Таспа

«Әділдік және өркендеу» қоғамдық қорының Қостанай облысы бойынша өкілдері халықпен жүздесті

«Әділдік және өркендеу» қоғамдық қорының Қостанай облысы бойынша өкілдігі қор жұмысын насихаттау, өз жақтастарына түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында 2024 жылғы 15 мамыр күні Қостанай қаласындағы үкіметтік емес ұйымдар өкілдерімен кездесу өткізді. «Әділдік және өркендеу» қоғамдық қорының Қостанай облысы бойынша бөлімшесінің өкілі  Бәкір Марғұлан Абдоллаұлы кездесу барысында ұйымның бағыты, ұстанымы жайлы баяндады, Қор Манифесті https://adildik.org.kz/manifest/kz таныстырылып, әлеуметтік мониторинг туралы айтып берді. Сонымен ...

Толығырақ »

Қарасу ауданының бұрынғы әкімі Виктор Радченконың үстінен қылмыстық іс қозғалды

Қостанай облысы Қарасу ауданында бұрынғы әкімінің үстінен қылмыстық іс қозғалды. Виктор Радченко кінәсін мойындады, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Жергілікті басылымның хабарлауынша, Виктор Радченкомен бірге бұл іске ауданның басқа шенеуніктерінің де қатысы бар. Барлығы пара берген деп те, пара алған деп те күдікке ілінген. Қарасу ауданының бұрынғы әкімі Виктор Радченко, басылымның хабарлауынша, кінәсін мойындаған. Қостанай облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қарасу ...

Толығырақ »

Тасқын суға байланысты АҚШ-тағы ағайындар да көмек қолын созды

Биылғы көктем жылдағыдан ерекше, тосын, төтенше жағдаймен басталды. Қар суы күрт еріп, оған тасқын су қосылып, халықты тығырыққа тіреді. Мыңдаған жан мал-мүлік, үй-жайынан айрылып бейбіт күнде еріксіз «босқынға» айналды. Қостанай облысында тасқын су алдымен Арқалық қаласы іргесіндегі ауылдарға келе бастады, Жанкелдин ауданындағы Көлқамыс, Арқалық қаласына бағынышты Қызылжұлдыз, Екідің елді мекендерін су басып, аудан орталығы Амангелді кентіне қауіп төндірді. Көп өтпей ...

Толығырақ »

Маркетплейстер контрафактінің таралу орнына айналып барады

Әділет органдарының қызметіндегі бағыттардың бірі – зияткерлік меншік құқығын сақтау мен қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру екендігі белгілі. Астана қаласы Әділет департаментінің Зияткерлік меншік құқығы бөлімінің басшысы Әсел Сибагатованың айтуынша, қазіргі таңда құқық иеленушілер тарапынан шағымдар көп түсуде. Құқық иелері тауарлық белгілерге қатысты жиі шағымданады. Олардың тауарлық белгілерге құқықтары жиі бұзылуда. Атап айтқанда, сатушылар маркетплейстік тауарлардағы тауарлық белгілерді олардың ...

Толығырақ »

Қостанай облысында әкім асылып қалған

Қостанай облысындағы Пресногорковский ауылдық округінің әкімі Тастемір Тұрсынбаев асылып өлген күйінде табылды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Облыстық Полиция полиция департаментінің баспасөз қызметі мұны растады. Ұзынкөл ауданындағы үйдің ауласында ер адамның мәйітін табу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Болған оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, — делінген хабарламада. Ведомствоның хабарлауынша, барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Жүргізілетін тергеу шеңберінде ҚР ...

Толығырақ »

Қанат Құлшыманов жаңа қызметке тағайындалды

Қанат Құлшыманов ҚР Президенті Әкімшілігінің Коммуникациялар бөлімі меңгерушісінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Ол 1987 жылы 5 қыркүйекте Қостанай облысы Арқалық қаласында дүниеге келген. Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-ді журналистика мамандыеғы бойынша бітірген. PhD дәрежесі бар. Еңбек жолын 2007 жылы «ҚазАқпарат» ақпарат агенттігінің тілшісі болып бастаған. Осы жылдары Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз хатшысы, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қоғаммен ...

Толығырақ »

Азаматтардың құқығы бәрінен биік тұруы керек

«Әділдік және өркендеу» қоғамдық қорының жергілікті өкілдері Қостанай облыстық ардагерлер кеңесі басшылығымен кездесті. Кеңес төрағасы Батырбек Ахметовпен әңгіме өрбітіп, Қордың алға қойған мақсат-міндеттерін таныстырды. Басты құжат Үндеу-Манифестің мазмұнымен танысқан Батырбек Мықансалықұлы негізгі бағыттардың өзектілігіне тоқталып, сәттілік тіледі. «Әсіресе, Заң алдындағы теңдік ¬– өте маңызды. Өз ісіне жауапкершілік алмайтын органдар бар. Соның салдарынан азаматтардың құқығы тапталып жатады. Мұндай келеңсіздікке жол бермей, ...

Толығырақ »

Қостанайда жеке сот орындаушы борышкердің 6 млн теңгесін қалтаға басқан

Қостанай облысының прокуратурасымен тексеру барысында бұрынғы жеке сот орындаушысының мемлекет пен өзге де адамдардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды ұрлау схемасы анықталды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Қостанай облысы прокуратурасы баспасөз қызметінің мәліметінше, бұрынғы «Н» жеке сот орындаушысы оны лицензиясынан айырғаннан кейін өндіріп алушыларға берудің орнына жеке шотына 6 млн теңгеден астам ақша аударғаны анықталды. Бұл қаражат – борышкерлердің әкімшілік айыппұлдар мен басқа ...

Толығырақ »

Қостанай облысында 89 елді мекенді су басу қаупі бар

Қостанай облысында су тасуы ықтимал кезеңінің қауіпсіз өтуін қамтамасыз ету мақсатында су тасқыны кезеңінде төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша іс-шаралар жоспары бекітілді, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Соның аясында биылғы 1 наурыздан бастап «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ-мен келісімшарт жасалды. Облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне күн сайын қар жамылғысының ғарыштық мониторингінен суреттер келіп түседі. Сонымен қатар облыстың 6 ауданындағы (Жангелдин, Науырзым, Әулиекөл, Қарасу, ...

Толығырақ »