Қостанайда «Рухани жаңғыру» мәселелері бойынша семинар өтті

Ағымдағы жылғы 11 қазанда Қостанай қаласында  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жолдауын, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын және басқа да стратегиялық құжаттарды іске асыру шеңберінде қоғамдық-саяси іс-шараларды сапалы идеологиялық ілгерілетуді ұйымдастыру мақсатында «Сындарлы диалог — қазақстандық қоғамның эволюциялық дамуының негізі» атты семинар өткен болатын.

Семинар жұмысына Қостанай облыстық басқармаларының, аудан әкімдерінің орынбасарлары және облыс қалалары мен аудандары әкімдіктерінің ішкі саясат бөлімдерінің басшылары, қоғамдық пікір көшбасшылары, саяси партиялардың өкілдері мен МЕҰ жетекшілері, этномәдени бірлестіктер төрағалары мен жоғары оқу орындары басшылары, сондай-ақ, БАҚ өкілдері қатысты. Семинар жұмысын Қостанай облыстық Ішкі саясат басқармасының басшысы Зәуре Әнуарбекқызы Байменова жүргізіп отырды.

Семинарға Нұр-Сұлтан қаласынан қонақтар — Саиров Ерлан Бияхметұлы (Еуразиялық интеграция институтының директоры, ҚР Президенті жанындағы Қоғамдық сенім Ұлттық Кеңесінің мүшесі, саяси ғылымдар кандидаты) және Сыдықназаров Мұхит-Ардагер Қаржаубайұлы (Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ заманауи зерттеулер институтының директоры, филология ғылымдарының кандидаты, саясаттану докторы) арнайы шақырылған еді, аталған спикерлер өз сөздерінде елдегі саяси өзгерістерге тоқталып, экономикалық теңсіздікті жою, әлеуметтік мәселелерді шешу, ана тіліміздің болашағы, қоғамдағы келеңсіз жайттардың алдын алу сияқты әртүрлі тақырыптарды қозғап, ойларымен бөлісті.

Сәйкесінше, өңірімізден Ө. Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты Вишниченко Валерий Георгиевич пен А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ «Рухани жаңғыру жобалық офисінің жетекшісі, профессор, филология ғылымдарының докторы Әбсадық Алмасбек Ахметұлы да талқылаудан шет қалмай, Қостанай облысы бойынша қоғамдағы, өңірдегі өзгерістер, азаматтар мен мемлекеттің арасындағы байланыс, «Рухани жаңғыру», «Туған жер» бағдарламалары мен аймағымыздағы туризм тақырыбын қозғады.

Бұл ретте, өңір басшысы Архимед Бегежанұлы Мұхамбетов мемлекеттік бағдарламаларға, олардың орындалуына айрықша деп қойып отырғанын айрықша атап өтуіміз керек.

Тобыл-Торғай ақпарат

Мынаны да қараңыз

Құмар Ақсақалов ертең Федоров ауданына жұмыс сапарымен барады

Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Федоров ауданына жұмыс сапарымен барады, деп хабарлайды tobyl-torgai.kz. Сапар барысында ...