Tag Archives: журналист

Қанат Құлшыманов жаңа қызметке тағайындалды

Қанат Құлшыманов ҚР Президенті Әкімшілігінің Коммуникациялар бөлімі меңгерушісінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Ол 1987 жылы 5 қыркүйекте Қостанай облысы Арқалық қаласында дүниеге келген. Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-ді журналистика мамандыеғы бойынша бітірген. PhD дәрежесі бар. Еңбек жолын 2007 жылы «ҚазАқпарат» ақпарат агенттігінің тілшісі болып бастаған. Осы жылдары Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз хатшысы, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қоғаммен ...

Толығырақ »

Қостанай шенеуніктері тұрғындармен аудармашы арқылы сөйлесіп жүр

Қостанай қаласының әкімдігіне сұрақтары туындап, кадр бөліміне хабарласқан журналист Әсел Мұхамбетова шенеуніктерден мемлекеттік тілде сөйлейтін адам таппай қиналған, деп жазды tobyl-torgai.kz. «Менің қазақша сауалдарымнан үркіп, трубканы бір-біріне «лақтырған» бөлім мамандарының әрқайсысына қайта-қайта мәселемді баяндауға мәжбүр болдым. Сабырлы және сыпайы болдым. Қазақша сөйлемек түгілі түсінбейді екен, «переведите на русский» деді. Даусымды қатайтып, «маған қазақша сөйлейтін адам табыңыздар, жылдам»… Қысқасы, Айнұр есімді ...

Толығырақ »

Нәзипа Құлжанова. Оның жеке іс қағаздары қайда?

Қазақ руханиятының тарам-тарам салалары біртіндеп зерттеліп жатыр. ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы саяси-әлеуметтік оқиғалар мен тарихи тұлғалардың арнайы зерделенуінің үлкен үрдіске ұласуы қуантатын жағдай. Десе де осынау дүрбелең тұстағы қазақтың көрнекті тұлғаларының бірі Нәзипа Құлжанованың қайраткерлік, шығармашылық, мәдени-ағартушылық мұрасы ғылыми тұрғыдан бағалауды қажет ететіндей. Ағартушылық еңбегі мен ұлттық мәдениеттің озық үлгілерін насихаттаушы, қазақ сахарасында мәдени-этнографиялық кештер өткізу дәстүрін қалыптастырушы ретіндегі ұлан-ғайыр ...

Толығырақ »

«Биленбеген вальс»: жаныңа жылулық сыйлайды

Əскери жазушыдан кейін прозаға қалам тербеген тағы бір Бауыржанның жинағымен таныстық. Жуырда. 150 беттік шағын жинаққа қаламгердің бірнеше әңгіме, новелласымен қатар мысалдары да еніпті. Өзіміз ұнатып оқитын жасөспірімдер тақырыбы. Автор кітабына бір әңгімесінің атауын қойған екен – «Биленбеген вальс». Әуелі «Қысқы орман» деген қысқа әңгімесін демде оқып шығып едік, іле «Жазда жауған бұршақ» новелласына бас қойып кетіппіз. Бұдан ары «Шортан», ...

Толығырақ »

ҚАЛАМЫ АЛМАС ҚЫЛЫШТАЙ ЖАРҚЫЛДАҒАН ҚАЛАМГЕР

немесе туған жеріне туын тігіп, найзағай ақын Назағаңнан бата алған Мылтықбай Ысмағұл туралы бір үзік сыр Айтары жоқ, шыр етіп дүние есігін ашқан тірі жанның о баста Жаратқанның кем өлшеп-пішіп берген өмірі бар. Ұзақ па, қысқама ма, бір Аллаға аян. Міне, Торғай-Тобыл өңіріне танымал журналист, жақсы жора жолдас, сыйлас Мылтықбай Ысмағұлдың жамбасы жерге тигеніне де 12 жыл болды, марқұммен жиырма ...

Толығырақ »

Жүйрік журналист немесе Ғазағаңның шеберлік лабораториясы

Ғазағаңның есімі бізге бала кезімізден жақсы таныс. Баспасөз беттерінде жарық көрген дүниелерін сүйсіне де қызыға оқып жүретінбіз. Сөйтіп, «шіркін, біз де осы кісілердей журналист болсақ» деп армандайтынбыз. Оның үстіне бүгінде марқұм болған журналист нағашым Мылтықбай Ысмағұл да басқа әріптестерімен қатар оның да есімін атап, қимас студенттік шақтарын еске алып жүретін. Бүгінгі ҚазҰУ-дың журналистика факультетінде 80-жылдары бірге оқыған екен… Есімі де ...

Толығырақ »

Жұматай таныған шындық

Тілінің тотияйыны бар сатирик, өткір тілді журналист-қаламгер Жұматай Сабыржанұлының әйгілі «Өкпелесең, өзің біл» атты кітабын әлі күнге дейін іздеп жүріп оқитындар қарасы көп. Өзі өмір сүрген қоғамның қоясын қопара ақтарған бұл дүниесі 2002 жылы автордың 55 жасында жарық көрді. Ал бірнеше жыл бұрын баспа бетін көрмеген шығармалары «Мен таныған шындық» деген атпен кітап болып басылды. Бұл кітапта, сондай-ақ, қаламы қарымды ...

Толығырақ »

Мылтықбай Ысмағұлды неге елеусіз қалдырдық?!

  29 қараша, яғни ертең торғайлық белгілі журналист Мылтықбай Ысмағұлдың туғанына 60 жыл толады. Еліміздің әр түкпірінде журналист болып қызмет етіп жақтан кейбіріміздің кезінде дәл осы Мылтекеңнің шарапатын көргенімізді жасыра алмаймыз. Бойындағы Алла берген талантымен-ақ өзіне еліктіріп, қолымызға қалам ұстауға, жазу жазуымызға ықпал еткені өтірік емес. Сол үшін де қарымды қаламгерге еліктеп өстік. Аудандық газет редакциясына бас сұққан сайын қағазға ...

Толығырақ »