Таспа

Қостанайда әйел өзін өртеп жіберді

Оқиға Қостанайдағы «Складская» көтерме-бөлшек сауда алаңында болған, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz.

Әйел үстіне белгісіз зат құйып, өзін өртеп жіберген. Кәсіпорын аумағында төтенше жағдай орын алды. Полиция фактіні растады.

«Полиция суицидке итермелеу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта қажетті тергеу амалдары жүргізілуде. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Басқа ақпарат тергеу мүддесі үшін жарияланбайды» деп хабарлады Қостанай облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бейресми дереккөздердің мәліметінше, жәбірленуші үстіне еріткіш сепкені белгілі болды.

Фото: ашық дереккөз

Мынаны да қараңыз

Ауыл тұрғындарының қалаға қоныс аударуы ауқымды мәселеге айналды — Амандық Әмірхамзин

Астанада өткен «Әділдік және өркендеу» ҚҚ өңірлік өкілдерінің кездесуіне қатысушылар әр аймақтағы мәселелерді талқылады. Қостанай ...