Ашутастыдағы мешіт есігін айқара ашты

Арқалыққа қарасты Ашутасты елді мекені тұрғындары зор қуанышқа кенелді.

Таяуда есігінде көптен бері құлып тұрған мешіт күрделі жөндеуден өтіп, есігін айқара ашты. Ішінде жылу болмай, қаңырап тұрған Алланың жердегі үйінің есік-терезелері түгел сырланып, жылу қазандығы орнатылған.

Тағы оқи отырыңыз: Жас кәсіпкер туған ауылын көркейтуге үлес қосып жүр

Сол ауылдың тұрғыны Ернар Зейнуллин бастаған бір топ жас жұдырықтай жұмылып, ауыл тұрғындарына сауын айтқан. Ортақ іске атсалысқан азаматтардың арқасында аз-маз қаржы жиналып, жастар жоқтан бар жасап, мешітті халық игілігіне пайдалануға берген. Бүгінде екі мыңға жуық адам тұратын Ашутастыдағы мешітке келушілер көп.

«Дизайн-Сервис» ЖК жетекшісі Ернар Шәріпұлы, осылайша, өзі тұрып жатқан ауыл тұрғындарын қайырымды іске жұмылдыруды ойлапты. Нәтижесінде бұл бастамаға олар да қуана келіскен. Осылайша, игі істің соңы берекелі болыпты.

«Қайырымдылық — адам баласының асыл қасиеттерінің бірі деген. Елбасының да, Мемлекет басшысының да мақалаларында кеңінен жазылған туған жерге  деген патриоттық қағиданы әр азамат ұстануы керек деп ойлаймын. Біздің азғантай ғана бұл ісіміз Волонтер жылына қосылған үлесіміз болса, бір жағынан кейінгі жас ұрпаққа да жұғысты болса деген тілегіміз бар», — дейді жас кәсіпкер.

 

Айша БЕК  

Мынаны да қараңыз

Архимед Мұхамбетов неге баспасөз хатшыға жарымай жүр?

Шымкентте блогерлер мен журналистер көп екен, қызығасың. Әкімдердің ақпарат хатшылары да мықты. Республикалық газеттер мен ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *