Қостанай аэропортында жаңа бағыттарға әуе рейстері ашылады

Елбасының Қазақстан халқына Жолдауын талқылауға арналған актив жиналысында облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Бақытбек Есенғұлов Қостанай әуежайында жаңа рейстер ашылатынын мәлімдеді деп хабарлайды tobyl-torgai.kz.

«Қостанай әуежайының ұшып-қону жолағын жөндеу (2018 жылға есептелгені – 4,6 млрд теңге) туралы ерекше тоқталғым келіп тұр. Жөндеу жұмыстарының сәтті аяқталуы айлақта жаңа бағыттар ашуға мүмкіндік береді. Мысалы, Қостанай-Ганновер бағытында жазда ғана емес, қыста да ұшуға Air Astana компаниясымен келіссөз жүргізіп жатырмыз. Бұл өте танымал бағыттардың бірі», — деп атап өтті Бақытбек Есенғұлов.

Одан бөлек, басқарма басшысының айтуынша, SCAT Airlines әуе компаниясымен келісім нәтижесінде Шымкент-Қостанай-Екатеринбург маршруты ашылуы тиіс. Болашақта Ақтөбе мен Атырауға да төте рейстер ұшырылады.

«Жолаушылар тасымалы артқанын айтпағанда, біздің әуежай көлемді жүк бортттарын қабылдай алатын мүмкіндікке ие болады», — деді Бақытбек Есенғұлов.

 

Мынаны да қараңыз

Қостанай облысында әкім асылып қалған

Қостанай облысындағы Пресногорковский ауылдық округінің әкімі Тастемір Тұрсынбаев асылып өлген күйінде табылды, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. ...