Tag Archives: Қостанай

Ашық хат: «Алло, Ахметов мырза! Сіз неге үндемейсіз?..»

«Әкім бол, халқыңа жақын бол» деген сөз тіркесі қазір жиі айтылады,  баспасөз бетінде де көп қолданылады. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев та әкімдерге «сендер халықтан жоғары емессіңдер, халыққа қалтқысыз қызмет етіңдер» деп ескертіп отырады. Бірақ осыны ескеретін де, тіпті ескермек түгіл, халықтың ұсыныс-тілегін, айтқан орынды пікірін қаперге алмайтын әкімдер де жетіп-артылады. Соның бірі – Қостанай қаласының әкімі Қайрат Ахметов. Бұған дейін Федоров ...

Толығырақ »

Қостанай шенеуніктері тұрғындармен аудармашы арқылы сөйлесіп жүр

Қостанай қаласының әкімдігіне сұрақтары туындап, кадр бөліміне хабарласқан журналист Әсел Мұхамбетова шенеуніктерден мемлекеттік тілде сөйлейтін адам таппай қиналған, деп жазды tobyl-torgai.kz. «Менің қазақша сауалдарымнан үркіп, трубканы бір-біріне «лақтырған» бөлім мамандарының әрқайсысына қайта-қайта мәселемді баяндауға мәжбүр болдым. Сабырлы және сыпайы болдым. Қазақша сөйлемек түгілі түсінбейді екен, «переведите на русский» деді. Даусымды қатайтып, «маған қазақша сөйлейтін адам табыңыздар, жылдам»… Қысқасы, Айнұр есімді ...

Толығырақ »

Қостанайда екінші ауысым оқушыларына сабақ болмайды

Қостанайда қатты боранға байланысты 1-11 сынып оқушылары сабақтан босатылды деп хабарлады tobyl-torgai.kz.   Бұл туралы қалалық білім бөлімі хабарлады. Балалар оқу бағдарламасынан қалмас үшін сабақтар қашықтан өтеді. Сонымен бірге Рудный қаласының оқушылары да онлайн форматта оқиды.

Толығырақ »

Қостанайда біреудің көлігін айдап кеткен 22 жастағы тұрғын ұсталды (ВИДЕО)

Қостанайдың құқық қорғау органдары ВАЗ-2107 көлігін айдап кеткен 22 жастағы жергілікті тұрғынға қатысты тергеуді бастады. Оқиға 13 ақпан күні болған, деп хабарлады tobyl-torgai.kz, облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Таңертең тұрғын көлігінің жоғалғанын көріп, полицияға арыз жазған. Ол көлікке дабыл құралы орнатылмағанын айтты. Бір күн бұрын жанармай құйған екен. «Полиция жасақтарына бірден хабар берілді. «Автоураган» автоматтандырылған кешенінің көмегімен «Әуежай» ауданы маңында көлік қозғалысы ...

Толығырақ »

Қостанайда дүкенде мұғалім мен дәрігер төбелесіп қалды

Қостанай әкімшілік соты Назарбаев Зияткерлік мектебінің мұғалімі Гүлжан Құсниярованы «Жемчужина» жеке клиникасының дәрігері Диана Ахметованы жаралағаны үшін кінәлі деп тапқан, деп хабарлады tobyl-torgai.kz, «Наша газета» басылымына сілтеме жасап. Бүгінде педагог жұмыстан шығарылған. Ал оқиға 2020 жылы 15 қарашада «Әуежай» шағын ауданындағы «Первый продуктовый» дүкенінің кассасында болған. Куәгерлердің айтуынша, Құсниярова мен оның анасы Асма Исмағамбетова кассаға алған тауары үшін ақы төлеуге ...

Толығырақ »

Қостанайда автобус жүргізушілері ереуілге шықты (ВИДЕО)

Қостанай тұрғындары WhatsApp-та белсенді түрде бір топ жергілікті қоғамдық көлік жүргізушісі бірқатар шағымға байланысты 8 ақпанда жұмысқа шықпауға уәде бергені түсірілген видеоны таратып жатыр, деп хабарлады tobyl-torgai.kz, «Наша газета» басылымына сілтеме жасап.  Жүргізушілер видеоны қостанайлықтардан кешірім сұрап бастады, содан кейін талаптарын — өздеріне лайықты жалақы белгілеуді, жұмыс істемейтін валидатор мен кондуктордың функцияларына жауапкершілікті алып тастауды айтты. Қолма-қол ақшамен жүру бағасының өсуі де жүргізушілерге әсер ...

Толығырақ »

Алтын қолды абзал адам

Марат аға! Бұл сәби күннен санада сақталған, жүректе жатталған, аса құрметпен аталар есім еді. Марат ағаның отпускіге келуі – Көкалат үшін тосын мереке іспетті еді. Елдің бәрі сыйлы мейманды қонаққа шақыруға кезекке тұрар еді. Апам әулеттің қыздарының ауылдағы үлкені болғасын, алдыңғы кезек біздің үйге тиер еді. Сол күні тәтелерім үйдің кішкентайы мені жуындырып, киіндіріп, жұтындырып қояр еді. Әдетте өзіне меншіктеп, ...

Толығырақ »

«Қызыл» аймақтағы Қостанайда карантин 7 желтоқсанға дейін созылды

Қостанай облысында карантин шараларғы 7 желтоқсанға дейін ұзартылды деп хабарлады tobyl-torgai.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Естеріңізге сала кетейік, 16 қарашадан бастап Қостанай облысында қатаң карантин шаралары енгізілген болатын. Облыстық жедел штабтың шешімімен жабық спорт объектілерінің жұмысына тыйым салынды. Сонымен қатар қоғамдық тамақтану орындарына шектеу енгізілді, атап айтқанда, 1 үстелге 4 адамнан артық отырмайды, үстелдер арасындағы қашықтық 2 метрден кем болмауы тиіс, ...

Толығырақ »

Қостанайлық 80 жастағы зейнеткер Ресейдегі ғашығына жете алмай отыр

Қазақстандық 80 жастағы зейнеткер Ресейдегі ғашығына жете алмай отыр. Алғашқы махаббатын 65 жыл өткеннен кейін тапқан ақсақалды көші-қон құжаттарын дұрыс рәсімдемегені үшін көршілес елден депортациялаған. Бұл туралы arasha.kz сайты жазды.  Романтикалық оқиға сонау Кеңес Одағында басталыпты. Александр Крум мен Ольга есімді сұлу Қазақстанда оқып жүргенде танысады. Үш жылғы достықтары сүйіспеншілікке ұласады. Бірақ Оля оқуын жалғастыру үшін Пермь қаласына кетеді. Александр ...

Толығырақ »

«Өңірлердің қажеттіліктерін ескеру қажет»: Мұхамбетов 26 санитарлық автокөлік кілтін табыстады

Бүгін Қостанай қаласында облыс әкімі 26 санитарлық автокөліктің кілтін табыстады. Бұл туралы Архимед Мұхамбетов өзінің инстаграм парақшасында жазды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz.  Әрбір көлік облыс халқына шұғыл медициналық көмек көрсету үшін заманауи жабдықтармен жабдықталған, оған дефибриллятор аппараты, пациенттің тыныс-тіршілігін бақылауға арналған монитор, оттегі қоры жоғары ӨЖЖ аппараты, ЭКГ аппараты, аспиратор кіреді. Облыс әкімі автокөліктерді бөлгенде өңірлердің қажеттіліктерін ескеруді тапсырды. Архимед Мұхамбетов ...

Толығырақ »