Tag Archives: Жангелдин ауданы

Торғайдың болашағы – туризмде

Қостанай облысының Жанкелдин ауданы өңір аймағының 19 процентін құрайды. Жеріміздің үлкендегі оның ланшафтының әралуандылығына, жануарлар мен құстар әлемінің көптүрлілігіне алып келеді. Бұл ретте, аймақты дамытудың драйверлерінің бірі туризм десек артық айтқандық емес. Туризм демекші, Торғай туризміне түреннен жол салған ағайынды Амандық, Талғат және Жәнібек Әмірхамзиндер екенін бәрі біледі. Олардың «Тылсым Торғайға туры» жыл сайын өзге аймақ тұрғындары тарапынан қызығушылық тудырып, ...

Толығырақ »

Торғай аймағында фабрикалар салынып, жаңа жұмыс орындары ашылады

Инвесторлар Арқалық қаласы мен Амангелді және Жангелдин аудандарында ірі кәсіп бастауға ниетті, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша бірнеше компания басшыларымен кездесу өткізді. 1. «SRS Holding LTD» компаниясы құрамында алтын бар және полиметалл кендерін қайта өңдеу бойынша жобаларды ұсынды. Компания Арқалық қаласында, Амангелді және Жангелдин аудандарында 3 ...

Толығырақ »

Мұхамбетов Торғайда белгісіз аурудан мал қырылып жатқанын білмейді екен

фото: ҚазАқпарат Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Жангелдин ауданында таралған мал ауруы туралы естімегенін болып шықты. Қайта ол өңірдегі эпизоотиялық жағдайды тұрақты деп бағалайды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz, Express Qazaqstan-ға сілтеме жасап.  Ауданға қарасты Көкалат ауылында мал ауруы белең алып тұр. Алайда жергілікті билік ол мәселені тұрғындарға айтқызбайтын көрінеді. Алдымыздағы аздаған малымыз қырылып қалса, немен күн көреміз? Кейбір шаруашылықтарда шығын да болды. Бірақ ...

Толығырақ »

Жангелдин ауданында Дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды (ФОТО)

Бүгін Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов жұмыс сапарымен Жангелдин ауданында болды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Бірінші кезекте Торғай ауылында Дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің ашылуына қатысты. Құрылыс құны 541 млн теңгені құрайды. ДСК-нің жалпы ауданы 1601,4 м2.  Өткізу қабілеті 30 адам/ауысымда, 100 көрермен орнына арналған трибуна. ДСК-де жаттығу залы, күрес түрімен айналысуға арналған зал, сондай-ақ ойындар өткізуге арналған зал: волейбол, бадминтон, үстел теннисі ...

Толығырақ »

Ұлт ұстазының туғанына 150 жыл: Үкіметке ұсыныс…

Ақымет Байтұрсынұлы – ұлттық дамудың талай жыл әбден тот басып қараусыз қалған, тіпті қараң қала жаздаған тегершігін бір өзі айналдырып көріп, мігірсіз қозғалысқа қосып берген, ертегінің ерлеріндей ерен тұлға. Туған халқының рухани жаңғыруының сырын тап ондай біліп, сол жолда қалтқысыз еңбек етіп, мәңгі ескірмейтін ағыл-тегіл мол үлес қоса алған қайраткер қазақ топырағында оған дейін де, одан кейін де болған емес ...

Толығырақ »

Торғайлық бойжеткен республикалық байқаудың бас жүлдесін жеңіп алды

«Assyltas» қоғамдық қоры ұйымдастырған «100 өлең» республикалық байқауынының қорытындысы шықты. Торғай өңірінің тумасы, Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп түлегі Жанмұрат Ақерке Жанмұратқызы (Есенқызы) жеңімпаз деп танылып, Lada Granta көлігіне ие болды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Қуанышты жаңалықты Абай Қасым есімді Фейсбук қолданушысы бөлісті. «Құрметті торғайлықтар, сүйінші хабар! Алматы қаласында бүгін алты сағатқа созылып өткен республикалық 100 өлең байқауының бас жүлдесін Ш.Уәлиханов атындағы орта ...

Толығырақ »

Жангелдин ауданының тұрғындары ауыл әкімдерін сайлап жатыр

Қостанай облысының Жангелдин ауданында екі ауылдық округ пен төрт ауылда сайлау өтіп жатыр деп хабарлайды BAQ.KZ. Сужарған ауылдық сайлау комиссиясының хабарлауынша, сағат 7-9 аралығында елуге тарта адам дауыс берген. Бұл – барлық сайлаушылардың шамамен төрттен бірі. Таңғы сағат алтыдан бері учаскедеміз. Ауыл тұрғындарының белсенділігі жаман емес. Малын өріске жіберіп, шаруасын ыңғайлап келіп жатыр, — дейді №294 Сужарған ауылдық сайлау комиссиясының ...

Толығырақ »

Жангелдин ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы семинар өтті

Жангелдин ауданы әкімдігінің «Аудандық тілдерді оқыту орталығы» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің жылдық жұмыс жоспарына сәйкес «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» атты семинар болып өтті деп хабарлайды tobyl-torgai.kz.  Семинардың басты мақсаты — Елбасы, ҚР Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 986 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының негізгі бағыт-бағдарын түсіндіру.  Осы стратегиялық құжаттың сыбайлас ...

Толығырақ »

«Амалымыз қалмады…»: Торғай жұрты тасаттық беріп жатыр

Соңғы кездері еліміздің әр өңірінде құрғақшылық болып, жұрт малынан айырылып жатыр. Қостанай облысында да дала шөбі өртеніп, дауыл соғып, жұртты әбігерге салып жатыр. Әйтеуір табиғат тосын мінезін танытып тұр. Амалы құрыған жергілікті халық діни наным-сенімге жүгініп, тасаттық беріп жатыр деп хабарлайды tobyl-torgai.kz.   ЭК сайтының жазуынша, құрбандыққа шалатын малды жергілікті тұрғындар әркім шамасы келгенше бес-он мың теңгеден қаржы қосып сатып алыпты. ...

Толығырақ »

Ресей зымырандарының құлау аймағы ретінде Жангелдин ауданы таңдалған

Парламент Сенатының жалпы отырысында «Союз-2» зымырандарын ұшыру жөніндегі келісімді ратификациялау туралы заң жобасы қабылданды деп хабарлайды BAQ.KZ.  Қазақстан мен Ресей Федерациясының Үкіметі поляр маңындағы орбиталарға солтүстік бағытта ғарыш аппараттарын ұшыру үшін «Байқоңыр» ғарыш айлағынан «Союз-2» типіндегі тасымалдағыш зымырандарды ұшыруды жүзеге асыру жөніндегі ынтымақтастық туралы келісімге 2019 жылғы 20 маусымда Нұр-Сұлтан қаласында қол қойған. «Осы келісім бүкіл әлемді кеңжолақты интернетпен қамтамасыз етуге ...

Толығырақ »