Туынды

ЭКСПО-2017 көрмесіне арналған «Шаттан, Елім!» әні жарыққа шықты

Қостанайлық айтыскер ақын, әуесқой сазгер Марғұлан Оспанов Фейсбуктегі парақшасына «Шаттан, Елім!» деген кезекті әніне арналып түсірілген әуесқой бейнебаянды жариялады. ЭКСПО-2017 көрмесіне арнаған туындысын автор «ЭКСПО-ның гимні» деп атады. Әннің сөзін тағы бір қостанайлық ақын, қаламгер Абылай Мауданов жазыпты. Торғайда туып-өскен қос таланттың халықаралық көрмеге тартуын әнсүйер қауым жылы қабылдап, әлеуметтік желілер арқылы авторларына алғыс айтып жатыр. tobyl-torgai.kz сайты ұжымы да ...

Толығырақ »

Жомарт НҰРМАНОВ. ТЕМІРҚАЗЫҚ, ҮРКЕР және ЕСЕКҚЫРҒАН-2

(Деректі хикаяттан үзінді) Әбдісадық пен Барлық та соғысқа дейінгі үрейге толы болса да бейбіт жылдарды сағынып, оқуларын жалғастыруды армандаушы еді. Соғысқа дейін Қостанайдағы Жамбыл Жабаев атындағы қазақ мектебінен оқып келген Барлықтың білім сапасы басқа балалардан гөрі тереңдеу. Ол тек шығыс және қазақ әдебиетін ғана емес, орыс жазушылары мен ғалымдарының еңбектерін еркін оқи алатын, мазмұнын жатқа айтатын дәрежеде еді. Колхоз жұмысына ...

Толығырақ »

Жомарт НҰРМАНОВ. ТЕМІРҚАЗЫҚ, ҮРКЕР және ЕСЕКҚЫРҒАН

(Деректі хикаяттан үзінді) Бірі – әлжуаздау талдырмаш, екіншісі – шымыр денелі 15-16 жастар шамасындағы екі бозбала су жағалап келеді. Бұл – Байғабыл өзені. Қолдарында тал-қармақ, ат қылынан есілген тұзақтары бар. Сірі кеткен етіктері өкшелерін қажамауы үшін жалаңаяқтанып, иықтарына асып алған. Лақтырып кетуге бар, бірақ тозығы жеткен болса да, мұндай аяқкиім қайдан табылар? Екеуі де бидай өңді, тумысынан ақсары екенін балақ-жеңдерін ...

Толығырақ »

Жұматай таныған шындық

Тілінің тотияйыны бар сатирик, өткір тілді журналист-қаламгер Жұматай Сабыржанұлының әйгілі «Өкпелесең, өзің біл» атты кітабын әлі күнге дейін іздеп жүріп оқитындар қарасы көп. Өзі өмір сүрген қоғамның қоясын қопара ақтарған бұл дүниесі 2002 жылы автордың 55 жасында жарық көрді. Ал бірнеше жыл бұрын баспа бетін көрмеген шығармалары «Мен таныған шындық» деген атпен кітап болып басылды. Бұл кітапта, сондай-ақ, қаламы қарымды ...

Толығырақ »

Ғанибет ҒАЛЫМБЕКҰЛЫ КҮДІК

(әңгіме) Айдын үйге қатты ашуланып кірді. «Қап, бәлем, сол Айдосты ма! Бір күні сазайын тарттырайын мен оның. Әлі кішкентай ғой деп аяп жүрсем… Әйгерімнің көзінше ұятқа қалдырғаны-ай…» деп, қабырғаға ілінген әйдік айнаның алдында тұрған орындыққа отыра кетті. Әйгерім – осы ауылдағы ең сүйкімді, әдемі қыз. Айдын 3-«А» сыныбында, ал Әйгерім 3-«Б» сыныбында оқиды. Осы қызды алыстан көре қалса болды, Айдынның ...

Толығырақ »

«Тәтем-ай» немесе қайран әкем!

Әкем Қорған Әмірхамзаұлының рухына бағыштаймын! Қазақстанның әр жерінде әкені «тәте» дейді екен. Мысалы, Жамбыл Жабаевты балалары «тәте» дегенін оқығаным бар. Бәлкім, бұл бұрынғы заманнан қалған атау ма екен? Олай дейтінім, украин халқында да әкесін «тато» деп айтады. Әкемізді «тәте» дейтінбіз, әрине, оқырмандарға түсінікті болу үшін әке деп алып отырмын, әйтпесе «әке» деп айту біртүрлі екен, негізі мен үшін үш-ақ «тәте» ...

Толығырақ »

Еркеғали БЕЙСЕНОВ: Аллажар, Алаш!

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы қарсаңында ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры мен Жазушылар одағы бірлесіп ұйымдастырған «Алтын тобылғы» әдеби байқауы күні кеше өз жүлдегерлерін марапаттады. Жеңімпаздардың қатарында әріптесіміз – журналист, ақын Еркеғали Бейсенов те болды. Оның «Аллажар, Алаш!» поэмасы үздік деп танылды. Марапат иесіне, сондай-ақ, 1 млн теңге сыйақы табысталды. Бүгін біз әріптесімізді жеңісімен құттықтай отырып, оның жүлде алған ...

Толығырақ »

Дәуірді жеңген діндар

(Дін жолында қуғын көріп, мехнат шеккен молда Аймұхаммедтің (Аймағанбет) рухына арналады)   Күн зулап, жылдар сырғып, ауса ғасыр Тарихқа айналады қаншама сыр. Бағасы кеміп, бірақ, құнын жоймас Уақыттың түнегінде қалса да асыл.   Жырласам асып туған асылдарды… Рухы самғар келер ғасырларда. Қасқайып қарсы тұрып заманына Емендей иілмеген хас ұлдарды.   Замана шашса-дағы зәһарын мың, Жігерін мұқалта алмас баталы ұлдың. …Атағы ...

Толығырақ »

Қара шелек

(әңгіме) Әңгіме қара шелектен басталды. Айшаның атасының басындай сақтап жүрген шелегі ғой. Үшінші жыл болып барады, Айша шелексіз қалып, шелек сұраймын деп абысын-ажынға жексұрын көрініп, ақырында Бірмағамбетті бүріп, Кәстенкенің дүкенінен алдырған шелек еді. – Шелек-шелек деп ішкен асымды кере ғып болып едің, сенен қорыққаннан темекі алатын ақшама шелек алдым, — деп Бірмағамбет Айшаның қолына шелекті ұстатқанда бұлдап нығыздап ұстатқан. Бірмағамбет ...

Толығырақ »

Серік ТҰРҒЫНБЕКҰЛЫ: Ақын деген құрбаның бар, атағыңды ұрғаным бар!

Өлгендер қайтып келмейді. Б.Соқпақбаев – Өлгендер қайтып келеді, – Десем сен, Әсте сенбейсің. Себебі, досым, Себебі – Сен, сірә, мәңгі өлмейсің. Болғанмен Баста бір өлім. Өлмейтін жанға саналған. Себебі, сенің жүрегің – Қара тас болып жаралған. Еңіреп, жылап Есіл жыр – Боздайды күнде інгендер. Өлексе күйін кешіп жүр, Өлгісі келмей жүргендер. Жамылып атын тірінің Жүрегі ғана дүрсілдер… Солардың мен де ...

Толығырақ »