Торғай аймағында фабрикалар салынып, жаңа жұмыс орындары ашылады

Инвесторлар Арқалық қаласы мен Амангелді және Жангелдин аудандарында ірі кәсіп бастауға ниетті, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 
Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша бірнеше компания басшыларымен кездесу өткізді.
1. «SRS Holding LTD» компаниясы құрамында алтын бар және полиметалл кендерін қайта өңдеу бойынша жобаларды ұсынды. Компания Арқалық қаласында, Амангелді және Жангелдин аудандарында 3 фабрика салуды жоспарлап отыр. Жобалардың жалпы құны 49,5 млрд теңгені құрайды, бұл ретте 1 мың жаңа жұмыс орны ашылады.
2. «Қостанай тау-кен металлургия корпорациясы» ЖШС басшылығы Арқалық қаласындағы Маятас кен орындары кластерінде пайдалы қазбаларды өндіру және өңдеуді қолға алмақ. Кәсіпорын тау-кен байыту фабрикасын салуды жоспарлап отыр, оның құрылысына 315 млрд теңге инвестиция салынады, сондай-ақ 1,2 мың жұмыс орны пайда болады.
3. «ASK GROUP KAZAKHSTAN» ЖШС Жангелдин ауданында мал шаруашылығы кешенін салу жоспарлап отыр. Жоба бойынша инвестиция көлемі 11,2 млрд теңге және 80 жұмыс орны құрылады. Жоба аясында 4 мың бас ІҚМ және 4 мың бас жылқы бордақылау, сондай-ақ жылына 3,2 мың тонна ет өндіру көзделген.
Облыс әкімі атап өткендей, бұл жобалар іске асырылу сатысында, жергілікті атқарушы органдар нысандарды сәтті іске қосу үшін барынша көмек көрсететін болады.
Кездесу қорытындысы бойынша Архимед Мұхамбетов мемлекеттік органдарға бизнес субъектілеріне жан-жақты көмек көрсетуді тапсырды.
фото: дереккөз

Мынаны да қараңыз

Кәсібін дөңгелеткен келіншек

Қазір Қостанай облысындағы Батпаққара жері, дұрысы аудан орталығы тоғыз жолдың торабына айналған. Мына жағы Арқалық, ...

Бір пікір

  1. Бәрекелді. Сөзден іске көшетін күндер келер шақ
    жақындасып!

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *