Теңге нығайып жатыр

KASE қор биржасының күндізгі сессиясының қорытындысы бойынша ұлттық валюта долларына 332,46 теңгеге тең болып, айтарлықтай нығайды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Еске салайық, таңғы сессияда ұлттық валютаның бағамы 333,26 теңгеге тең болған еді.

21 желтоқсандағы күндізгі саудада бірінші келісім 332,2 теңге көрсеткішімен жасалды. Максималдық құны 333,1 теңге болып тіркелді. Минималдық құны 332 теңгені құрады. Сауданың жалпы көлемі 64,95 миллион долларға жетті. Kurs.kz мәліметінше, доллар айырбас орындарында 332,7-333,7 теңге аралығында сатылып жатыр.

Тенгриньюс

Мынаны да қараңыз

Торғайлық дәрігер Президент қолынан «Құрмет» орденін алды

Президент Жарлығымен отандық медицинаны дамытуға қосқан елеулі үлесі және халық денсаулығын сақтаудағы көпжылдық қажырлы еңбегі ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *