Туынды

Екі Дің

Бүгін ақын, сатирик, журналист Еркеғали Бейсеновтің туған күні. Бірнеше республикалық басылымда, телеарнада қызмет еткен. Бүгінде Тобыл-Торғай сайтының шеф-редакторы әрі елордадағы «Фолиант» баспасында редактор болып жұмыс істейді. «Шабыт» Халықаралық жастар фестивалiнiң лауреаты. «Қайран, құндылық!..» жыр жинағы жарық көрген. Әріптесімізді туған күнімен құттықтай отырып, назарларыңызға «Екі Дің» поэмасын ұсынамыз.  tobyl-torgai.kz «Бұл қасиетті «Діңдер» Ақсақ Темірдің Тоқтамыс ханға жорығы кездерінде жау келер жақтағы жойқын даланы бір шолып ...

Толығырақ »

Сәби туралы сыр

(Эссе)  Отан отбасынан басталады. Отбасы – өзің, жарың, балаң.  Яғни, отбасының жауапкершілігі – бүкіл отанға деген жауапкершілік. Бірақ үйленгенде осының бәрін ойлап жатпайсың. Жұрт үйленіп жатқан соң, бір қызбен көңілің жарасқан соң, үйленесің. Ата-ананы қуанттың, өзің мәз болдың. Бір-біріңді қызықтап жүргенде бір күні жеті түнде жарың құлағыңа сыбырлап: «Біз үшеу болатын болдық», –  дейді. Сен түсінбей аң-таң боласың. Оған жарың ...

Толығырақ »

Қойшығұл

(әңгіме) Елуiншi жылдардың ортасы. Бiздiң бала кезiмiз. Ауылымыз кең-байтақ қазақ даласының бiр түкпiрiнде, аудан орталығынан алшақтау болғандықтан өсе алмай, баяғы мешеу күйiнде қалып қойған, әртүрлi тарихи-әлеуметтiк апаттардан зардапты көбiрек шеккен, ескерусiз ескi мүлiктей көзден таса, жабайылау, жадаулау ел едi. Кино, концерт дегендер бiздер үшiн ертегiмен бiрдей. Жан дүниемiзде әлдебiр рухани аштықтың белгiсi сезiлетiн. Ауданға облыстан әртiстер келiптi деген хабар естiсек, ...

Толығырақ »

Күлкі керуені

         Мен де 1 сәуірге ыңғайлап бірдеңе түрте отырайыншы… Сатираның садағын кейбір әуесқойлар сияқты тышталаң-тышталаң етпей, шірене тартқан Сейіт Кенжеахмет көкем: «Күлдіре білу – өнер, күле білу – өмір, күлкі болу – өлім», – деп еді-ау!.. «Менен бұрын айтып қойғанын қарашы-ей!» деп бетке күлімдей қарап, сырттай жаныңызды жеп айтатын өкінішіңіз ғана болмаса, бұл тәуір тіркесті теріске шығара алмайсыз. Ал Лев ...

Толығырақ »

Төлен ӘБДІКҰЛЫ Аялдамадан аялдамаға дейін

Ол автобусқа кіріп, орта тұстан орын алды. Алда бір топ қыз отыр екен. Өздері жап-жас, сүп-сүйкімді. Әлденеге мәз болып, күлісіп, бізді көрдіңдер ме дегендей жан-жақтарына қарап қояды. Бұл олардың әрқайсысына кезек-кезек көз тастап, іштерінен біреуін өзіне таңдай бастады. «Иә, әне біреу – шетте отырғаны сұлу екен, сол – менікі». Ол «өзінің» қызына қайта-қайта жалтақтап қарай берді. Кенет көздері мен көздері ұшыраса кетті. Бұл ...

Толығырақ »

Геометрия сабағы

                                                                           әңгіме «Сәлематсыңдар ма, балалар, отырыңдар. Бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбын жазыңдар: «Сүйір бұрыштың косинусы». Сүйір бұрыштың косинусы деп іргелес жатқан катеттің гипотенузаға қатынасын айтамыз… ...

Толығырақ »

Абылай МАУДАНОВ АМАНАТ

Сіздердің назарларыңызға ұсынылып отырған «Аманат» – әнге арналған поэма. Автор бұл шығармасында басты кейіпкер ретінде ақынды алады. Ол ақын Мағжан – кәдімгі қазақтың аяулы ақыны Мағжан Жұмабаев болуы да ғажап емес. Туындыда Алаш аманатын арқалаған тұлғаның ынтызар көңілі, сәтсіздікпен аяқталған ақ махаббаты жырланады. Поэма тез оқылады, тілі көркем, оқиғасы қысқа да нұсқа, нақты, оқырманын тез баурап алады. Ел аузында еміс-еміс ...

Толығырақ »

Қой жүнінен жасалған картиналар

25 наурыз күні Қостанай облыстық көркемсурет галереясында «Дала желі» атты көрме өтеді. «Дала желі – философиялық ұғым, бостандықтың белгісі, – дейді көрмені ұйымдастырушылардың бірі Бағлан Аңқауов. – Даланың желімен Қорқыт қобызының үні, Құрманғазының күйі, жыраулардың сарыны бізге жеткен. Кең байтақ далада көшпелі қазақтың өзіндік дүниетанымы, ерекше материалдық және рухани құндылықтары қалыптасты. Бұл ерекшеліктер ұлттық фольклорымызда, ою-өрнектерімізде, төрт түлігімізде көрініс тапты. ...

Толығырақ »

САЙЛАУ

әңгіме Орман, барлық орман атаулы сияқты, кәдімгі жаңа патша сайлау алдындағы абыр-сабырға, қарбаласқа толы әбігер күй кешіп жатты.…Бұл жолғы сайлаудың орны ерекше еді. Бұрын кімді патша тағайындайтынын, не үшін тағайындайтынын, неге Оны тағайындайтынын ешкім ешкімнен сұрап жатпайтын. «Мынау сендердің патшаларың» дейтін жоғарыдан. «Е-е, бопты, елімізге тыныштық, патшамызға қанағат бергей» дейтін ормандағы барлық тіршілік атаулы бірауыздан келісіп. Енді, міне, сұрап қалыпты: ...

Толығырақ »

Қостанай театрының табысы

«Бүгін театрдан жылап қайттық. Тасжүрек қоғам. Тасбауыр ұрпақ. Тастанды ата-ана. Өкініш-запыран, шерге толы дүние. Талауға түскен тағдырлар… Осындай көріністің бәріне Қостанайдағы І.Омаров атындағы драма театрында ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Ақылбек Шаяхметтің «Өкініш» спектаклінің тұсаукесерінде куә болдық. Өте әсерлі. Қойылымның бір ерекшелігі, актерлердің барлығы дерлік жастар болғанмен, анау Қарттар үйіндегі қариялардың рөлін қалай сомдады десеңізші. Режиссері де жас талант – ...

Толығырақ »