ganibet

ТАРИХЫН ТҮГЕНДЕГЕН ТӨЛЕК ҰРПАҚТАРЫ

Екідің ауылында ата-баба аруағына тағзым етті Биыл тамыз айының соңында Қостанай облысының Арқалық қаласына қарасты Екідің ауылында Арғынның Төлек руынан тараған ұрпақ рубасы Төлек бабаның аруағына арнап Ас берді. Бұл – 1994 жылы Төлек Жәуке батырдың 175 жылдық мерейтойын республикалық деңгейде атап өтіп, 2013 жылы ру шежіресін кітап етіп құрастырғаннан кейін қолға алынған, бір мүдде жолына тоғыса білген ұрпақ алдындағы ...

Толығырақ »

«Әділет» партиясының Жангелдин аудандық штаб мүшелері Сужарған ауылына арнайы барды

«Әділет» партиясының Жангелдин аудандық штаб мүшелері Сужарған ауылына арнайы барып, ауыл тұрғындармен жеке кездесу өткізді, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Кездесу барысында партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі басымдықтары таныстырылып, заң үстемдігін қамтамасыз ету, әділ қоғам қалыптастыру, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, өңірлерді дамыту және халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған бастамалар түсіндірілді. Тұрғындар алдағы сайлауға белсенді қатысуға шақырылып, әрбір азаматтың дауысы елдің болашағы үшін маңызды ...

Толығырақ »

«Әділет» партиясы Жангелдин аудандық штабының мүшелері зейнеткерлермен кездесті

«Әділет» партиясы Жангелдин аудандық штабының мүшелері ауданның зейнеткерлерімен кездесті, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Кездесу барысында штаб мүшелері қатысушыларды «Әділет» партиясының Сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, олардың өмірлік тәжірибесіне сүйенген ұсыныс-пікірлері мен ақыл-кеңестерін тыңдады. «Қариясы бардың – қазынасы бар» демекші, елдің өсіп-өркендеуіне сүбелі үлес қосқан аға буынның өнегелі жолы мен даналығы – кейінгі ұрпақ үшін үлкен тағылым екені ерекше атап өтілді. Сондай-ақ, кездесуде қоғамның ...

Толығырақ »

«Әділет» партиясы Жангелдин аудандық штабының мүшелері жастармен кездесті

«Әділет» партиясы Жангелдин аудандық штабының мүшелері аудан жастарымен кездесті, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Кездесу барысында штаб мүшелері жастарды «Әділет» партиясының Сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, олардың ұсыныс-пікірлері мен талап-тілектерін тыңдады. Жастар – еліміздің жарқын болашағы, қоғамның қозғаушы күші екені айтылып, олардың белсенді азаматтық ұстанымы мен тың бастамалары Әділетті Қазақстанды құру жолындағы маңызды қадам екені ерекше атап өтілді. Сондай-ақ жастарды алдағы тамыз айында өтетін ...

Толығырақ »

Әбілбек Нұрмағамбетұлы туралы не білеміз?!

Ахмет Байтұрсынұлының бір шумақ өлеңін айтып, сотталып кеткен Әбілбек Нұрмағамбетұлы туралы не білеміз?! Бір жайт бір нәрсеге сеп болатыны түсінікті, осыдан біраз бұрын Мақтаралда тұратын туысқандарға барып келген едім, сонда, кезінде ата-бабалары (өткен ғасырдың 20-30 жылдары) Торғайдың Батпаққарасынан кеткен бір ағайынмен сұхбаттастым. Әңгімеден әңгіме шығып, менің ауылымдағы уақытында Айса Нұрманов бастап салған Албарбөгет бөгеті туралы және Айса туралы кітаптың авторы ...

Толығырақ »

Торғайлық дәрігер Президент қолынан «Құрмет» орденін алды

Президент Жарлығымен отандық медицинаны дамытуға қосқан елеулі үлесі және халық денсаулығын сақтаудағы көпжылдық қажырлы еңбегі үшін Қостанай облысы Жангелдин аудандық ауруханасының бөлімше меңгерушісі, жоғары санатты дәрігер Нұржамал Баяхметқызы Бимағанбетова «Құрмет» орденімен марапатталды. Бұған дейін «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісінің үздігі» атанған, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері болған білікті маманның бұл марапаты бар ғұмырын адам саулығына арнаған еңбектің заңды жемісі десек, ...

Толығырақ »

Анам Ажар Ысқаққызының әкесі Ысқақ Смайылов туралы

31 мамыр Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні болды. Жалпы, бір күнге екі датаны қосақтап қоюға түбегейлі қарсымын. Бір күнді жеке репрессия құрбандарына арнауымыз керек те, екінші күн Ашаршылық құрбандарына арналуы тиіс. Енді, қуғын-сүргінге қатысты айтатын болсақ, респрессияға ұшырамаған қазақ отбасы жоқ шығар. Мысалы, менің анам Ажар Ысқаққызының әкесі Ысқақ Смайылов (мына құжатта Исмаилов деп жазылып тұр) туралы баяндай отырайын. ...

Толығырақ »

Жез киік, біздің жаққа қайдан келдің немесе ақбөкеннің болашағы қандай болмақ?

Осыдан бірнеше жыл бұрын, кезіндегі вегетариан һәм жас экология министрі Зүлфия Сүлейменова 1815 құралай лағын қолға үйретеміз деп айды аспанға бір ақ шығарды, жұртшылық арасында бұл жөнінде едәуір шу шықты. Кейбір ағайындар әңгіме киікті атып алу жөнінде деп қате түсінген сыңайлы, дегенмен, Қазақстанда киік атуға мораторий 2024 жылға дейін деп тоқтатылған болатын да кейін белгілі бір мөлшерде қатаң бақылаумен атуға ...

Толығырақ »

Тарихымыз табанымыздың астында жатыр….

Естеріңізде болса былтырғы жылы Рудныйда көше атауларын ауыстыру жөнінде талқылау болғаны мәлім. Сонда жұлқынып, тістеніп: «Бұл менің қалам, сендер жатсыңдар» деген сарында бір әйелдің шыққанын да, оның видеосын көрген боларсыздар. Әрине, тәуелсіздік алғаннан бері бірде бір көшенің атын ауыстыруға құлықтары жоқ, қолдарынан іс келмейтін Облыстық мәдениет басқармасын ба әлде Қоғамдық даму басқармасын кінәлаймыз ба не жергілікті билік органдарының оралымсыздықтары дейміз ...

Толығырақ »

ТОРҒАЙ ӨҢІРІНДЕГІ СЫБЫЗҒЫШЫЛЫҚ ДӘСТҮР

ХVІІІ-ХІХ ғасырларда қазақ даласында болған И.Андреев, Ф.Назаров, И.Липаев, П.Тихов т.б. саяхатшылар мен этнографтар қазақ даласында жиі қолданылған музыкалық аспаптардың бірі ретінде сыбызғыны атап көрсетеді. Тіпті Алексей Левшиннің жазбаларында «…қырғыздардың ең басты аспабы қобыз бен сыбызғы» деген жолдар кездеседі. Әуезі сырға толы, әуені жүрек тербейтіндей осынау ғажайып аспаптың жасалу жолы да оңай. Қолының ебі бар кез келген адам қурайдан кесіп алып ...

Толығырақ »