1916 жылғы Торғай қазақтарының ұлт-азаттық көтерілісі туралы

DSCN1399

XX ғасырдың басында Ресей империясының отарлау саясаты қарқынды жүргізілді: Ресейдің дүниежүзілік империалистік соғысқа кірісуі өлкені тонауды күшейтті.Соғыс елдегі жалпы ұлттық дағдарысты терендетіп, 1916 жылы Қазақ өлкесінде, Орта Азияда, Сібір мен Кавказдың бір бөлігінде көтеріліс басталды. Басталу себебі: 1916 жылғы 25 маусымдағы патша үкіметінің «Түркістан мен Дала өлкесінен 19-43 жас аралығындағы 500 мың адамды қара жұмысқа алу туралы» жарлығының шығуы болды. 1916 жылғы қозғалыстың ең ірі орталықтарының бірі Торғай облысы болды. Торғай уезінің қазақтары Әбдіғапар Жанбосыновты өздерінің ханы етіп сайлады. Амангелді Үдербайұлы Имановты сардар етіп сайлады.Көтерісшілердің ұлы жиыны 1916 жылы күзде Торғай өзеніне таяу «Қоғалыкөл» деген жерде өтті. Әбдіғапар Жанбосынұлы мен Амангелді Үдербайұлы көтеріліс басшылығына өздерінің ақыл-парасаты, табандылығымен, қайсарлығы, ел алдындағы үлкен беделділігі арқылы сайланды. Бұған қоса қазақ дәстүрі бойынша Әбдіғапардың арғы атасы Орта жүздің ықпалды биі Нияздың хан атануы, Амангелдінің атасы Иманның Кенесарының оң қолы бас батырларының бірі, ақылшы, кеңесшісі, болғаны ескерілмей қалған жоқ. Торғай көтерілісінің ерекшелігі – бұқаралық сипатта ең ұзаққа созылған, ең табанды және бір орталыққа бағынған ұйымдасқан түрде жүргізілгендігі еді. Көтеріліс барлық уездерді: Торғай, Ырғыз, Ақтөбе, Қостанай уездерін қамтыды, Облыста көтеріліс қамтылмаған ауыл немесе елді мекен болмады. Көтеріліске, сондай – ақ, Сырдария, Ақмола, Семей болыстарының көтерілісшілері де қатысты.
1916 жылы тамызда көтерісшілер саны 20 мыңға жетсе, ал қарашада 50 мыңға жетті.Торғай көтерілісіне кедей — шаруалар ғана емес, дәулетті, ақыл -парасатты адамдар да, атқа мінерлермен билерде қатысты.
DSCN15951916 жылы 22 қазанда Амангелді басшылығымен 15 мың көтерілісші Торғай қаласын қоршады. Оған генерал А.Лаврентьевтің 9 мын адамдық жазалаушы тобы жіберілді. Көтерілісшілердің негізгі бөлігі Амангелдінің штабы орналасқан Батпаққара жазығы мен Аққұм құмының маңына шоғырланып, партизандық күрес әдісіне көшті. 1916 жылы қарашасы – 1917 жылғы ақпаны аралығында, Аманкелдінің серігі, атақты мерген Кейкі батыр жасағы ерекше ерлік көрсетті.

DSCN1597

Негізгі шайқастар: Татыр (1916), Құмкөшу (1916), Торғай қаласына шабуыл (1916 жылы 25 қазан) , Шошқалы қопа, Күйік қопа (1917 жылы 13-17 қантар), Доғал -Үрпек (1917 жылы ақпанның 22 — 24 аралығында) болды. Торғай көтерісшілер өз жерінің ұлан — ғайыр кендігін стратегиялық, тактикалық мақсаттарға жақсы пайдалана білді. Сарбаздардың қаша жүріп ұрыс салу, тұтқиылдан шабуыл жасау жер ыңғайын тиімді пайдалану барлаушы топпен әскер шетіне араласып кетуге күш салуы сияқты әскери тактиканы қолдана білуі таңғалдырды. Көтерісшілер үкіметінің шешімімен сарбаздарды ат көлік азық — түлікпен қамтамасыз ету әр ауылда сайланған ел билеріне соғыс ісі жүзбасы, мыңбасыларға жүктелді. Сарбаздардың негізгі қару — жарағы қылыш, шоқпар, айбалталарды жергілікті ұсталар қолдан соқты. Торғай көтерісшілерінің жазалаушы патша әскерлеріне қарсы ең күрделі әрі шешуші шайқасы — Доғалдағы соғыс. 1916 жылғы Торғайдағы Әбдіғаппар хан мен Амангелді сардар бастаған 1916 жылғы көтеріліс ақпан төнкерісіне ұласып сәтті аяқталды. Қазақ еліндегі, оның ішінде Торғай даласындағы 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс дүйім қазақ жұртын дүр сілкіндірген ұлы оқиға болды. Қазақ халықының ата-бабадан келе жатқан жауынгерлік рухының әлі жоғары екенін танытты. Қолына өз заманының қару-жарағын берсең қандай жаумен де шайқаса алатынын көрсетті. Халықымыз отаршылдыққа қарсы азаттық жолындағы күрестің үлкен мектебінен өтті.

DSCN1593Автор — «А.Иманов атындағы Амангелді мемориалдық мұражайы» ҚММ директоры Нұрлыбек Игіліков

Суреттер  «А.Иманов атындағы Амангелді мемориалдық мұражайы» ҚММ сақталған (екінші және төртінші фотолар)

Үшінші фотода көтерілісшілердің байрағы, біріншіфотодағы Кейкі Көкембайұлы ескерткіші Арқалық қаласында тұр

Фото авторы — Амандық Қорғанұлы

Мынаны да қараңыз

Кейкі батыр: аңыз бен ақиқат

Басқа басқа біз бала кезімізден Кейкі батырдың ерлігі мен өрлігін естіп өстік. Торғай даласында Кейкі ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *