«Қашаннан қыран мекені»

 

IMG_1404

Қостанайда Торғай таланттарының концерті өтті. Өнер кеші Тәуелсіздіктің 25 жылдығына және Торғайдағы ұлт-азаттық көтерілісінің 100 жылдығына арналды.

Танымал әнші, КСРО-ға еңбегі сіңген мәдениет қызметкері Рысты Ерденова мен өнер жанашыры, Қазақ ССР халық ағарту ісінің озық қызметкері Тұрған Талғабеков – идея авторлары және концертті ұйымдастырушылар.

Кеш айтыскер ақын Айбек Қалиевтің арнауымен ашылды. Жыршы Абзал Алпысов халық ақыны Нұрхан Ахметбековтың «Торғайдан сәлем» толғауын орындады. «Мұрагер» ансамблі де ұлттық музыкамен көпшілік көңілін серпілтті.

Көрермендер атақты Болат Хамзиннің, Бақытжан Байқадамовтың, олардың ізін жалғаған Бақытжан Сәуекеновтің, Қалибек Деріпсалдин мен Алтынбай Сейітқасымовтың әндерін өнерпаздармен қосыла шырқап отырды. Өнер көрсеткендер қатарында Гүлнар Үсенова, Отаркүл Мұқатова, Амангелді Досжанов, Қажымұрат Баймусин, Ботагөз Дүбірбаева, Оразбек Ғалымов, Азамат Мұқатов, Гүлзат Хамзина, Әсел Іргебайқызы, Асхат Шыңғысов, Дидар Ыбыраева сынды әншілер болды.

Өнер кешін тамашалауға Астанадан ақын Серік Тұрғынбекұлы мен композитор Алтынбай Сейітқасымов келді.
IMG_1389

IMG_1392

IMG_1450

IMG_1468

IMG_1463

Аслан ЖАҚСЫЛЫҚҰЛЫ

Суреттерді түсірген автор

 

Мынаны да қараңыз

Қапеш ӘЛИҰЛЫ. АҚСУАТ-9

Дәулеттібике Осыдан бұрын көптеген ғасырлар мен жылдар өтіп елде тоқтық, уайым-қайғысыз күндері өтіп жатты. Елдің ...