Monthly Archives: ақпан 2016

Рудныйда автогрейдер ұрланды

Ақпанның 6-на қараған түні Рудный қаласында басқаларына ұқсамайтын көлік айдап кету оқиғасы болған. Космонавтов- Парковая көшелерінің қиылысында белгісіз біреу далаға қараңғы түскенін пайдаланып, автогрейдерді айдап әкеткен. Қостанай облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінің хабарлауынша, сыртқы бейнебақылау таспасындағы жазбаларды қарау барысында оқиғаға қатысты адам анықталып, ұсталды. Ол Қамысты ауданының 36 жастағы тұрғыны болып шықты. Аталған фактімен ҚР ҚК-нің 200-бабының 1-бөлімі бойынша (Автомобиль немесе ...

Толығырақ »

Көктерек – чемпиондар мекені

  Қостанай облысында тоғызқұмалақтан меңдіқаралықтардың мықты команда екені спортсүйер қауымға белгілі. Аталған ауданда жеңімпаздарды тәрбиелеп шығарып жүрген білікті жаттықтырушы Рыспай Үмбетов екенін айта кетейік.   Рыспай Мұқатайұлы кезінде аймағымыздағы байрақты бәсекелердің бірталайында өзі де белсенді өнер көрсетті. Сан мәрте жеңіс тұғырына да көтерілген. Қазіргі таңда Меңдіқара ауданына қарасты Көктерек ауылындағы мектепте дене тәрбиесінен сабақ беріп, сонымен қатар, отыз балаға тоғызқұмалақтың ...

Толығырақ »

«Қашаннан қыран мекені»

  Қостанайда Торғай таланттарының концерті өтті. Өнер кеші Тәуелсіздіктің 25 жылдығына және Торғайдағы ұлт-азаттық көтерілісінің 100 жылдығына арналды. Танымал әнші, КСРО-ға еңбегі сіңген мәдениет қызметкері Рысты Ерденова мен өнер жанашыры, Қазақ ССР халық ағарту ісінің озық қызметкері Тұрған Талғабеков – идея авторлары және концертті ұйымдастырушылар. Кеш айтыскер ақын Айбек Қалиевтің арнауымен ашылды. Жыршы Абзал Алпысов халық ақыны Нұрхан Ахметбековтың «Торғайдан ...

Толығырақ »

Ыбырай Алтынсарин «Қыпшақ Сейітқұл»

  Қыпшақ Сейітқұл отыз үйлі тобырымен, жұрттың тегіс аттаныс барымтасы бар уақытта, бұл отыз үй кедейді қалайынша етсем байытып, халық қатарына қосамын деп ойға қалды. Сауда етуге мал жоқ, барымтамен мал алсам, бір күндерде жау да бізден қуып алады, ақырында бұрынғылардың айтып кетуінше, жортуыл басы жолда қалса керек. Соның бәрін де шамалап қарап, ақыр бір қиялға түсіп, Сейітқұл әуелі мекен ...

Толығырақ »

Менмұндалаған Мұнанай!

Жалпы, Ресей империясы Қазақ даласының маңыздылығын әуелден ерте түсінген болатын. Соған қатысты 1 Петр патша былай деген болатын: «Хотя оная киргиз-кайсацкая орда степной и легкомысленный народ, токмо всем азиатским странам и землям оная орда — ключ и врата». Иә, шынында басқа Азия елдеріне өту үшін Қазақ жері арқылы шығу мүмкін еді, сондықтан әуелі қазақтарды бірде қарудың күшімен бірде сауда-саттық арқылы ...

Толығырақ »

Мұхтар Әуезов – ыбырайтанушы

Ы.Алтынсарин жайында көп жазылғаны, еңбектерiнiң егжей-тегжейлi зерттелгенi рас. Алайда көп жайт Кеңес дәуірінің саясатына орай бұрмаланып көрсетілді. Ол үшін кітап, мақала авторларына кінә артып айыптай қарағаннан гөрі түсіністікпен байыптай қараған жөн сияқты. Өйткені олар солай жазуға мәжбүр болды, заманы соны талап етті. Мәселен, Ә.Дербiсалиннiң «Ыбырай Алтынсарин» деген зерттеу еңбегiнде: «1923 жылы «Шолпан» журналында (№ 6, 7, 8) жарияланған «М» дегеннiң ...

Толығырақ »

Байтұрсыновтың балалық шағы

Кеңес дәуірінде Алаш қайраткерлерінің есімдерін атаудың өзі қылмыс саналып келіп еді. Ел тәуелсіздік алғаннан кейін халқымыз өзінің сол перзенттерімен қайта табысты. Тау сілеміндей мол мұралары оқырман қолына біртіндеп тие бастады. Соның ішінде ғалым-тілші, әдебиет зерттеуші, түрколог, дарынды ақын, аудармашы Ахмет Байтұрсынұлы туралы ақпараттық қызықты деректер көп. Бұл жолы біз оның балалық шағына тоқталып көрмекпіз. Жаралы жүрек һәм оқуға құштарлық Ресми ...

Толығырақ »

Аты аспанда, заты «астыңда…»

Менің көкемнің аты Көтібар. Сенбесеңдер төлқұжатын тексеріп көріңдер, мөрмен куәландырылып, тайға таңба басқандай Котибар деп жазылып тұр. Өзінің айтуынша бұл ныспыны марқұм ата-әжеміз ырымдап қойса керек. Бірақ нені, неге, не үшін ырымдады, ол жағы мен түгілі, Көтібар көкемнің өзіне дүдамал. Аты «арт жақпен» тікелей байланысты болса да, көкем артта қалып көрген кісі емес. Көсем де өзі, шешен де өзі, тоқетері ...

Толығырақ »

Кейкінің ел естімеген екі әңгімесі

1916 жылғы Торғайдағы ұлт-азаттық көтерілісінде керемет ерліктер көрсеткен Кейкі батыр есімі қашан да халық жадында. Кеңес үкіметі тұсында билік тарапынан сұрмергеннің атын айтуға да тыйым салынды. Әйтсе де, ел өзінің ерен туған ұлын ұмытпады. Күн өткен сайын Кейкі тұлғасына деген халық сүйіспеншілігі арта түскенін байқаймыз. Сол себептен де, Кейкі Көкембайұлының көпшілік көп біле бермейтін, оның нағыз мерген болғандығын дәлелдейтін екі ...

Толығырақ »

Асыл қазына жер астында жатпайды

«Жол қуған қазынаға жолығады» деп дана халық тегін айтпаған. Бұл тек қазына, байлық, олжа табу деген сөз емес, мағынасы терең, ғибратты қағида. Таратып айтар болсақ, ел, жер көресің, жақсы адамдармен танысасың, түрлі оқиғаларға жолығасың деген ұғымды біліреді. Мен де қаламгер әрі зерттеуші этнограф ретінде үлкен жолдарға жиі шығуды бұрыннан әдетке айналдырған адамдардың бірімін. Және осы жолдар мені тарихи, рухани оқиғалар ...

Толығырақ »