Қостанайлық өнерпаздар қойылымнан түскен қаражатты Арысқа аударды

Қостанай облыстық І.Омаров атындағы қазақ драма театры өзінің ХІХ маусымын қорытындылады. Шығармашылық ұжым өткен кезеңді жемісті аяқтап отыр. Маусым бойынша 7 премьера көрерменге жол тартты.

Театрдың көркемдік жетекшісі, белгілі театр маманы Әлия Баймаханның айтуынша, биыл репертуарда тың туындылар көбейіп, фарс, реквием жанрларында қойылымдар сахналанды.

«Бұл — жаңа деңгейге шыққанымыз. Бірнеше әріптесіміз лайықты марапаттар алып, төсбелгі тақты. Гастрольдік сапармен Өзбекстанға барып, Түркістан облысын аралап қайттық. Енді Моңғолияға сапарлауды жоспарлап отырмыз. «Ботақара-Шешенбике» тарихи драмасының премьерасы Баян-Өлгий қаласында өтеді. Бұл да еліміздің мәдени өміріндегі елеулі жаңалық болмақ. Ең бастысы, осы жылы театр жанынан камералық хор ашылды», — деп атап өтті Әлия Баймахан.

Жабылу маусымына «Әнім сен едің» (Шәмші туралы тамшылар) спектаклі ұсынылды. Атақты композитордың шығармашылығына арналған қойылымды әртістер өте жоғары деңгейде ойнап шықты. Спектакльден соң камералық хор түрлі жанрдағы бірнеше туынды орындап берді.

Театр директоры Сабыралы Кемелбаев қойылымның режиссеріне, жалпы ұжымға алғысын білдірді. Айта кету керек, қойылым қайырымдылық мақсатта ұйымдастырылды. Спектакльден түскен қаражат толығымен Арыстағы жарылыстан зардап шеккендерге көмек ретінде жіберілді.

Мынаны да қараңыз

Қостанай облысында әкім асылып қалған

Қостанай облысындағы Пресногорковский ауылдық округінің әкімі Тастемір Тұрсынбаев асылып өлген күйінде табылды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *