Қостанайда дәмханадан жасырын казино анықталды

Қостанай облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті Қостанай қаласындағы дәмханалардың бірінен астыртын казиноны анықтады, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz, Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осылайша, Экономикалық тергеп-тексеру департаменті жедел-іздестіру шаралары барысында Қостанай қаласы аумағында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған ұйымдасқан қылмыстық топ қызметінің жолын кесті. Астыртын казиноның қала жертөлелерінің бірінде қызмет еткені анықталған. Десе де тергеу мүдделеріне сәйкес басқа ақпарат жария етуге жатпайды.

Азаматтар арасында құмар ойынға тәуелділіктің пайда болу себептерімен күресу мақсатында ҚМА ойын бизнесінің заңсыз түрлерін анықтау бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізіп жатыр.

фото:  rg.ru

Мынаны да қараңыз

Арқалықта әйел кәріз құдығына құлап кеткен

Арқалықта полиция қызметкерлері кәріз құдығына құлап кеткен әйелді құтқарды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Учаскелік полиция инспекторы ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *