COVID-19: Індет Торғайға да жетті

Қостанай облысында коронавирусты инфекцияның ауру белгілері бар 8 жағдайы тіркелді (16.06.2020 жылғы мәліметі бойынша) деп хабарлайды tobyl-torgai.kz облыстың жедел штабына сілтеме жасап. 
8 жұқтыру оқиғасының 6-ы Қостанай қаласына келеді. Облыс орталығында COVID-19 жұқпасы 26 жастан 53 жасқа дейінгі 4 ер адамнан және 1971 және 1956 жылы туылған екі әйелден анықталды. Аталған азаматтар ЖРВИ белгілері бар эпиджағдайлар бойынша тексерілді.
Сондай-ақ, коронавирустық инфекция Қостанай және Жангелді аудандарының тұрғындарында расталды. Бұл жерде COVID-19 жұқпасы 2010 жылы туған оқушы мен 73 жастағы зейнеткерде анықталды. Екі пациент бұрын жұқтырған науқастармен байланыста болған.
Жақын және әлеуетті байланыстарды анықтау бойынша санитариялық-эпидемиологиялық тексеру жалғасуда. Барлық пациенттер бекітілген клиникалық хаттамаға сәйкес қажетті медициналық көмек алады.
16.06.2020 жылғы жағдай бойынша аймақта COVID-19 инфекциясымен 241 адам анықталып, 186 адам жазылып шықты.

Мынаны да қараңыз

Токио-2020: Ертең жерлесіміз Василий Левит рингке шығады

27 шілде күні Токио Олимпиадасында бірнеше отандасымыз жарыс жолына шығады. Олардың арасында жерлесіміз — Қостанай ...

Бір пікір

  1. Ковидпен күресу үшін мемлекеттің бөлген қаржысын әкімдер қайда, қалай жұмсап жатқанына тексеріс жүргізу керек.Қаншама халықтың қаржысы жұмсалып жатыр, бірақ пайдасы аз,күннен күнге ауру көбейіп алыстағы Торғайға жеткен.

Танраа жазбасы үшін пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *