Облыс әкімінің орынбасары тағайындалды: Карплюктің орнына Ионенко келді

Бұған дейін Қарасу ауданының әкімі қызметін атқарған Виктор Ионенко облыс әкімінің орынбасары болып тағайындалды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Виктор Николаевич Ионенко — Қостанай облысының тумасы. 1970 жылы 31 қазанда Таран ауданы Асенкритовка ауылында дүниеге келген. 1992 жылы Қостанай ауылшаруашылық институтын инженер-механик мамандығы бойынша бітірген.

Виктор Ионенко Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып сайланған облыс әкімінің бұрынғы орынбасары Сергей Карплюктің орнына тағайындалды.

Виктор Ионенко көліктік инфрақұрылым, жолдарды қалпына келтіру және жөндеу, құрылыс, сәулет, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу, жергілікті масштабтағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, азаматтық қорғаныс мәселелеріне, өз құзыреті шегінде облыс әкімі аппараты бөлімшелерінің, облыс әкімдігі басқармаларының, «жасыл экономиканы» дамыту, жетекшілік ететін бағыттары бойынша шекара маңындағы ынтымақтастық мәселелеріне басшылық етеді.

 

 

Мынаны да қараңыз

Арқалықта барлық нысан жылыту маусымына дайын — Архимед Мұхамбетов

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов жұмыс сапарымен Арқалық қаласына барды деп хабарлайды tobyl-torgai.kz аймақ басшысының instagram парақшасына ...

Бір пікір

  1. «Абсолютно всё сложное складывается с простого.» Великолепно, что Вы можете передать сведения несложным, возможным для осмысления, образом.

Вадим жазбасы үшін пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *