16.01.2020

Футболдан Қазақстан суперкубогы Қостанайда өтеді

Футболдан Қазақстан суперкубогы Қостанай қаласында өткізіледі деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Естеріңізге сала кетелік, биылғы футбол маусымы 29 ақпанда өтетін суперкубок ойынымен басталады. Бұл бәсекеде былтыр чемпион атанған елордалық «Астана» мен Қазақстан кубогына қол жеткізген Қызылорданың «Қайсар» командалары кездеседі. Матч Қостанай қаласындағы «Тобыл Арена» манежінде өтеді. Сондай-ақ 2020 жылғы Премьер-лига командалары арасындағы ойын күнтізбесі жасалды. Алғашқы тур 7 наурызда өткізіледі. Бұл ...

Толығырақ »

Қостанай облысына биыл 1700-ге жуық адам қоныс аударады

Биыл Қостанай облысына 1700-ге жуық адам көшіп келеді. Олармен әлеуметтік келісімшарттар жасалады деп хабарлайды ҚазАқпарат. Облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметіне сүйенсек, биыл Қостанай облысында еңбек ресурстарын оңтайландыруды көздейтін өңірлік квотаға 1651 адам іліккен. Оның ішінде 1 мыңнан астамы қоныс аударушы, «Серпін» әлеуметтік бағдарламасының 36 түлегі және шет елден оралған 350 қандасымыз бар. «Қостанайға қоныс аударушылардың дені ...

Толығырақ »

Қостанай облысында көктайғақ болады

Қостанай облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды. Бұл туралы «Қазгидромет» өкілдері хабарлады. «17 қаңтарда Қостанай облысында бұрқасын күтіледі. Кей жерлерінде тұман, көктайғақ, тұман, таңертең және күндіз күшті қар жауады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, жылдамдығы 23-28 м/с. Ал Қостанай қаласында 17 қаңтарда бұрқасын, көктайғақ, оңтүстік-батыстан жел тұрып, күші 15-20 м/с жетуі ықтимал» делінген хабарламада.      

Толығырақ »