Tag Archives: Қостанай

Марат Жүндібаев Қостанай қаласының әкімі болып тағайындалды

Қостанай қаласы мәслихаты депутаттарының келісімі бойынша және облыс әкімі Архимед Мұхамбетовтің өкімімен Жүндібаев Марат Қонысбайұлы Қостанай қаласының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлады tobyl-torgai.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  М. Қ Жүндібаев Қостанай ауданы Новоселов ауылының тумасы, үш жоғары білімі бар. 20 жылдан астам Қостанай облысының жергілікті атқарушы органдарының құрылымдарында әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеді, соның ішінде облыс әкімінің орынбасары болды, сондай-ақ Президент ...

Толығырақ »

«Қостанай деген қарғыс атқан қала»: Боқтаған футболшыға Мұхамбетов жауап берді

Кезінде Талдықорғанның «Жетісу» командасында доп тепкен қақпашы Алмат Бекбаев сол кезде әлеуметтік желіде «Қостанай деген бір жексұрын қала екен. Пиццаға да тапсырыс бере алмайсың. Камооон, факин, щеееет!» деп боқтаған еді. Осыған байланысты спортшыға жауапты облыс әкімі Архимед Мұхамбетовтің өзі жауап берді деп хабарлайды tobyl-torgai.kz, Экспресс К сайтына сілтеме жасап.  Алматты негізі жақсы танимын. Мен Ақтөбеде әкім болғанда жергілікті командада ойнаған еді. ...

Толығырақ »

Қостанай жылқысы аламан түріне қосылады

Ұлттық спорт қауымдастығының ұсынысымен тек қана Қостанай жылқысы қатысқан жеке аламан өткізу дәстүрге айналады деп хабарлайды tobyl-torgai.kz, BAQ.KZ-ке сілтеме жасап. Бұған дейін елімізде «Алтын тұлпар» (51 км), «Аламан бәйге» (25-31 км), «Бәйге» (Топ бәйге) (16-21 км), «Құнан жарыс» (7-9 км), жорға жарысы (7-9 км) және тай бәйгесі (3-5 км) өткізіліп келген болатын. Алдағы уақытта бұл аламандардың қатарына Қостанай жылқысының бәйгесі қосылады. Бұл ...

Толығырақ »

Қостанайда колледж оқытушысын ұрып-соққан: Полиция істі жылы жауып қойыпты (ВИДЕО)

Қостанай жоғары медициналық колледждің мұғалімі Наталья Жоламанова соққыға жығылып, бірнеше күн жансақтау бөлімшесінде жатып шықты. Оны жәбірлеген тұрғын әлі бостандықта жүр деп хабарлайды tobyl-torgai.kz, Express Qazaqstan-ға сілтеме жасап.  Наталья Жоламанова биыл мамыр айында өз үйінде таяқ жеген. Қызмет көрсетуге келген жұмысшы К.Сорокин әйелге қысым жасап, оны бетінен үш рет ұрған. Жәбірленуші дереу полицияға қоңырау соғады. Оқытушы әйел слесарьдің өзіне ешқандай жақын ...

Толығырақ »

Қостанайда жеті жасар қыз бала үйінде өртеніп кетті

Қостанай қаласында алты пәтерлі кірпіш үйден өрт шығып, жеті жасар қыз бала көз жұмды. Ал 80-88% күйікпен ауруханаға жеткізілген анасының халі нашар деп хабарлайды tobyl-torgai.kz.  Өрт туралы хабарлама құтқарушыларға 24 қараша күні сағат 17:20-да келіп түскен. Ал сағат 17:34-те өрт сөндірушілер оқиға орнына келді. Алты пәтерлі кірпіш үйде қабырға мен төбе жабыны өртене бастаған. 50 шаршы метр алаң жалынға оранды. Өрт ...

Толығырақ »

«Президентке, Парламентке хат жазамыз!»: Көлігі есептен шығарылған қостанайлықтар наразылыққа шықты

Ресейде есептен шығарылған бірқатар көлік айыппұл тұрағына жіберілді. Бұған әр аймақта наразылық білдіріп жатқандар көп. Қостанайлық жүргізушілер де жергілікті билікпен кездесу өткізді деп хабарлайды tobyl-torgai.kz, Express Qazaqstan-ға сілтеме жасап.  Кездесуде полиция өкілдері жүргізіліп жатқан іс-шараның мәнісін түсіндірді. Ресейлік нөмірі бар көлік мінгендердің бәрі бірдей заңсыз жүрген жоқ. Жарамды тіркеуі, сатып алу, сату шарты және сақтандыру полисі бар жүргізушілер көп. «Жол қозғалысы туралы» заңға ...

Толығырақ »

Қостанайда жалған іссапардан пайда тапқысы келген шенеунік сотталды

Алаяқтық жасады деп айыпталған аумақтық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясы басшысының орынбасарына қатысты үкім шықты деп хабарлайды tobyl-torgai.kz, Қостанай облыстық сотының ресми сайтына сілтеме жасап. Сотталушы бөтеннің сеніп тапсырған мүлкін ұрлаған. Ол лауазымды тұлға ретінде мемлекеттен іссапарларға бөлінген қаражатты жымқыруға әрекет жасаған. Сотта анықталғандай, айыпталушы осы жылдың қаңтар айында қарамағындағыларға екі инспекциялық бөлім қызметкерлерін іссапарға жіберу үшін қажетті құжаттарды дайындау ...

Толығырақ »

Қостанайда ХҚКО қызметкерлері жүргізуші куәліктерін сатып келген

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қостанай мен Ақмола облыстарында Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарының заңға қайшы әрекетін анықтаған деп хабарлайды tobyl-torgai.kz.  Қызметкерлер жол ережелері туралы теориялық емтихан тапсырмаған азаматтарға сынақтан сәтті өткені туралы бланкілерді сатып келген. Олардың орнына емтиханды арнайы дайындалған жалған тұлғалар тапсырған. Мәселен, Ақмола облысында емтихан қашықтан ұйымдастырылса, Қостанай облысында бетперде мен кепке киген жалған тұлғалар тестті емтихан сыныбында отырып ...

Толығырақ »

Қостанайда жол жөндеуге бөлінген 27 миллион теңгені жымқырған (ВИДЕО)

Қаржылық мониторинг агенттігі Қостанай қаласында жолдарды қайта жөндеу кезінде 27 млн теңгеден астам қаражатты жымқыру дерегін анықтады деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Тергеу мәліметтері бойынша, мердігер «Galara» ЖШС мен Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі арасында 612 миллион теңгеден астам сомаға Қостанай қаласының Набережная көшесін қайта жөндеу шарты жасалған. «Galara» ЖШС Бас директоры ТКШ бөлімі инспекторының көмегімен іс жүзінде ...

Толығырақ »

Қостанайлық спортшылар Әлем чемпионатына қатысу үшін ақша таппай жүр

Қостанайлық спортшылардың әлем чемпионатына баруға ақшасы жоқ. Мұндай келеңсіз жағдайға кір тасын көтерушілер қалып отыр. Ал бұл ретте елімізде кір тасын көтерушілер арасында осы аймақтың спортшылары үздік саналады. Биыл ел чемпионатында 15 алтын медаль жеңіп алғанына қарамастан енді олар әлемдік жарыстарға бару үшін қаражат жинауға мәжбүр деп хабарлайды tobyl-torgai.kz, 31 телеарнаның «Информбюро» жаңалықтар топтамасына сілтеме жасап. Логикалық және ережелерге сәйкес бұл функцияны бұрынғы ДШНК деп ...

Толығырақ »