Tag Archives: Тоқаев

Қостанай облысының экономикасы жақсы дамып келеді — Мемлекет басшысы

Мемлекет басшысы Қостанай облысына жұмыс сапары аясында егіс алқаптарын аралап, «Заречное ауыл шаруашылығы тәжірибелік стансасы» ЖШС-ның астық жинау барысымен танысты деп хабарлайды tobyl-torgai.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.   Президентке егін орағы науқанының соңғы кезеңі туралы ақпарат берілді. Бүгінге дейін өңірде дәнді дақылдардың 3,1 млн гектары немесе 76% жиналған, өнімділігі әр гектардан 10 центнерден айналып отыр. Астық жинауға 9100  комбайн жұмылдырылған, ...

Толығырақ »

Қостанай облысы: Қасым-Жомарт Тоқаев «Милх» ЖШС-ге барды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысындағы балмұздақ және ашытылған сүт өнімдерін өндіретін «Милх» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өндірісімен танысты деп хабарлайды tobyl-torgai.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Президентке пастерленген сүт өндірісі мен қайта өңдейтін заманауи жабдықтар көрсетілді. Кәсіпорын тәулігіне 130-150 тонна сүт өңдеуге қауқарлы. Кәсіпорын сүт өнімдерінің 120-дан астам түрін шығарады, олардың 30% Ресейдің шекаралас аймақтарына экспортталады. Өндірісте 710 адам тұрақты ...

Толығырақ »

Президент Қостанай облысына жұмыс сапарымен барды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қостанай облысына жұмыс сапары басталды. Бұл туралы бүгін өзінің facebook парақшасында ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли жазды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. «Президент аймақтағы азық-түлік және сүт өнімдерін шығаратын бірқатар кәсіпорындарға барып, диқандармен және ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілермен кездеседі» деп жазды ол.  

Толығырақ »

Бүгін — жерлесіміз, Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні

Бүгін жерлесіміз, Ұлт ұстазы, Алаш қозғалысының қайраткері, ғалым, түркітанушы, қазақ тіл білімінің атасы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні. 2017 жылы Премьер-Министрдің қаулысымен 5 қыркүйек, яғни Ахмет Байтұрсынұлының туған күні — Қазақстан халқы тілдерінің күні болып бекітілді. Бұған дейін Тілдер мерекесі 22 қыркүйекте атап өтілетін. Ұлт ұстазы Ахаңның туған күні құрметіне 5 қыркүйекке ауыстырылды. Ахмет Байтұрсынұлы 1872 жылдың 5 қыркүйегінде Жангелдин ауданы ...

Толығырақ »

Жолдауда тапсырылған міндеттерді жүзеге асыру үшін жұмыс істейміз — Архимед Мұхамбетов

Қостанай облысы әкімдігінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын талқылау бойынша облыс активінің отырысы өтті. Бұл туралы облыс әкімі Архимед Мұхамбетов өзінің instagram парақшасында жазды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz.  Президент «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: ic-қимыл уақыты» атты Жолдауында таяу болашақтағы жұмыс бағыттарының бірі азаматтардың әлеуметтік әл-ауқатының өсуін атап өтті, — деді облыс басшысы. Сондай-ақ әкім мемлекеттік қолдаудың барлық теңдессіз шаралары, ең алдымен, азаматтарымыздың ...

Толығырақ »

Президент Архимед Мұхамбетовке өңірдегі ахуалды реттеу қажеттігін ескертті

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше әкімге сөгіс жариялады. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында жазды. «Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус індетінің таралуына қарсы шаралар қабылдау жөніндегі кеңесте өздеріне жүктелген міндеттерді шала орындаған бірқатар шенеуніктің жұмысын сынға алды. Осыған байланысты Мемлекет басшысы жұмысына салғырт қарағаны үшін Шымкент қаласының әкімі М.Әйтеновке, Ақтөбе облысының әкімі О.Оразалинге, Павлодар облысының әкімі Ә.Сқақовқа және Ведомствоаралық ...

Толығырақ »