Tag Archives: Боран

Қостанай облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты жолдар жабылды

Қостанай облысында 16 техника мен 16 адам кезекшілік етіп жатыр, деп хабарлады tobyl-torgai.kz облыстық ТЖД-ге сілтеме жасап.  Сағат 10:00-ден бастап ауа райының нашарлауы, желдің күшеюі, боранның күшеюіне және жолдың дұрыс көрінбеуіне байланысты республикалық маңызы бар Жезқазған – Петропавл жолының 252-340 шақырымдары учаскесінде (Ұлытау облысының шекарасынан Арқалық қаласына дейін) көліктің барлық түрі үшін жол жабылды, — делінген хабарламада.  

Толығырақ »

Арқалықта автобус қар құрсауында қалып қойды

Солтүстік өңірлік аэромобильді жедел-құтқару жасағының құтқарушылары 14 адам мен 4 техниканы қар құрсауынан шығарды деп хабарлайды облыстық ТЖД баспасөз қызметі. «Арқалық — Ашутасты» жолында 11 жолаушы мінген PAZ рейстік автобусы қар құрсауында қалды. Оның ішінде 5 әйел болған. «Жедел-құтқару жасағының күшімен тоқтап қалған автобус тазартылған жолға шығарылды. Боран салдарынан Арқалық қаласына қарай өтетін жолды қар басып қалған. Сондықтан автобус Ашутасты ...

Толығырақ »