12.01.2017

Астаналық спортшылар қысқы Универсиадаға сақадай сай

Астанадан конькимен жүгіру спортынан халықаралық дәрежедегі спортшы Дмитрий Морозов пен Қазақстанның спорт шебері Надежда Сидельник Универсиадаға қатысады. Отандық спортшылардың дайындығы жөнінде Астана қаласының конькимен жүгіру спортының бас жаттықтырушысы Владимир Костин айтып берді. «Өткен Универсиадада бұл спорт түрінен жарыс өткен жоқ. Біздің спортшылар доданы тағатсыздана күтуде. Дмитрий мен Надежда — ең жас әрі болашағынан үміт күттіретін спортшылар. Қазір олар шетелде жалпы ...

Толығырақ »

Елордада бірыңғай такси қызметі енгізіледі

Биыл Астанада бірыңғай такси қызметі енгізіледі деп хабарлады елорда әкімдігінің баспасөз қызметі. «Қалалық таксидің жаңа жүйесі заңды қызметті қамтамасыз етеді. Бұл аталған нарықты дамытып, Bus Lane, яғни, автобус жолақтарына кедергі келтірмеуге септігін тигізеді. Сонымен қатар тұрғындарға қызмет көрсету сапасын арттырады» делінген хабарламада. Астана әкімдігінің айтуынша, такси көліктері бір түсті болып, бірдей жабдықталады. Сондай-ақ пластикалық картамен pos-терминал арқылы төлеуге мүмкіндік пайда болады. Естеріңізге сала ...

Толығырақ »

Елімізде қазақ журналистерінің бірлестігі құрылды

Қазақстанда қазақ журналистерінің жаңа бірлестігі құрылды деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Қазақтілді кәсіби журналистер» қоғамдық бірлестігі  журналистердің кәсіби тұрғыда жан-жақты дамуына, білімін жетілдіруіне және бәсекеге қабілеттілігіне ықпал етуді көздейді» деп хабарланған ұйымның таратқан ақпаратында. «Бірлестік мемлекеттік мекемелер, ұлттық компаниялар және қаржылық институттармен бірге тақырыптық дәрістер өткізу арқылы журналистердің салалық білім деңгейін көтеруге, маңызды ақпараттарға қолжетімділігін арттыруға ықпалдасады. Жалпы, бірлестіктің басты мақсаты — ...

Толығырақ »

Данияр Елеусінов кәсіпқой боксқа ауысты

Рио-2016 Олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусінов ресми түрде кәсіпқой боксқа ауысты. Бұл туралы vesti.kz хабарлады. Қазақстандық боксшы жақында ғана құрылған MJA Entertainment’s промоутерлік компаниямен келісімшартқа отырды. Келісімнің анық-қанығы кейінірек белгілі болады. Бұған дейін Елеусіновтің, сондай-ақ, Олимпиада жүлдегері Иван Дычконың кәсіпқой боксқа ауысуы мүмкін екендігі хабарланған. Қос спортшы да қазіргі уақытта өтіп жатқан Қазақстан ұлттық құрамасының жаттығу жиынына қатыспады. vesti.kz

Толығырақ »

Астана автобустары таңғы сағат 6-ға дейін жүретін болады

Астана қаласының әкімі Әсет Исекешевтің айтуынша, алдымен автобус жүргізушілерінің тапшылығы мәселесін шешіп алған жөн. Осыдан кейін қоғамдық көліктердің жүру уақытын ұзартуға болады деп xабарлайды ҚазАқпарат. «Біз жаңа 338 автобусты жеткізгеннен кейін қоғамдық көліктердің қозғалысын түнде ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз. Ондай тәжірибе әлемнің көптеген мегаполисінде бар. Сондықтан біз бірқатар бағдарлардың жұмысын таңғы сағат 6-ға дейін ұзартуды көздейміз. Өйткені, таңғы уақытта жұмыс істейтін ...

Толығырақ »

Астанада өтетін келіссөздердің мақсаты не?

Сирияға қатысты Астанада өтетін келіссөздер қорытындысы бойынша оқ атуды тоқтату мен Женевадағы саяси процесті іске қосу туралы құжатқа қол қойылуы керек. Бұл туралы РИА Новости сириялық оппозициядағы мәлімет көзіне сілтеме жасап хабарлайды. «Кездесу мақсаты — оқ атуды тоқтату туралы құжат қабылдау, осы арқылы Сирия бойынша Астанада емес, Женевада саяси шешімдер қабылданады» деп атап өтті мәлімет көзі. Астанадағы кездесу уақыты Анкарада өтіп жатқан кеңестің ...

Толығырақ »

Мәжіліс төрағасы Қостанайда болды

Қостанай облысына жұмыс сапары барысында ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин облыстық қан орталығында медицина сала қызметкерлерімен кездесті. Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлады. Мәжіліс төрағасының айтуынша, біздің еліміз денсаулық саласында ешбір елден кем емес. Мысалы, республика көлемінде сапалы медициналық қызметтің бірыңғай стандарттары енгізілді, әлемдік тәжірибеге сәйкес медициналық кластерлер құрылды. Кез келген науқасты алғашқы күннен анықтауға және алдын алуға жол ...

Толығырақ »