Алайда, Қазақтың Сарыарқасы әзір Еділ қалмақтарының бұларға қосылуына мүмкіндік бермек түгіл, 1723-26-жылдары Әбілхайыр хан мен Сәмеке хан қолдары Еділ қалмақтарын шауып, олардың көптеген мал мүлкін олжалап, босқындарға таратып беріп, елді әбден тыйландырды. 1729 жылы Еділ және Жаңа қалмақ күштерін бейтараптандыру шабуылдары қазақ хандары Әбілхайыр, Сәмеке тарапынан жүргізіліп жатты. «Бұрынғыны білмеген жөндеп жылай да алмайды», ...
Толығырақ »Туынды
Ибраһим АҒЫТАЙҰЛЫ. Ахаң және ел-жұрты
Бұған дейін де Ахаң, Ахаңның арғы тегі Үмбетей руының шежіресін хатқа түсіріп, шағын-шағын мақалалар, естеліктер жинастырғаным елге мәлім. Аға ұрпақ өкілі ретінде өз әлімше әлі күнге талаптанып келемін, өйткені, ол менің парызым, өмірімнің мәні есепті. Бұл жазғаным ұрпаққа Ата қоныс, ел-жұрт иелері жайлы мәліметтерді мағлұм етпек. Мұндағы деректер дәйектілігімен, танымдық құндылығымен ерекшеленеді деген ойдамын. «Ел бүгіншіл, менікі ертеңгі үшін» деген ...
Толығырақ »Су астында ауыл да, қала да тұр…
Дамира Ахметханова 2003 жылы 11 қарашада Қостанай облысының Арқалық қаласына қарасты Қайыңды ауылында дүниеге келген. Қайыңды ауылындағы орта мектепте білім алып, одан кейін оқуды Астана қаласының №35 мектеп-лицейінде жалғастырды. Орта білім алғаннан кейін Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Экономика» факультетіне оқуға түсті. Қазір осы білім ордасында «Менеджмент» мамандығы бойынша 3-курста оқиды. Дамира Дулатқызының өлең жазуға қызығушылығы бала кезінен басталған. ...
Толығырақ »Төлен ӘБДІК. Қонақтар
Әңгіме Курорттан қайтып бара жатқан сапарларында жолай үйге соқпақ болған балаларын күтіп, Ерғабыл шал түн ортасы ауғанда жатса да, ертеңіне күн шықпай оянды. Алагеуімде үндемей жүріп киініп алды. Мәсісін де, шұлғауын да ешкімнен сұраған жоқ. Кенет әжептәуір қатқыл дауыспен: — Әй, шақшам қайда? — деді ұйқылы-ояу жатқан кемпіріне. — Кемпір естіді ме, естімеді ме — міз бақпады. Ерғабыл оның үстіне ...
Толығырақ »«Шафер үйі» музейі туралы
Павлодарда ғажап адам өмір сүреді, аты-жөні — Наум Григорьевич Шафер, өзі профессор, музыкатанушы, композитор, сосын КОЛЛЕКЦИОНЕР. 91 жаста. …Осы күнге дейін «Шафер үйі» музейі туралы білмей келгеніме кәдімгідей ұялып қалдым. Қазақ тіліндегі насихаты кемшін болды ма, біздің елдегі жалғыз грампластинкалар музейі туралы Павлодар сапарында ғана естідім, барудың да сәті түсті. «Шафер үйіне» жыл сайын 10 000-нан астам адам келеді. Сонда ...
Толығырақ »Амангелді КЕҢШІЛІКҰЛЫ. Парасат майданының суреткері
(Эссе) Алтыншы сыныпқа көшетін жылы «Жүздесу» атты жинақтан халыққа танымал болып қалған бір топ қазақ қаламгерлерінің шығармаларын оқып шықтым. Солардың ішінен бір әңгіме ерекше әсер етіп, балалық көңілімде айрықша ізін қалдырып кетті. Әңгіменің аты «Оң қол», авторы – Төлен Әбдіков еді. Оймақтай ғана әңгіме мені түпсіз терең ойдың шыңырауына батырып жіберіп, жүрегімнің қақпасын қайта-қайта қаққан бір мазасыз сезім ұзақ ...
Толығырақ »Жұмат ӘНЕСҰЛЫ. Қаратаудың қара бекетіндегі қыс
(әңгіме) Бұл – 1917 жылдан кейін болған оқиға. Қаратаудың солтүстігіндегі Бетпақдаланың арғы бетіндегі көтерілістің у-шуы басылып, қызыл мен ақтың әскері Бетпақдаланы әлі ойқастап жүрген кез. Қаратаудағы қара бекет қыстың қиын кезінде, адасқан не тоңған жолаушы жылынып, есін жинайтын бекет еді. Осы бекетте елмен бірге көше алмай, елуден асқан әйел мен жасы он тоғызға толған қызы Қарғаш амалсыз осы Қара бекетті ...
Толығырақ »Алматыда Ахмет Байтұрсынұлы туралы фильмнің түсірілімі басталды
Алматыда Алаш ардақтысы, аса көрнекті ағартушы, қоғам қайраткері, ақын, публицист Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына арналған «Соңғы үкім» фильмінің түсірілімі басталды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz Zakon.kz сайтына сілтеме жасап. Түсірілім тобын режиссерлер Ерлан Нұрмұхамбетов пен Ерген Тоқмырзин басқарады. Нұрмұхамбетов Пусан халықаралық кинофестивалінде (Оңтүстік Корея) «Ореховое дерево» фильмі үшін «Жаңа ағым» номинациясында бас жүлдені жеңіп алған. Режиссердің соңғы картинасы «Конокрады. Дороги времени» Францияда ...
Толығырақ »Қымбат картина немесе балақайдың арманы
– Мәссаған, мына картинаны кім салған, ей? – дей бергенімде, асүйде жүрген бажам баж ете қалды: – Ойбай, жолама! Тиіспе ол суреттерге! – Әй, неге сонша ойбайлайсың?! Атақты Пикассоның суретіндей-ақ, о несі-ей?! – дедім бажамның айғай салғанын жақтырмай. – Бұл не, шынымен қымбат картиналар ма? – Қымбат! Қымбат болғанда да қымбат… Оның несін сұрайсың?! Қабырғадағы бұл суреттердің бәрі «хозяйндыкі» ғой. ...
Толығырақ »«Темір-қатынға» үйленген механизатор неге жылады?
1 қазан күні Ілияс Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театры ХХІІ маусымының шымылдығын түрді. 1 қазан күні басталуы кездейсоқтық емес, бұл күні көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері дүниеге келген. Жаңа маусым Ш. Башбековтің «Темір қатын» комедиясымен ашылды. Қоюшы режиссері — театрдың көркемдік жетекшісі Баатырбек Шамбетов. Отбасы болғасын ыдыс-аяқ сылдырламай тұра ма, механизатор Қошкар ака жұбайы Кумримен жүз шайысып қалады. ...
Толығырақ »