Қостанай театрының табысы

Акыл1 (2)

«Бүгін театрдан жылап қайттық. Тасжүрек қоғам. Тасбауыр ұрпақ. Тастанды ата-ана. Өкініш-запыран, шерге толы дүние. Талауға түскен тағдырлар… Осындай көріністің бәріне Қостанайдағы І.Омаров атындағы драма театрында ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Ақылбек Шаяхметтің «Өкініш» спектаклінің тұсаукесерінде куә болдық. Өте әсерлі. Қойылымның бір ерекшелігі, актерлердің барлығы дерлік жастар болғанмен, анау Қарттар үйіндегі қариялардың рөлін қалай сомдады десеңізші. Режиссері де жас талант –  Ержан бауырымыз.

Бір сағатқа созылған спектаклді бір деммен қарап шықтық. Негізінде жылап шықтық. Әрине, зал лық толғандықтан, орын жетпегендерге қосымша орындықтар қойып беруге тура келді». Жас журналист Қыдырбек  Қиысқан ғаламтордағы парақшасында осылай деп жазыпты.

Акыл2 (2)

Жазушы-драматург, «Алтын қалам» сыйлығының иегері Ақылбек Шаяхметтің жаңа пьесасында біздің қоғамды қатты толғандыратын мәселе көтеріледі. Бұл қартайған қариялардың, аталарымыз бен әжелеріміздің Қарттар үйінде өткізген күндері. Онда болған, көзбен көрген кісінің төбе құйқасы шымырлап, тамаққа өксік тіреледі. Қартайған шалдар мен кемпірлір бір-ақ күнде жетім болып шыға келеді. Ал олар асырап-баққан балалар тасбауыр. Әр адамның өз тағдыры бар. Адам ломбардқа тапсыра салатын немесе сақтау камерасына салып кететін бұйым емес. Трагикомедияда  әртүрлі адамдардың тағдыры, ата-аналар мен балалар арасындағы  қарым-қатынас суреттеледі. Спектакльдің қоюшы-режиссері Ержан Қауланов, суретшісі Маралбек Нұрмаханов.
Акыл (2)

Екі күн қатарынан жүрген және аншлагпен өткен спектакль премьерасында театр актерлерінің екі құрамы ойнады. Отағасы  Айбол Шәкіржанов мен Бақытжан Таңатқанұлы, отанасы  роліндегі  Мөлдір Тағаева мен Ажар Шәкіржанова, ана роліндегі Зәмзагүл Бегайдарова  мен Ақдәмен Досанова, келін  Жібек Үсенова мен  Айым Бірмағамбетова,  жігіт Төленді Әлғожин мен Ғабит Қызыров, шалдарды сомдаған Әлімхан Мырзахан мен Олжас Бегайдаров, Қуаныш Маратұлы, Асылан Кенжетай, дәрігер Нұрлыбек Кенжеахметов көрермендер ықыласына ие болды.

Премьера соңында сөз алған  автор:

«Қытайыңды қорқытып, қалмағыңды үркіткен,

Ер мінезді қазағым айнымайтын бүркіттен,

Айналыпты бұл күні шырылдаған торғайға,

Бірақ, әлсіз торғай да өз ұясын қорғайды, ә?!

Қазақ жайлы, әйтеуір, таусылмасын күй-аңыз,

Көк аспанның астында бұзылмасын ұямыз!» – деп көрермендерге игі тілегін жеткізді.

Акыл3 (2)

                                             «Тобыл-Торғай»-ақпарат

Суретте: спектакльден көріністер

 

 

Мынаны да қараңыз

Амангелді КЕҢШІЛІКҰЛЫ. Парасат майданының суреткері

    (Эссе)      Алтыншы сыныпқа көшетін жылы «Жүздесу» атты жинақтан халыққа танымал болып қалған бір топ ...

Бір пікір

  1. Хасиет

    Ақылбек аға қаламыңыз ұштала берсін. Әр сөзіңіздің мән мағынасы мол жазушы ағасыз. Аманболыңыз.

Хасиет жазбасы үшін пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *