Тарих

Аманкелді батыр хақында: Сексен жыл бұрынғы жазбалар

Биыл 1916 жылғы ұлтазаттық қозғалыстың белді өкілі, Торғай көтерілісінің қолбасшысы Аманкелді Имановтың туғанына 150 жыл толып отыр. Жалпылай алғанда Аманкелді батырдың тұлғасы мен оның көтерілісі кеңестік дәуірде, сондай-ақ тәуелсіздік жылдарында да көп зерттелді һәм ұлтымыздың жауынгерлік рухы ретінде дәріптелді. Оның бір айғағы – жуықта Қостанай облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен Аманкелді ауданында батырдың мерейтойы кең көлемде аталып өтті.  Осы орайда, біз мына ...

Толығырақ »

Торғайда отыз жетінің ойраны қалай басталды?

Бұрынғы Кеңес Одағы деп аталатын ұлы державаның ішінде Қазақстан, әсіресе, қазақ халқы оның таңдаулы өкілдері, ұлтымыздың мақтаныштары мен қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылар сталиндік зұлматтың адам айтқысыз қасіретін басқа республикаларға қарағанда бірнеше еселенген қатыгездікпен басынан өткізді. Оның ішінде 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысының ошағы болған Торғай елінде 1937-1938 жылдардың зобалаңы мыңдаған адал адамның өмірін қиып жіберді. Сол бір сұрапыл жылдардың жазықсыз құрбандары «халық ...

Толығырақ »

ТАРИХҚА ҚИЯНАТ ЖАСАУҒА БОЛМАЙДЫ

1916 ЖЫЛҒЫ ҰЛТ-АЗАТТЫҚ КӨТЕРІЛІСІНІҢ БАС САРДАРЫ, ҰЛТ БАТЫРЫ АМАНГЕЛДІ ИМАНОВТЫҢ 150 ЖЫЛДЫҒЫНА. ҚОРҒАН ӘМІРХАМЗИН ТАРИХҚА ҚИЯНАТ ЖАСАУҒА БОЛМАЙДЫ   Есті ел ерлерін даттамайды                                                   Ардагер  Амангелді ердің ері, Кең байтақ жалпақ дала туған жері. Халқымен елдігінің қамын ойлап, Қан майдан арпалыста аққан тері.                                                      Жамбыл Жабаев   Еліміз егемендік алып, Тәуелсіз мемлекет болғаннан кейінгі аз уақытта орасан игілікті істер ...

Толығырақ »

Төлен ӘБДІК: Тарих және тарихи тұлға

Адамзаттың басты құндылықтары барша адам баласына ортақ десек те, тарихқа, тарихи тұлғаларға көзқарас әлемде әртүрлі. Өкінішке қарай, көп жағдайда тарихты жасаушылар өзге елдерді қанға бөктіріп, өзіне бағындырған басқыншылар болып келеді. Көне, орта ғасырларда күштінің культі ерекше болды. Өзге елдерді басып-жаншу, бағынғысы келмесе, қырып-жою қалыпты жағдай болып есептелді. Ол үшін оларды ешкім кінәламады. Қайта көкке көтеріп, аңызға айналдырды. Осындай аңыздардың бірінде ...

Толығырақ »

Ресейдің атақты заңгері Фёдор Плеваконың анасы Алма (Өлмесек) Алдарқызы туралы

Ресейдің атақты заңгері Фёдор Плеваконың анасы Алма (Өлмесек) Алдарқызы туралы Ресейдің белгілі заңгері Фёдор Плевако Орта жүз қазақтарының Қарабалық қыпшақтары жерінде Алаш жұрты Мұнанай не Мағынай деген атаумен белгілі қазіргі Ресейдің Челябі облысының Троицк қаласында дүниеге келген. Қала қазақ шекарасынан 6 шақырым қашықтықта ғана тұр. Бірақ, тақырып қала туралы емес, тіпті, Фёдор Плевако жөнінде де емес, өзгенің тұтқынына түсіп, жастайынан ...

Толығырақ »

Жүзбай қажы және оның мешіт-медресесі туралы

Бұрын үйде (төрде) бір бума зат ілініп тұратын еді, оны әке-шешем: «Құран бұл, тиіспеңдер» дейтін. Кейін білгеніміздей, ол діни кітаптар емес, анам жағынан атамыз Ысқақтың төте жазумен жазылған есеп-қисап, күнделікті тұрмысы туралы жазбалары екен. Арасында Қазан мен Орынбордан шыққан кітаптар да болды жаңылмасам. Күнделік іспеттес десе болғандай. Ысқақтың өзі де сауатты болған, кезінде Торғайдағы Иванов (қолөнершілік) мектебінде оқыпты. Діни білімі ...

Толығырақ »

«Айқап» журналы ағарту тақырыбын қалай көтерді?

XX ғасыр басы қазақ тарихы – ұлттық тұтастық негізінде саяси өрлеуге, сапалық өсуге талпынған кезең болды. Ресей түркілері арасында қалыптасқан жалпы қоғамдық-cаяси және ағартушылық қозғалыс «Жәдитизімнен» қазақ қоғамы да қағыс қалмады. Осы ғасырдың алғашқы жирма жылдығында қазақтар арасында да жәдиттік бағыттағы ағартушылық қозғалыс барынша өркен жайып, алаш идеясы өрістеді. Ұлтты ұйысуға үндеген өлең-жырлар жұрт арасына кең тарап, елшілік мүдде жанданды. ...

Толығырақ »

Бір деректің ізімен: Жақып Дәуренбекұлын кәмпескелеу актісі

Қазақ даласында советтік сталиндік биліктің зардабын тартпаған әулет кемде-кем. Қанды қырғын, әсіресе, байлар мен діни адамдарға, зиялыларға қатты тиген. 1928 жылдан бастап қазақтың бай-бағландарын қуғынға ұшыратып, жер аударып, мүліктерін тәркілеген. Байларды құрту арқылы халықтың тіршілігін тұралатып, шаруашылығына орасан кесірін келтірген. Өйткені, бай бір ауылдың тізгінін ұстап отырған. Совет үкіметінің қисынға келмейтін «солақай саясаты» Тосын құмын мекен еткен Шақшақ Жәнібек әулетін ...

Толығырақ »

4 мыңға жуық қостанайлық жазықсыз құрбан болды — Архимед МҰХАМБЕТОВ

31 мамыр — бүгін Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күн. Осыған орай облыс әкімі Архимед Мұхамбетов өзінің instagram парақшасында үндеу жариялады деп хабарлайды tobyl-torgai.kz.  Құрметті қостанайлықтар! Бүгін бабаларымыз армандап, тағдырдың тізгінінен өтіп, аңсарлы арманына қол жеткізген тәуелсіз Қазақстан үшін атаулы күн – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні. Жазықсыз жазаға ұшырап, қаза тапқан, азапты сынақтар мен қуғын-сүргіндерден өткен ...

Толығырақ »

1921-1922 жылғы ашаршылық және «Торғай ісі»

Қазіргі кезеңде қазақ халқының жартысына жуығы қырылған 1930-32 жылдардағы ашаршылық біршама зерттеліп жазылғанымен, 1921-22 жылдардағы ашаршылық жөнінде бірен-саран еңбектерде болмаса әлі айтыла қойған жоқ. Мұрағат деректері мен басылымдарға назар аудара келсек, 1921 жылы Қазақстанның бес губерниясы мен бір уезі, атап айтсақ, Орынбор, Ақтөбе, Орал, Бөкей, Қостанай губерниялары мен Адай уезі ашаршылыққа ұшырады [1]. 2 653 300 адам тұратын Қазақстанның батыс ...

Толығырақ »