Таспа

Елбасы Қазақстан құрамасын Универсиадада сәтті өнер көрсетуімен құттықтады

Мемлекет басшысы 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиадада жоғары көрсеткішке жеткен ұлттық құрама мүшелерін құттықтады деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. «Сіздердің қайсарлықтарыңыздың арқасында Қазақстанның жалпы командалық екінші орынға қол жеткізуі — елдің биік беделінің, бұқаралық спорттың дамығандығының айқын көрсеткіші. Қазақстанның спорт мектебінің даңқын тағы бір мәрте асқақтатып, жоғары дайындықтарыңызды, жеңіске деген ұмтылыс пен ерік-жігерлеріңізді көрсеттіңіздер. 2017 жылғы универсиада барлық қазақстандықтар үшін нағыз ...

Толығырақ »

Білім және ғылым министрі Н.Назарбаевқа есеп берді

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевті қабылдады деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Кездесу барысында Мемлекет басшысына Білім және ғылым министрлігінің 2016 жылғы жұмысының қорытындылары жөнінде есеп берілді. Нұрсұлтан Назарбаев білім және ғылым жүйесінің алдағы реформаларды, Қазақстан Президентінің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жолдауын іске асырудағы маңызды рөлін атап өтті. «Біз ел ішінде ...

Толығырақ »

Жол ережесін бұзғаны үшін салынатын айыппұл екі есе қысқартылмақ

Қазақстанда Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгертулер енгізу туралы заң жобасы әзірленуде. Оның аясында айыппұл санкцияларын босаңсыту қарастырылған деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Кодекс ізгілендіруге бағытталған. Осы орайда Кодексті қатаңдатуды көздейтін ешбір түзету ескерілмеген. Мәселен, мүгедектерге арналған орынға тоқтағаны үшін 50 АЕК ескерілген, яғни 110 мың теңгеден астам. Оны кем дегенде екі есеге азайту ұсынылуда. Қосымша қарастырып, бұдан да артық қысқартуымыз мүмкін. ...

Толығырақ »

Жанармай не себепті қымбаттады?

Қазақстан Республикасының энергетика министрі Қанат Бозымбаев бензин бағасының не себепті өскенін түсіндірді деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. «Қымбаттаудың бір себебі — бұл екі апта бұрын импорт бензині сатып алынған кезде теңгенің рубльге шаққандағы бағамының өзгеруі. Осыған орай ресейлік бензиннің бағасы өсті. Өздеріңіз білетіндей, өткен жылдан бастап теңге бағамы рубльге шаққанда 20 пайызға әлсіреді. Сол себепті де рубльмен алғанда ондай қымбат емес, ал ...

Толығырақ »

Биыл елімізде зейнетақы қалай өзгереді?

Қазақстанда зейнетақы және әлеуметтік төлемдер мөлшерінің жыл сайынғы артуы дәстүрлі үрдіске айналды. Жаңа жылдан кейін Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес көптеген қазақстандық зейнетақының 20 пайызға артуын күткен болатын. 2017 жылғы зейнетақы төлеміндегі жаңашылдықтар туралы Рrimeminister.kz сайтына ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова айтып берді. Тұрақты түрде арттыру Еске салсақ, Қазақстан Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған салтанатты жиында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан ...

Толығырақ »

Универсиада-2017: 7 ақпандағы ойындар кестесі

Алматыда өтіп жатқан ХХVIII қысқы Универсиада ойындарының аяқталуына да аз күннің жүзі қалды. Бүгін Қазақстан құрамасы шорт-тректен медальға таласады. Сондай-ақ биатлоншылар алтынға таласады және Қазақстан құрамасының хоккейшілері Чехия командасымен финалға өту үшін мұз айдынында кездеседі. Vesti.kz бүгінгі ойындар кестесін ұсынады. Спорт түрі: Таушаңғы спорты. Слалом. Ерлер; Қатысушы (Қазақстаннан): Захар Кучин, Сергей Данов, Алексей Сысоев; Басталуы: Астана уақытымен сағат 10:00-де, Хабар арнасы. ...

Толығырақ »

Астанада Сириядағы жағдайды реттеуге қатысты техникалық кездесу аяқталды

Ресей Федерациясы Қарулы Күштері Бас штабының Жедел басқару басшысының орынбасары, Ресей делегациясының басшысы Станислав Гаджимагамедов Астанаға келген делегациялардың Сириядағы жағдайды реттеуге дайын екенін мәлімдеді деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ресей, Түркия және Иран, сондай-ақ, БҰҰ өкілдері бүгін, 6 ақпанда Астанада Сириядағы жағдайды реттеуге қатысты техникалық кездесу өткізді. Отырысқа қатысушылар Сириядағы соғысты қалай тоқтатуға болатынын және елді қауіпсіздікпен қамтамасыз ету үшін қалай тиімді ...

Толығырақ »

Елбасы Чехия Парламенті Депутаттар палатасының төрағасымен кездесті

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Чехия Парламенті депутаттар Палатасының төрағасы Ян Гамачекпен кездесті деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың нәтижелері мен болашағы талқыланды. Мемлекет басшысы Қазақстаннның екі ел арасындағы қарым-қатынасты экономикалық және саяси салаларда реттеуге дайын екенін айтып өтті. «Сіздің сапарыңыз өте маңызды. Чехия Республикасымен бірден жақсы қарым-қатынас орнаған болатын. Чехия президенті бізде қонақта болды. ...

Толығырақ »

АҚШ долларының бағасы 321,94 теңге болды

Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталарымен күндізгі сауда-саттық сессиясы аяқталды. Спот-нарығындағы сауда-саттықтың қорытындысы бойынша: — есептесуі теңгемен Т+0 АҚШ долларының (USDKZT_TOD) орташа сараланған бағамы 321,94 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі — 61 150 мың АҚШ долларын құрады; — есептесуі теңгемен Т+1 және Т+2 АҚШ доллары бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ; — есептесуі ...

Толығырақ »

Арқалық маңындағы қар басқан ауылдан балалы әйел құтқарылды

5 ақпан күні кешкісін төтенше жағдайлар кезінде көмек көрсету қызметіне Арқалықтан 80 шақырым қашықтықта орналасқан Алуа ауылынан шұғыл хабар келіп түскен. Жаңа туған сәбиі бар жас анаға жедел түрде медициналық көмек қажет болған деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. Қостанай облыстық ТЖД баспасөз қызметі мәлім еткендей, оқиға орнына Солтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел-құтқару тобының арнайы техникасы шұғыл жіберілді. «Арқалық бөлімшесінің мамандары «Нива ...

Толығырақ »