ЕМITT-2023: Стамбұлда әлемдік туризм жәрмеңкесі өтеді

EMITT Шығыс-жерортатеңіздік халықаралық туризм және саяхат жәрмеңкесі – әлемдегі ең ірі туристік көрмелердің бірі. Жыл сайын аталған шарада 400 мыңнан астам сала өкілдері мен туристер бас қосады, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz.

Туризм мен саяхат саласының Жер шарындағыең ірі курорттары мен туристік компаниялары жаңа мүмкіндіктер ұсынатын EMITT Түркия Туризм және мәдениет министрлігі, ТОВВ, Стамбұл қаласының әкімдігінің қолдауымен, ICA Group, TUROFED и TTYD серіктестігінде соңғы 25 жылдан бері ұйымдстырылып келеді.

Іс-шараға 110 елден 461 заңды тұлға, 35 600-ге жуық қатысушы, оның ішінде 200-ге жуық туроператор шақырылған. Жәрмеңкенің арқасында демалыс орындары, жазғы және қысқы туризм, медициналық туризм, сауықтыру туризмі, мейрамхана мен қонақжайлық туризмі, гастрономиялық туризм, қонақүйлер мен туристік орталықтар, туроператорлар мен агенттіктер т.б. қатысады.

Нәзия ЖОЯМЕРГЕН

Мынаны да қараңыз

Азаматтардың құқығы бәрінен биік тұруы керек

«Әділдік және өркендеу» қоғамдық қорының жергілікті өкілдері Қостанай облыстық ардагерлер кеңесі басшылығымен кездесті. Кеңес төрағасы ...