03.07.2020

«Елбасы және Ұлттық ұлан» кітабының тұсауы кесілді

Бүгін Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Орталық музейінде «Елбасы және Ұлттық ұлан» кітабының онлайн тұсаукесері өтті. Бұл туынды еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың мерейтойына және Астана күні мерекесіне  орай жарыққа шықты деп хабарлайды tobyl-torgai.kz ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Кітапта Елбасының Қазақстанның құқықтық тәртіп әскерінің қалыптасуы мен дамуына қосқан ерекше рөлі туралы айтылады. Тұсаукесер эпидемиологиялық талаптарды сақтау арқылы ...

Толығырақ »

Арқалықта «Домбыра» композициясы пайда болды

Қостанай облысының Арқалық қаласында «Домбыра» композициясының ашылу рәсімі өтті деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасаған tobyl-torgai.kz. Бұл жоба «Рухани қазына» бағдарламасын іске асыру шеңберінде қолға алынды. Мүсіннің биіктігі – 3 метр, тұғыры – 70 см. Қаңқасы темірден жасалып, сырты синтетикалық материалмен қапталған. Құны 950 мың теңге болатын мүсіннің авторы Амангелді ауданының жас кәсіпкері Жасұлан Нұрбаев. Мүсіннің лентасын қию құрметі мәдениет қайраткерлері ...

Толығырақ »