Торғайлық ананың арманы

 

Жанкелдин ауданында полиция бөлімінің ағымдағы жылдың алты ай ішіндегі жұмысының қорытындысы бойынша жедел кеңес өтті. Оған Қостанай облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Ардақ Ынтықбаев қатысты.

Мәжілісте екі мәселе қаралды: ол торғайлық тәртіп сақшылардың жарты жылда атқарған жұмыс қорытындысы және полицияның тәртібі, заңдылығы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету жағдайы. Аталған мәселелер бойынша аудандық полиция бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Талғат Сәбитұлы баяндады.

Бұдан соң ПД бастығының орынбасары Ардақ Ынтықбаев тұрғындармен кездесіп, жеке қабылдау өткізді. Полковниктің қабылдауына ауыл азаматтары көптеп жүгінді, солардың бірі – Зибагүл Каримова. Ақ жаулықты ананың өтініші тым ерек. Зибагүл апамыздың айтуынша, ауылдағы қара шаңырақта жолдасы екеуі ғана тұрады, балалары қалада еңбек етеді. Жас ұлғайған сайын ауылды жердің күйбең тіршілігі бұл кісілерге қиынға соғуда. Сол себепті, Нұр-сұлтан қаласының Полиция департаментінде жұмыс істейтін Жанатберген Қасымхановты Жанкелдин ауданының полиция бөліміне ауыстыруды сұрайды.

Бұл мәселеге Ардақ Қабыкенұлы Қостанай обылсының полиция департаменті оңтайлы шешім қабылдауға әзір екендігін жеткізді, Жанкелдин ауданы полиция бөлімінде бүгінгі күні бос жұмыс орны бар. Тек Нұр-Сұлтан қаласының департаменті Жанатбергенді жібергісі жоқ. Алдағы уақытта айтулы мәселе оң шешімін табуы тиіс.

Бұдан соң Ардақ Ынтықбаев Қостанай облысы жастарының «Алтын кітабына» есімі енген жанкелдиндік полицей Нұрбол Дүйсенбайұлын аталмыш жеңісімен құттықтап, естелік кітабын тарту етті.

Сондай-ақ,  Қостанай тәртіп сақшылары Жанкелдин аудандық полиция бөлімінде қызметін атқара жүріп денсаулығына байланысты өмірден озған Махмутов Абайдың жолдасы Жаңагүл Омаровамен, марқұмның балаларына сыйлықтар табыс етті.

 

Кенже Қонысбай, Қостанай облысы ПД баспасөз қызметі.   

Мынаны да қараңыз

Азаматтардың құқығы бәрінен биік тұруы керек

«Әділдік және өркендеу» қоғамдық қорының жергілікті өкілдері Қостанай облыстық ардагерлер кеңесі басшылығымен кездесті. Кеңес төрағасы ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *