
«Әділет» партиясының Жангелдин аудандық штаб мүшелері Сужарған ауылына арнайы барып, ауыл тұрғындармен жеке кездесу өткізді, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz.
Кездесу барысында партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі басымдықтары таныстырылып, заң үстемдігін қамтамасыз ету, әділ қоғам қалыптастыру, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, өңірлерді дамыту және халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған бастамалар түсіндірілді.

Тұрғындар алдағы сайлауға белсенді қатысуға шақырылып, әрбір азаматтың дауысы елдің болашағы үшін маңызды екені атап өтілді.
Тобыл-Торғай tobyl-torgai.kz