық еттің… Ақыры Біздің Торғай Бұл заманда Айналды тақтасына Қасіреттің.   ...

Толығырақ »

ТОРҒАЙ ЕЛІНДЕГІ ТОЛҚУ немесе бұрынғы отаршы Ресейдің өкілдері Егеменді елімізде неге еркінсіп, едірейеді?!

Ұлтарақтай болса да Атамекен жер қымбат! Халық даналығы Қазақ халқы ХVІІІ ғасырда болған еліміздің тарихындағы қиын кезең (1723-1725), «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» заманында және Кеңес Одағы кезінде кіндік кескен жерінде аз санды халыққа айналғаны тамыры терең таңбалы тарихымыздан жақсы таныс. Оған басты себеп асты-үсті түрлі байлыққа толы құнарлы жеріміздің келімсіктердің көз құртына айналуы еді. Осы баға жетпес байлығынан да, бетегесі ...

Толығырақ »

Туған жердің мұңын кім мұңдайды, жырын кім жырлайды?!

Әркімге өзінің туған жері ыстық болатыны бесенеден белгілі, және ол ешқандай дау тудырмайтын ақиқат. Сен үшін оның әрбір тасы, сабырмен аққан өзені, сылдырап аққан бұлағы тіпті айдалада өсіп, шашын самал желпіген арудай желмен тербелген жалғыз жидесі, өзендердің бойында ырғатылған талы мен қамысы да ыстық. Олардың үнін тыңдап, өзің туған өлкенің топырағын басып, ауасымен тыныстау жаныңды тербейді. Алыста қалған балалығыңды сағындырады, ...

Толығырақ »

Бейбіт Атамқұлов торғайлық ақсақалдармен кездесуге уәде берді

Торғай даласын зымыран бөлшектері құлайтын алаң ретінде пайдалану мәселесі түбегейлі шешілген жоқ. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдеріне ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов мәлім етті деп хабарлайды tobyl-torgai.kz сайты ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.  «Бұл мәселе әлі түбегейлі шешімін таппаса да қоғам арасында көп көтеріліп жатыр. Жергілікті биліктен де бұл мәселеге қатысты хабар келді. Шынымды айтсам, жер ...

Толығырақ »