Архимед Мұхамбетов Денсаулық сақтау басқармасының кеңейтілген алқа отырысына қатысты

Бүгін Денсаулық сақтау басқармасының кеңейтілген алқа отырысы өтіп, оған облыс әкімі Архимед Мұхамбетов қатысты, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz.

Алқа отырысында Денсаулық сақтау басқармасы, Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ филиалының басшылары баяндама жасады.

Өңір әкімінің instagram-парақшасында жазғанындай, облыстың денсаулық сақтау ұйымдарының желісі 47 мемлекеттік медициналық ұйымды құрайды, оларда 14 825 адам жұмыс істейді, оның ішінде 1 920 дәрігер және 6 059 орта медициналық білімі бар қызметкер.

Сондай-ақ облыста медициналық мекемелердің материалдық-техникалық базасын жаңарту және жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Мүмкіндігінше заманауи медициналық жабдықтар орнатылып, емдеудің заманауи әдістері енгізілуде. Мұның бәрі медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігіне оң әсер етеді.
Мемлекет медицина қызметкерлері мамандығының маңыздылығын түсіне отырып, олардың мәртебесін қолдау бойынша барлық мүмкін шараларды қабылдайды.
2019 жылдан бастап жергілікті бюджет есебінен медицина және фармацевтика қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау көрсету қағидалары мен мөлшері қосымша белгіленді, сондай-ақ жұмыс орны мен мамандануына байланысты материалдық қолдау көрсету мүмкіндігі көзделеді, сонымен қатар «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша әлеуметтік қолдау шаралары қолданылады, сондай-ақ тұрғын үй сатып алу және құрылыс үшін жеңілдетілген кредит беру ұсынылады.
Біздің облыс бойынша осы қолдау шаралары 158 млн теңгеден астам сомаға 185 адамға берілді.
Алқа соңында басшыларға медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, денсаулық сақтау нысандарын жөндеу және саланың басқа да өзекті мәселелеріне қатысты бірқатар нақты міндет тапсырдым, — деді Архимед Мұхамбетов.

 

Фото: «Наш Костанай»

Мынаны да қараңыз

Азаматтардың құқығы бәрінен биік тұруы керек

«Әділдік және өркендеу» қоғамдық қорының жергілікті өкілдері Қостанай облыстық ардагерлер кеңесі басшылығымен кездесті. Кеңес төрағасы ...

2 пікір

  1. Ваш компьютер может принести вам дополнительный доход, если вы будете использовать этого робота. https://infab.bode-roesch.de/infab

  2. Онлайн-работа может принести вам фантастическую прибыль. https://infab.blueliners07.de/infab

Аноним жазбасы үшін пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *