Tag Archives: Қостанай

Қостанайда 22 жастағы спортшы Аян Моладағалиев қайтыс болды

Бүгін Қостанайда 22 жастағы спортшы Аян Моладағалиевті жерлестері ақтық сапарға шығарып салды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Қаралы хабарды Қостанай облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасы жеткізді. Аян спорт гимнастикасындағы жолын 2007 жылы бастаған. Талай жарыстарға қатысып, Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы атанды. Халықаралық турнирлерде де жеңіске жетіп, жоғары кәсіби деңгейін дәлелдеді. 2018 жылы Аян Индонезияда өткен жастар арасындағы Азия чемпионатында қола жүлдегер ...

Толығырақ »

Қостанайда 39 жастағы тұрғын колледж студенттерін жезөкшелікпен айналысуға тартқан (ВИДЕО)

Қостанайда тұрғын колледж студенттерін жұмысқа орналастырамын деп, кейін оларды жезөкшелікпен айналысуға үгіттеген, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.  Дерекке сүйенсек, полиция дәл осы қылмыс схемасын ашып, жеңгетайды ұстаған. Ол 39 жастағы тұрғын болып шықты. Әрі әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы ұзақ уақыт бойы ісін жүзеге асырып келген. Алдымен ол массаж шебері ретінде жұмысқа орналасу туралы сұхбат жүргізіп, кейін ол қыздарға ақшалай ...

Толығырақ »

Қостанай әкімдігі Владимир Путинді күтіп алу үшін 11 миллиард теңге жұмсамақшы

Күзде Қостанай қаласында Ресей мен Қазақстанның ХІХ Аймақаралық форумы өтеді. Жиынға Ресей президенті Владимир Путин мен Қасым-Жомарт Тоқаев та қатысады деп күтіледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.  Қала әкімдігі Аймақаралық форумға 11 миллиард теңге жұмсамақшы. Айтулы шараға орай дайындық қазірден басталып кеткен. Қазір қалада асфальт төселіп, ағаш егіліп жатыр екен. Қала әкімі Марат Жүндібаев “Наша Газета” басылымына форумға дайындық аясында Smart-орталық салынып, қаланың жарықтандыру жүйесі жөнделеді, ...

Толығырақ »

Қостанайда науқас қыз лас жұмысқа жегілген: интернат директорына үкім шықты

Қостанай қаласының №2 сотында әлеуметтік қорғау басқармасының бөлім басшысы Майдашаш Жұмағалиға, оның қызы Камила Бимендинаға және Пешков психоневрологиялық интернат-үйінің директоры Дамира Әбелдиноваға үкім оқылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі мәлім еткендей, әйелдер ҚР ҚК-нің үш бабы бойынша кінәлі деп танылды: 128-бап «Адамды өзінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып жалдау, тасымалдау, өткізу», 126-бап «Бас бостандығынан заңсыз айыру», 362-бап «Билік пен лауазымдық өкілеттіктерді асыра ...

Толығырақ »

Жануарлар қалдығын өртеген: Қостанай тұрғындары жағымсыз иіске шағымданды

Қостанай тұрғындары «Kostanay Plaza» сауда үйі қоршауының ар жағында орналасқан инсинератор пешінен шыққан жағымсыз иіске шағымданды. Бұл қондырғыда жануарлардың қалдықтары өртенген, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz «Костанайские новости» басылымына сілтеме жасап. Видео әлеуметтік желіде таралып, қызу талқыланып жатыр. Мән-жайын анықтап жатырмыз. Қазірдің өзінде нақты айта аламын, инсинератор пеші ветеринария бөліміне тиесілі емес. Ол мал сою пунктіне тиесілі болуы мүмкін, — деп түсіндірді Қостанай облысының ...

Толығырақ »

Қостанайда із-түзсіз жоғалған 22 жастағы жігіт туралы ақпарат үшін сыйақы тағайындалды

Қостанайда 1 наурыз теміржол вокзалы маңындағы жұмысынан шығып, із-түзсіз жоғалған 22 жастағы жігітті іздестіру жұмыстары жүріп жатыр. Жігіттің әкесі баласының қайда жүргені туралы ақпарат үшін сыйақы төлеуге дайын екенін айтып, видео жолдады, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz Аlau.kz сайтына сілтеме жасап. Видеоны «Барыс» іздестіру-құтқару жасағының еріктілері жариялады. Біз 1 наурызда жоғалып кеткен 2001 жылы туған Жалғас Хамитовтың ата-анасымыз. Баламыздың нақты мекен-жайын біліп, ...

Толығырақ »

Қостанай облысында қаржы пирамидасын ұйымдастырушы сотталды

Пирамида ұйымдастыру фактісін ҚМА Қостанай облысы бойынша департаментінің қызметкерлері анықтады, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. 2021 жылы сотталушы «Antares» қаржы (инвестициялық) пирамидасының құрылымдық бөлімшесінің қызметін басқарғаны және адамдар алдын ала сөз байласу бойынша азаматтарды шетел валютасындағы қолма-қол ақша салуға тартқаны, күнделікті кепілдендірілген пайда алу мүмкіндігі туралы жалған ақпарат таратты, – делінген хабарламада. Бұл әрекеттермен 33 жәбірленушіге жалпы сомасы 50 млн теңгеге жуық материалдық ...

Толығырақ »

Қостанайда үш жасар қызды ит талап тастады

Қостанай облысында қабаған ит үш жасар қызды талап, бет-аузының сау-тамтығын қалдырмаған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy. «Алау» порталының жазуынша, оқиға 6 мамырда Тобыл қаласында болған. Үш жасар сәбиге питбуль иті тарпа бас салып, бетін жұлып алған. Қостанай облыстық балалар ауруханасы хирургия бөлімінің меңгерушісі Игорь Белобржицкийдің айтуынша, бала ауыр халде түскен. Қыз бала ауруханаға ауыр халде, шок жағдайынада жеткізілді. Ерні, бет-аузы жыртылған. ...

Толығырақ »

ҰҚК Қостанайда Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты ұйымның басшысын ұстады

ҰҚК қызметкерлері Қостанайда Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты ұйымның басшысын ұстады, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. ҰҚК Қостанай облысы бойынша департаменті сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі бойынша «Резерв» ШЖҚ РМК басшысы Б.Оңайбаевты (Қазақстан Республикасы ТЖМ Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің ведомстволық бағынысты ұйымы) ұстады. Жедел жете тексеру барысында оның 2022 жылы мамырда кәсіпкердің коммерциялық қызметіне жалпы қамқорлық жасағаны үшін заңсыз ақшалай сыйақы алуға қатысы ...

Толығырақ »

«Әділеттілік қайда?!»: Қостанайда баспана ала алмай жүрген жетімдер үйінің түлегі әкімдікпен соттасып жатыр

Жетімдер үйінен шыққан Руслан Қонақбаевтың тұрғын үй қатынастары бөліміне және Қостанай әкіміне қатысты талап арызы бойынша сот процесі 6 сәуірде мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында онлайн режимінде өтті, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz Наша Газета сайтына сілтеме жасап. Руслан – жетім, 1-топтағы мүгедек. 2023 жылғы ақпанда ол азаматтарды бірыңғай қабылдау кезінде Қостанай облысының әкіміне жүгінді. Дәл осы мәселе жуырда сотта қаралатындықтан, Құмар Ақсақалов ол кезде ...

Толығырақ »