Monthly Archives: қараша 2018

АрқМПИ-да студенттерді қабылдау шарасы өтті

Жақында Арқалықтағы Жас көрермендер театрында дәстүрлі «АрқМПИ студенттер қатарына қабылдайды» іс-шарасы өтті деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі. Онда АрқМПИ ректоры Сейітбек Қуанышбаев құттықтау сөзі сөйлеп, қатысушыларды құттықтады. Сондай-ақ 1-курс студенттеріне студенттік куәлікті ресми түрде табыс етті. Бірінші курс студенттерін құттықтау үшін педагогикалық институттың талантты бишілері мен әншілері сахнаға шықты. Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтында оқу — бұл тек дәрістер, семинарлар, тест және ...

Толығырақ »

Қостанайда өзге ұлт өкілдері қазақ тілінен сабақ береді

Қостанай облысында бүгінде қазақ тілін меңгеріп, тіпті осы пәннен сабақ беріп жүрген өзге ұлт өкілдері бар деп хабарлайды timepress.kz желілік басылымы kaztrk.kz-ке сілтеме жасап. Римма Афанасьева Жітіқара ауданында дүниеге келген. Өскен ортасында қазақша сөйлейтіндер мүлде болмапты. Орыс мектебінде оқыған. «Қазақ тілін меңгеруге өзімнің қызығушылығым мен осы пәннен сабақ берген ұстазым себеп болды» дейді ол. «11-сыныпты бітірген кезде «Мен қандай пәнді ...

Толығырақ »

Білім беру саласына сандық технологиялар енгізіліп жатыр

Биыл Қостанай облысында денсаулық сақтау және білім беру нысандарының интернетке қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін 432,5 млн теңге бөлінген. Нәтижесінде қалалық және ауылдық мектептердің 85 проценті, сондай-ақ, медициналық мекемелердің 93 пайызы интернет желісіне қосылатын болады деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі. Сондай-ақ аймақтың білім беру ұйымдарын мультимедиялық және компьютерлік техникамен жабдықтау бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізіліп жатыр. Облыс әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, заманауи жабдықтармен ...

Толығырақ »

Қостанайлық оқушы WorldSkills Hi-Tech чемпионатынан 2 орын алды

Қостанай қаласындағы М.Горький атындағы гимназияның 10-сынып оқушысы Анастасия Димұхаметова Екатеринбург қаласында өткен халықарарлық WorldSkills Hi-Tech чемпионатынаy екінші орынға ие болды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі. Анастасия 14-16 жастағы балаларға арналған «Инженерлік дизайн, машина жасауды жобалау» аталымында бақ сынады. Талантты оқушының халықаралық білім жарысына дайындалуына ұстаздары Андрей Лисовский мен Галина Лисовская көп еңбек сіңіріпті. Айта кетейік, биылғы WorldSkills Hi-Tech чемпионатына Ресейдің және ...

Толығырақ »

Қостанайда шалшық судың үстіне асфальт төсеген

Қостанай тұрғындары шалшық судың үстіне асфальт төсегендерге наразы болды деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Instagram желісіндегі kostanay_revizor паблигінде шалшық судың үстіне асфальт төсеп жатқан суреттер жарияланды. Пікір қалдырушылар осыған қатысты ашулы пікірлер жазған. Қостанайда Лермонтов көшесінде екінші жыл қатарынан қайта жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Осы уақыт ішінде жергілікті тұрғындар бірнеше мәрте сапасыз жөндеу жұмыстарына шағымданған еді. Тұрғын үй коммуналдық қызметі бөлімінің ...

Толығырақ »

Архимед МҰХАМБЕТОВ: Тұрғын үй құрылысына ерекше назар аударып отырмыз

Бұдан да бұрын хабарлағанымыздай, бүгін Астанадағы Орталық коммуникациялар қызметінде Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовтің қатысуымен Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру аясында Қостанай облысының 2018 жылғы 9 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларына арналған баспасөз-конференциясы өтті деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Белгілі болғандай, өңірде ағымдағы жылдың 9 айындағы негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің оң серпіні байқалады. Өнеркәсіптік өнімдер өндірісінің ...

Толығырақ »

Облыстың «Торғай» деп аталуына қарсымын — Архимед Мұхамбетов

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов облыс атауын Торғай деп өзгерту жөніндегі бастамаға қатысты пікір білдірді деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі timepress.kz желілік басылымына сілтеме жасап. Брифингте бастамашыл топтың аймақ атауын өзгертуге қатысты ашық хаты туралы сұрақ қойылған. «Ол хатпен таныспын. Көрдім. Жалпы ұстанымым – қарсымын, өйткені Қостанай облысының өзінің тарихтан келе жатқан байырғы атауы бар. Қателеспесем, бұл хатқа 17 ...

Толығырақ »

ДИРЕКТОРЫН САЙЛАП АЛҒАН ЛИЦЕЙ

Білім және ғылым министрінің тапсырмасына сәйкес еліміз бойынша білім беру мекемелері жанынан Қамқоршылық кеңес ұйымдары құрылған болатын. Қамқоршылық кеңестер дегеніміз — білім берудің сапасын, мұғалім, ата-ана мен оқушылардың қарым-қатынасын, бюджеттік және қайырымдылық мақсатта берілген қаржыларды бақылайтын халық өкілдерінің тобы. Оның көздеген негізгі мақсаттарының бірі – білім беру мекемесі басшылығының жұмысына баға беру, оқушылардың білім алуына барынша жағдай жасау, сол арқылы ...

Толығырақ »