Tag Archives: Той

Биыл Қостанай Наурыз мейрамын қалай тойлайды?

  Еліміздің жер-жерінде Ұлыстың ұлы күні – әз-Наурызды тойлау басталып та кетті. Түрлі мәдени іс-шаралар ұйымдастырылып жатыр. Қостанай облысында да бірнеше танымдық іс-шара, түрлі байқаулар өткізіледі. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар орталығында өткен бүгінгі брифингте қалалық Ішкі саясат бөлімінің басшысы Қайрат Қазез бен Мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмінің басшысы Айсұлу Әубәкірова айтып берді, деп хабарлады tobyl-torgai.kz тілшісі.   Баспасөз мәслихатынан белгілі ...

Толығырақ »

Мәулен Әшімбаев: Президентіміздің жаңа бастамалары Торғайдың дамуына тың серпін береді деп сенеміз

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Президент тапсырмасымен Торғайда Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған іс-шараларға қатысты. Ол «Ұлтына ғұмырын арнаған ұлы тұлға» атты ғылыми-тәжірибелік конференцияда Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын оқып берді, деп хабарлады tobyl-torgai.kz. Ахмет Байтұрсынұлы – тарихымызда айрықша орны бар бірегей тұлға. Алаш жұртының асыл перзенті халқымыздың тағдыры сынға түскен күрделі кезеңде ерекше қайраткерлік танытты. Шын мәнінде Ахаңның өмір жолы – ...

Толығырақ »

Торғайда дүбірлі той басталды

Бүгін Жанкелдин және Амангелді аудандарының 90 жылдық торқалы тойы басталды. Торғайлықтардың төл мерекесіне елдің әр қиырынан көптеген мейман келді. Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов те арнайы барды деп хабарлайды Тобыл-Торғай-ақпарат. Жангелдин ауданында аймақ басшысы және Төлен Әбдік, Кенжеғали Сағадиев, Сапар Ысқақов, Сайлау Байзақов бастаған белгілі тұлғалардың қатысуымен «Торғай елі – тұлғалар мекені» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті, сондай-ақ, қазақ күресінен, «Торғай ...

Толығырақ »