Ақсақалов доғарысқа кет

Қостанай облысының әкімі Арқалық қаласына, Жанкелдин және Амангелді аудандарына барған кездесулерін қарадым. Арқалықта айтатыны: «қала іргесінен Ұлытау облысы жағына қарай жолды жөндеп жатырмыз». Шындығында, жол сапасы нашар, жазда барған кезде ойылып қалғанын көрдім. Әйтеуір қалада жаңадан бір мектеп пайдалануға берілді. Суға кеткен ауылдардың халқын қалаға көшіріп алғаннан басқа ештеңе бітірмеді. Негізінде, ауылдағы халыққа жағдай жасау керек еді, бір мектеп салуды артық көрген болар.
Сарыкөлдің тумасы әйтеуір, мектепте Арқалықта оқыды ғой, жаны ашиды ма десек түк бітірмеді әлде кеңесшілері нашар ма? Қысқаша айтқанда баяғы Торғай өңірін дамытудың кешенді бағдарламасы жай қағаз болып қалған. Тұтас бір ауданды жалғайтын облыстық жолдың сиқы белгілі.
1. Газдандыру бойынша облыстың 15 процент ғана газдандырылған. Республикадағы ең төмен көрсеткіш.
2. Таза сумен қамтамасыз ету бойынша Қостанай облысы республикада ең төменгі орында.
3. Мемлекеттік тіл мәселесі жай болып қалған. Ол туралы Арқалық қаласының депутаты Серік Төлекбаев өткенде жазды.
4. Мектептердің, оның ішінде, қазақ тіліндегі мектептердің жайы нашар, шағын мектептер жабылу үстінде.
5. Жол мәселесі шешілмеген, РФ шекарада тұрақты түрде іркіліс болса, баяғы Ахмет ауылының жолын Мұхамбетов та, Ақсақалов та ұмытқан сыңайлы.
6. Республикамыздың батыс және оңтүстік өңірлерден қандастарды алып келу, артық жұмыс күшін орналастыру тек қағаз жүзінде қалған. Жүйелі іс жоқ.
7. Рудный сияқты қалалардың көше атаулары баяғы Кеңес кезінен қалған атаулармен толы, оны түсінетін облыс не қала әкімі жоқ.
8. Тарихи кешендердің, ескерткіштердің сақталуын бақылау жоқ, Қаралдинннің Торғайдағы үйін құлатып, жермен-жексен етті.
9. Міржақып мерейтойының дайындығы қалай екенін білмейміз, Ахаң тойы жетім қыздың тойындай өткеніне куәміз.
10. Инвестиция салатын кен кәсіпорындары жоқ, бір жағынан, жеріміз егін егуге, мал бағуға қолайлы. Мұхамбетовтің «жерлерің шөл» деген сөзін бұл әкім де жалғастырып жатқан сияқты, бірақ, керісінше, Торғайдағы Жәнібек Кенжебаевтың шаруашылығы Қазақстандағы ең озық шаруашылық екені мәлім.
11. Су тасқынанан зардап шеккендер міне жыл бітті, өтемақыларын әлі алмаған. Залалдары өтелмеген.
12. Ішкі көші-қон көп, шағын ауылдардың жабылуы бойынша Қазақстанда СҚО кейін екінші орында.
13. Жанкелдин, Амангелді аудандары мен Арқалық қаласының кәсіпкерлеріне жәрдем жоқ, облыста өтетін шаралардан орын алып көрмеген, барсаң, шошқаның ізіне салады.
14. Ұлттық спорт түрлеріне мән берілмейді, ауыл спорты құрдымға кеткен, баяғы «Целина» атты ойындары өткізетіндері.
15. Облыстың инфрақұрылымы, жол, жылу орталықтарының мәселесі өте күрделі.
16. Соңғы жылдары облыстың оңтүстік аудандарында жаңадан ашқан бір кәсіпорын жоқ.
Жалпы, айта берсе сұрақ көп, қолынан іс келмейтін Ақсақалов командасымен бірге доғарысқа кетуі керек деп санаймын! Қостанай облысына мықты кризис-менеджер керек.
Фото: «Наш Костанай» сайтынан алынды
Пікір иесі — Амандық Әмірхамзин

Мынаны да қараңыз

Ұлытауда болдың ба, ұлар етін жедің бе?

немесе Ұлытау саяхаты туралы Аяқ астынан сапарға шықтым.. Биылғы жоспар Талдықорған шаһары болатын. Бірақ, жақында ...