Tag Archives: ҚР Білім және ғылым министрлігі

Биылдан бастап 1-сынып оқушылары информатика пәнін оқиды

2019 жылдан бастап 1-сынып оқушыларына информатика пәні оқытылады деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «2017-2019 жылдары барлық мектепті кең жолақты интернетке тегін қосуға  қаржы қарастырылған. Бұл ретте кейбір өңірлерде мектептердің кабельдік интернетке қосылмауына байланысты 2017 жылы 2756 мектеп, 2018 жылы 460 мектеп спутник байланысы арқылы интернетпен қамтамасыз етілді. Білім беруді цифрландыру аясында мектептердің 95 пайызы интернетке қосылатын болады» деп айтқан болатын Білім ...

Толығырақ »

2019 жылы ҰБТ-да қандай өзгерістер болады?

Жоғары оқу орындарының академиялық және басқару дербестігін кеңейту аясында 2019 жылдан бастап мемлекеттік білім гранттары білім бағдарламаларының топтары бойынша тағайындалатын болады деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Сондай-ақ мамандарды даярлау бағыттарының жаңа классификаторы енгізіліп отыр. Бүгінгі күнге дейін еліміздің жоғары оқу орындарында мамандықтар тізімі нақты көрсетілген классификатор пайдаланылды. 2019 жылдан бастап жаңа классификатор енгізіледі. Онда мамандықтардың нақты ...

Толығырақ »

Кәсіптік білім алғандардың өрісі кең

Елордадағы «Көрме» орталығында ҚР Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен WorldSkills Kazakhstan ұлттық чемпионаты өтіп жатыр деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі.  Ұлттық чемпионатқа еліміздің барлық өңірлерінен колледждер мен жоғары оқу орындарының 350-ге жуық студенті келген. Олар төрт күн бойы «кірпіш қалау», «бояу және әрлеу жұмыстары», «кондитерлік шеберлік», «электроника», «сән технологиясы», «шаштараз», «дәнекерлеуші», «аспаз», «наубай», «көлік сыртын жөндеу», «мейрамхана қызметі», «қонақ үй әкімшісі», ...

Толығырақ »

Мұғалімді міндетінен тыс жұмысқа тартқандарды әкімшілік жауапкершілікке тарту ұсынылды

«Педагогтар мәртебесі туралы» заң жобасын даярлаушы жұмыс тобының мүшесі, Астана қаласының гуманитарлық колледжінің директоры Елдос Нұрланов мұғалімдердің мәртебесін қорғайтын заң жобасымен таныстырды деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Қырғыз Республикасы, Өзбекстан, Қытай және Оңтүстік Корея елдеріндегі заңдарды, ТМД-ның «Педагогтар мәртебесі туралы» 2004 жылғы үлгілік заң жобасын, ЮНЕСКО-ның мұғалімдердің жағдайы туралы ұсынымдары мен өзге де құжаттарды зерделей келе жұмыс тобы алдарыңыздағы заң жобасының ...

Толығырақ »

«Қымбат» қаланың мұғалімдеріне жеңілдіктер қарастырылып жатыр

Астана және Алматы секілді «қымбат» қалалардағы мұғалімдерге қандай жеңілдіктер қарастырылып жатыр? Ол туралы Білім және ғылым министрлігінде өткен басқосуда «Педагогтар мәртебесі туралы» заң жобасын даярлаушы жұмыс тобының мүшесі, Астана қаласының гуманитарлық колледжінің директоры Елдос Нұрланов тарқатып айтып берді деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Жылдық еңбек демалысы берілгенде бүгінгі таңда азаматтық қызметкерлерге жататын, яғни мекемелер мен қазыналық кәсіпорындар формасында еңбек ететін педагогтар ...

Толығырақ »

Ғылыми атағы бар мұғалімдерге үстемақы берілуі тиіс

«Педагогтар мәртебесі туралы» заң жобасының тұжырымдамасын таныстырған жұмыс тобы ғылыми атағы бар мұғалімдерге үстемақы беру бастамасын көтерді деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Біліктілікті арттыру курстарын бес жылда бір рет емес, үш жылда немесе жыл сайын, бірақ белгілі бір мөлшерде өткізу керектігін көрсететін жүйені енгізуді ұсынамыз. Себебі, жаңартылған мазмұн еніп жатқан кезде мұғалімдер үшін өзінің біліктілігін бес жылда арттыру аздық етеді. Тіпті ...

Толығырақ »

«Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» марапаты бекітілуі мүмкін

«Педагогтар мәртебесі туралы» заң жобасының тұжырымдамасын дайындаған жұмыс тобы «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» марапатын бекітуді ұсынды деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Бүгінгі таңда педагогтарға және педагогика саласындағы қызметкерлерге (азаматтық) берілетін демалыстар 56 және 42 күнге созылады. Білім саласындағы қызметкерлер педагогтар секілді ұзақтау демалысты алмайды. Соған байланысты педагогтардың барлығына бірдей 56 күн жылдық ақылы еңбек демалысын беріп, теңестірсек деген үміт бар», — ...

Толығырақ »

Елбасы білім беру жүйесін жаңғырту мәселесі жөнінде кеңес өткізді

Бүгін Елбасы білім беру жүйесін одан әрі жаңғырту мәселесі жөнінде кеңес өткізді деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Жиын барысында отандық білім беру жүйесін биылғы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдаудың бағыттарына сай одан әрі жаңғыртудың өзекті мәселелері талқыланды. – Біздің барлық даму жоспарларымызда ғылым саласына зор мән беріледі. Ғылымның жағдайы білім деңгейіне тікелей байланысты. ...

Толығырақ »

157 мемлекеттің ішінде 10-орынды иелендік

Қазақстан адами капиталды дамыту индексінде 31-орынды, оның ішінде білім беруді дамыту индексі бойынша 157 мемлекеттің ішінде 10-орынды иеленеді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында Дүниежүзілік банктің білім беру тәжірибесі бойынша басшысы Harry Patrinos айтты деп хабарлайды tobyl-torgai.kz тілшісі BAQ.kz-ке сілтеме жасап.  «Бірқатар елде төмен нәтиже екенін көріп отырмыз. Бүгінгі таңда Сингапур адам капиталын дамыту және білім беруді дамыту бойынша ...

Толығырақ »

Ауыл мектептері адам танымастай өзгереді

ҚР Білім және ғылым министрлігі «Орта білімді жаңғырту» жобасының басталғанын жариялады. Бұл бастаманың негізгі мақсаты — қала мен ауыл мектептері арасындағы алшақтықты қысқарту. Ол үшін қыруар қаржы бөлініп отыр деп xабарлайды ҚазАқпарат. Жобаның жалпы құны — 75 млн АҚШ доллары. Соның басым бөлігі — 67 млн-ды Дүниежүзілік банк беріп отыр, қалғаны — бюджет қаражаты. Осы қаржыға ауыл мектептерін мультимедиалық құрал-жабдықтармен ...

Толығырақ »